Оқу бағдарламасы
|
Н 3-1.1.31-2022
1 баспа 02.02.2022
|
|
«М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
БЕКІТЕМІН
|
|
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма
Төрағасы – Ректоры
________________ Ешенқұлов Т.І.
|
/қолы/ /аты-жөні/
|
«______»_____________20 ______ ж.
|
|
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Табиғи ресурстар географиясы және гидрология»
(пәннің аты және коды)
6В05214-«География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі»
(білім беру бағдарламасының атауы және коды)
_______5________
(кредит саны ECTS)
Тараз 2022 ж.
1. ҚҰРАСТЫРЫЛЫП ҰСЫНЫЛҒАН
«Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Елубаева Г.А.
2. ПІКІР БЕРУШІ (ЛЕР)
1. Айтекова Қ.Ө. Халықаралық Тараз инновациялық институты «Биология, ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент м.а
2. Бахтыбекова Ш.М. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының доценті, п.ғ.к.
3. БЕКІТІЛІП, ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
«____»______________20____ж. №____
4. Оқу бағдарламасы «Тарих және география» кафедрасының мәжілісінде қаралған және 6В05214-«География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін оқу үрдісінде қолдануға ұсынылған.
«____»______________20____ж. №____ Хаттама
5. Оқу бағдарламасы «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің сапаны қамтамасыз ету комиссиясында қаралған және бекітуге ұсынылған.
«____»______________20____ж. №____ Хаттама
6. Оқу бағдарламасы университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралған және бекітуге ұсынылған.
«____»______________20____ж. №____ Хаттама
АЛҒЫ СӨЗ
«Табиғи ресурстар географиясы және гидрология» пәні табиғат ресурстарының теориялық мәселелері, оның салалық түрлері мен орналасу ерекшеліктері, әсер етуші факторлар мен оларды қорғау мәселелерін зерттейді.
Табиғат ресурстарын зерттеу және пайдалану көп қырлы кешенді проблема болып табылатындықтан, ««Табиғи ресурстар географиясы және гидрологияның» ғылыми міндеттерін шешу барысында оның тек география ғылымдарының бүкіл жүйесімен ғана емес, басқа да қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен (салалық экономикалармен, геологиямен және т.б.) тығыз байланыстарын ескеру қажет.
Қазіргі таңда осы ресурстар түрлері белгілі бір жүйеге байланысты жіктелінеді. Ал табиғат ресурстары өз кезегінде географияның келесі - физикалық және экономикалық бағыттағы салаларында қарастырылады. Бірақ физикалық және экономикалық география курстарының мазмұндарында табиғат ресурстары жан-жақты сипатталмаған, әрі мәліметтер толықтай қамтылмаған күйде, тек оларға жалпыма шолу ғана жасалған. Адамзат қоғамының өмiрiнде табиғат байлықтарының алатын орны өлшеусiз. Дүниежүзi қауымдастығының жалпы дамып қалыптасуы, оның жаратылыспен және географиялық ортамен үздiксiз әрекеттесiп келе жатқан тарихи-қоғамдық процесс екендiгiнiң дәлелi. “Табиғат пен қоғам” – бiртұтас бұзылмайтын жүйе. Олардың арасындағы өзара байланыс барған сайын белсендi түрде жүруде және табиғаттағы антропогендiк ықпал күшейе түсiп, оны үнемi өзгерту үстiнде. Оған мысал ретiнде, адамның табиғат ресурстарын осы кезге дейiн жыртқыштықпен пайдалануын атауымызға болады. Қазiргi кезде оның әсерінен көптеген ғаламдық проблемалар туындап, әсiресе қоршаған ортаның экологиялық мәселесi аса ушыққан күйде қалуда.
«Табиғи ресурстар географиясы және гидрология» курсы бүкіләлемдік деңгейде Қазақстанның қатысуымен қарастырылады. Жалпы курстың мазмұнында – жер бедері мен геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты қазіргі пайдалы қазбалардың қалыптасу жағдайы талданумен және негізгі экономикаға ықпал тигізетін кен байлықтары анықталумен, әрі оларды ұтымды пайдалану мәселелері баяндалумен қатар, қоршаған орта жағдайы да қозғала отырып, табиғат ресурстарын игерудің және өндірудің тиімді жолдары мен аспектілері де қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |