1. Сабақ тақырыбы төңірегінде терең білім алу



Pdf көрінісі
Дата14.10.2023
өлшемі114,75 Kb.
#114317


«Сейфуллин оқулары – 18: « Жастар және ғылым – болашаққа көзқарас» халықаралық
ғылыми -практикалық конференция материалдары = Материалы международной научно-
практической конференции «Сейфуллинские чтения – 18: « Молодежь и наука – взгляд в
будущее» - 2022.- Т.I, Ч.IV. - Б. 100-103
ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Кенесова А., 1 курс магистранты 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.
Қазіргі кезде оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде педагогикалық 
технологиялардың сан алуан түрі қолданылады, солардың бірі өзектілігі мен 
тиімділігін жоғалтпаған топтық оқыту технологиясы. Осы технология 
төңірегінде көптеген әдіс-тәсілдер шығарылуда, алайда сол топтық 
жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің іс-әрекеті әлі де толыққанды 
зерттеуді талап етеді. 
Топтық жұмыс технологиясын сабақ үдерісінде қолданудың бірнеше 
артықшылықтары бар:
1. Сабақ тақырыбы төңірегінде терең білім алу.
2. Бәсекелестік, көшбасшылық, шығармашылық секілді қабілеттердің 
қалыптасуы.
3. Оқушылардың оқу үлгерімінің жақсаруы.
4. Сабаққа қызығушылықтың оянуы.
5. Оқушының тәуелсіз жұмыстану дағдысының қалыптасуы.
6. Берілген топтық тапсырманы немесе проблемалық сұрақты шешуде сыни 
ойлау дағдысының дамуы [1].
Топтық оқытудың қазіргі таңдағы маңыздылығы мен өзектілігіне қарамастан,
оның теріс тұстарын да байқауға болады:
1. Шағын топтарда жұмыстанатын оқушылардың мүмкіндіктерін жеткіліксіз 
бағалау;
2. Топтық оқытуда сыныптағы барлық оқушылардың сабаққа қатысу 
деңгейін бағалаудың қиындығы;
3. Бірігіп оқыту үдерісінде оқушылардың шамадан тыс шулауы [2].
Топқа бөлінген оқушылардың тапсырманы орындауда бірдей деңгейде 
белсенділік танытуын бақылау қиындық туғызады. Оқушылардың барлығы 
бірдей емес, әрқайсысының өзіне тән міңезі, темпераменті болады, бірі 
көшбасшылық қасиеті арқылы топты басқарса, ал екіншісі бәсекелестік 
қасиеті арқылы өзгелермен жарысқа түседі, ал енді бірі тұйық міңезді болып, 
өзгелермен қарым-қатынасқа көп түспеуі де мүмкін [3,4]. Сонымен қоса, 
сыныптастарының арасында танымалдылыққа ие, сабақ үлгерімі озық 
оқушылар топта жақсы белсенділік көрсетеді және өзгелерге ықпалын 
көбірек тигізе алады, ал керісінше, осы берілген критерийге сай келмейтін 
оқушылар топта аз сөйлейді, ұсыныстарды аз айтып, пікірімен сирек 
бөліседі. Кохен және Лотан есімді ғалымдар, бұл мәселенің шешімі ретінде 


өзіндік ұсыныстарын білдірген болатын, ең алдымен, мұғалім топтағы әр 
оқушыны мұқият қадағалағаны абзал, соның ішінде тұйық оқушыларды. 
Мұғалім берілген топтық тапсырманы орындауда көптеген қабілеттің 
қажеттігін жиі айтып отыруы керек (көпке мәлім, тек бір оқушының бойынан
барлық қажетті қабілетті табу қиынға соғады), оған қоса, “бірігіп көтерген 
жүк жеңіл”- демекші, топқа берілген әр тапсырма бірлікпен шешілуі 
қажеттігін де айтқан абзал. Тапсырма соңында жақсы көрсеткіш көрсетіп, 
белсенді болған оқушыларды мақтап қана қоймай, өзге оқушылардың да 
ерекше қабілетін айтып, басқалардың алдында жиі мақтаңыз [5].
Топ болып біріккен жерде келіспеушіліктердің болуы ғажап емес. Мұндай 
жағдай туындағанда оқушылар берілген тапсырманы ұмытып, туындаған 
кикілжіңді шешуге ұмтылуы мүмкін, бұл өз кезегінде топтық жұмыстың 
уақытын алады. Келіспеушіліктің туындауына себеп болатын жағдайлардың 
бірі, ол дөрекі қарым-қатынастың болуы. Мәселен, егер де оқушы өзгенің 
айтқан пікірімен келіспейтін болса, онда “сенің пікірің қате” деп айту 
дөрекілік болып саналады, оның орнына “Менің ойым өзгеше”, “Мен 
басқаша ойлаймын”, “Бірге ойланып, бір шешімге келейік” деген секілді 
жауаптар арадағы түсініспеушіліктердің алдын алады. Ал, бұл ережелермен 
оқушылар топтық жұмыстың алдында танысқаны абзал [6,7]. Оқушыларды 
топтық жұмысқа дайындау өте маңызды. Топтық жұмысты бастаудың 
алдында мұғалім топта қалай жұмыстану керектігін, қандай ережелерді 
ұстану қажеттігі мен оқушылардан не талап етілетіндігін нақты көрсеткені 
абзал. Мәселен, топтық жұмыстың маңызды ережелерінің қатарына: топта 
белсенділік танытып, өзгелерді мұқият тыңдау, өзгенің ұсынысы мен ой-
пікіріне конструктивті баға беріп, топтық жұмысты дұрыс бағалауды 
жатқызуға болады [8,9]. Кейбір әлеуметтік психологтардың пайымдауынша, 
топ мүшелері топтағы қарым-қатынас туралы талқылап, топтық жұмысты 
дамытуда ұсыныстарын ортаға салғаны дұрыс. Себебі, сол арқылы оқушылар
топта туындаған мәселелерді шешуге, келесіде оны болдырмауға тырысады 
[10].
Мұғалім топтағы әр оқушыға рөл беру арқылы топтық жұмыстың тиімділігін 
арттыра алады. Мәселен, топтың көшбасшысы, ол алынған материалды 
қорытындылайды, топтағы жұмысты қадағалайды. Топтың белсенді 
тыңдаушысы топтағы әр оқушының ойын тыңдап, жинаған мәліметтерін 
саралап, қате тұстарын дұрыстайды. Келесідей рөлдерді топқа ұсынуға 
болады:
1. Лидер (ұйымдастырушы-басқарушы)
2. Оппонент (қарсылас)
3. Лидердің көмекшісі (атқарушы)
4. Күмәншіл адам (баға беруші-бақылаушы) [2].
Топ мүшелеріне рөлді бөлу мұғалімнің тікелей қатысумен немесе 
оқушылардың таңдауымен жүзеге асырылады. Өзара жұптық оқыту 
барысында сабаққа үлгерімі жақсы оқушы мен үлгерімі нашар оқушыны 
бірге отырғызған абзал. Бұл тұста үлгерімі жақсы деңгейдегі оқушы мұғалім 
рөлінде болуы шарт, сол кезде ғана үлгерімі нашар оқушы сабақта түсінбей 


қалған тұстарын мұғалім рөліндегі оқушыдан сұрақ қою арқылы сұрап, оқу 
деңгейін көтере алады, ал өз кезегінде мықты оқушы өзгені оқыту арқылы 
тақырыпты тереңірек түсінеді. Оқу үлгерімі әлсіз оқушылар сабақта 
тақырыптың түсінбеген тұстарын мұғалімнен сұрауға қысылуы әбден 
мүмкін, ал сыныптасымен бірге жұмыстанатын болса, сабаққа 
қызығушылығы артып, тақырыпты жақсы деңгейде меңгеруге мүмкіндік 
алады. Осындай өзара көмек пен қолдау көрсету мақсатында 
ұйымдастырылатын жұптық жұмыс топтық оқытудың тиімділігін сөзсіз 
арттырады [11]. 
Сабақ үдерісінде топтық жұмысты ұйымдастыруда топтың маңызды екі түрін
ажыратып көрсетуге болады. Олар:
- Гомогенді топ (зияткерлік даму деңгейі бірдей дәрежедегі оқушылардан 
тұрады). 
- Гетерогенді топ (білім деңгейі жоғары және төмен оқушылардан тұрады). 
Тұлғааралық қатынас пен зияткерлік тәжірибенің әртүрлілігі тұлғаның 
дамуында маңызды рөл атқарады. Сол себепті, оқушы әр түрлі топтарда 
жұмыстанудан тәжірибе алғаны дұрыс. Бұл тұста оқушының гомогенді және 
гетерогенді топтарда жұмыстанып көргені жөн болады. Сабақтың мақсатына 
және міндеттеріне қарай топтың бір түрін таңдауға болады. Егер де, оқу 
бағдарламасы бойынша сабақтың тақырыбы күрделі болса, онда 
оқушыларды гетерогенді топтарға жіктеген дұрыс, сол арқылы оқушылар 
бір-біріне көмектесе алады және тақырып жақсы деңгейде меңгеріледі. Ал 
егер, оқу материалы игерілуге жеңіл болатын болса, оқушыларды гомогенді 
топтарға бөлуге болады. Сабақ үлгерімі төмен және орташа деңгейдегі 
оқушылардан тұратын топтарға сабақтың мақсатына сәйкес тапсырмаларды 
беріп, кітаптағы ақпаратпен танысуды ұсынуға болады. Ал, білімі жоғары 
деңгейдегі оқушылардан тұратын топтарға зерттеушілік дағдыны 
қалыптастыратын қиын тапсырмаларды ұсынуға болады. Ақпараттармен 
алмасу сатысында мықты топтар кітаптағы ақпаратпен танысады, ал әлсіз 
топтар өзге мықты топтарды тыңдау арқылы тақырыпты тереңдей зерттеуге 
ынталанады. 
В.В. Пасечниктің және тағы басқа ғалымдардың зерттеулері бойынша 
оқушылардың жеке-топтық іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру оқу-тәрбиелік
істің нәтижелілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қоса оқу материалын 
меңгерудің тиімділігі артады. Жеке-топтық оқу нәтижесінде оқушының білім
алуға қажеттілігі артып, тәуелсіз жұмыстануды үйренеді, сабаққа 
жауапкершілікпен қарай бастайды және өзара бәсекелестік дамиды. 
Оқытудың бұл формасы арқылы мұғалім сан түрлі әдіс-тәсілдерді, оқыту 
құралдарын пайдалануға мүмкіндік алады. В.В. Пасечниктің пайымдауынша,
әр топтың құрамы гомогенді болуы шарт. Соның нәтижесінде, оқушылар 
тәуелсіз жұмыстана алады, топтың белсенділігі артады. Ең бастысы, 
гомогенді топтың әр мүшесі берілген жұмысты орындауда ортақ нәтижеге 
қол жеткізуге бірдей қызығушылық танытулары қажет. Жеке-топтық 
жұмысты ұйымдастыруда мұғалімнің қатаң қадағалауы өте маңызды, топтық 


жұмыстың алдында мұғалім жазбаша немесе ауызша нұсқаулар ұсынғаны 
абзал [12,13]. 
Келесі айта кететін маңызды жайт, ол топтық жұмысты тиімді 
ұйымдастырудың критерийлері. Төменде ұсынылған критерийлерге сүйене 
отырып, топтық жұмысты ұйымдастыруда жақсы көрсеткіштер көрсетуге 
болады.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың критерийлері:
1) Ең алдымен, топтың көлемін анықтау маңызды. Топтағы оқушылардың 
саны міндетті түрде бестен аз болуы керек. Оқушының саны аз болған сайын,
топтық жұмыстың тиімділігі сәйкесінше артады. Көп жағдайда тиімді топ 
көлемі 3-5 оқушыдан тұрады. 
2) Мұғалім оқушыларды топқа өзі бөлген жағдайда, бұл топтық жұмысты 
жақсы нәтижеге алып келеді. Оқушының қызығушылығына байланысты 
бөлінген топтың тиімділігі салыстырмалы түрде төмен болады. 
3) Топтық жұмысты бастар алдында мұғалім топта жұмыстану ережелерін, 
берілген тапсырманы, тапсырманың мақсаты мен орындау реттілігін, 
сонымен қатар топты бағалау критерийлерін түсіндіріп кетуі қажет. Сонымен
қоса, топтық жұмыстың нақты реттілігі көрсетілген нұсқаулықтың болғаны 
да дұрыс.
4) Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топтың әр мүшесіне 
рөлді бөліп, міндеттерін айқындап кету маңызды. Ортақ бір мақсатқа жету 
үшін міндеттерді топта бөліп алу топтық жұмыста пайдалы болып саналады.
5) Топтық жұмыс соңында өзіндік бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің 
бағалауын ұйымдастыруға болады. Бұл бағалау топта жіберілген қателіктерді
келесіде қайталамауға мүмкіндік береді. Бұл тұста оқушылар топтық жұмыс 
туралы өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айта алады [14,15].
Қорытындылай келе, сабақ барысында топтық жұмыс технологиясын 
қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында ең алдымен, топта туындайтын 
мәселелердің шешу жолдарын қарастырған жөн. Мәселенің бірқатары: 
топтық оқытуда оқушылардың сабаққа қатысу деңгейінің бірдей болмауы; 
топта туындайтын түсініспеушіліктердің топтық жұмысқа кері әсерін тигізуі. 
Міне, осы өзекті деп саналған мәселелерді шешу мақсатында бірқатар 
ұсыныстар көрсетілді: біріншіден, оқушылардың барлығын мақтап-мадақтау 
арқылы сабаққа ынталандыру, соның ішінде сабақ үлгерімі төмен оқушыға 
көбірек қолдау көрсету; екіншіден, топтық жұмыстың алдында оқушыларды 
топтық ережелермен, тапсырманы орындауда берілген нұсқаулықпен, 
тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен және бағалау 
критерийлерімен таныстыру, сол арқылы топта пайда болуы мүмкін 
қиындықтардың, түсініспеушіліктердің алдын алу; үшіншіден топтың 
гомогенді және гетерогенді түрлерін тиімді пайдаланып, топта ұсынылатын 
рөлдерді дұрыс бөлу, соның нәтижесінде әр оқушы бірнеше топтарда 
жұмыстануды үйреніп қана қоймайды, оның үстіне көптеген рөлдерді ойнау 
арқылы сыни ойлау дағдысын дамытып, шығармашылық әлеуетін 
қалыптастырады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Хохлова Ю.Ю. Групповые технологии обучения как средство повышения 
познавательной активности и коммуникативной компетенции учащихся // 
Образование и общество: Открытая перспектива. – 2019. – С. 190-193.
2. Сафиуллина, Э.В. Использование групповых методов обучения на 
уроках // Инновационные педагогические технологии: материалы I 
Междунар. науч. конф. (г. Казань, октябрь 2014г.). – Казань: Бук, 2014. – С. 
8-11.
3. Kumpulainen, K., & Kaartinen, S. (2004). ‘You can see it as you wish!’ 
Negotiating a shared understanding in collaborative problem solving dyads. In K. 
Littleon, D. Miell, & D. Faulkner (Eds.), Learning to collaborate, collaborating to 
learn (pp. 67–94). Hauppauge, NY: Nova Science Publishers, Inc. 
4. Barron, B. (2003). When smart groups fail. The Journal of the Learning 
Sciences, 12, 307–359.
5. Cohen, E. G., & Lotan, R. A. (Eds.) (1997). Working for equity in 
heterogeneous classrooms: Sociological theory in practice. New York, NY: 
Teachers College Press.
6. Webb, N. M., Nemer, K. M., & Zuniga, S. (2002). Short circuits or 
superconductors? Effects of group composition on high-achieving students’ 
science performance. American Educational Research Journal, 39, 943–989.
7. Chiu, M. M., & Khoo, L. (2003). Rudeness and status effects during group 
problem solving: Do they bias evaluations and reduce the likelihood of correct 
solutions? Journal of Educational Psychology, 95, 506–523.
8. Wegerif, R., Linares, J. P., Rojas-Drummond, S., Mercer, N., & Ve´lez, M. 
(2005). Thinking together in the UK and Mexico: Transfer of an educational 
innovation. Journal of Classroom Interaction, 40, 40–48.
9. Rojas-Drummond, S., Pe´rez, V., Ve´lez, M., Go´mez, L., & Mendoza, A. 
(2003). Talking for reasoning among Mexican primary school children. Learning 
and Instruction, 13, 653–670.
10. Gillies, R. M. (2007). Cooperative learning. Los Angeles, CA: Sage 
Publications.
11. Rini, J. E. (2014). Learning With and From Peers. Special Issue on Bonding.
12. Пасечник В.В. Организация учебно-познавательной деятельности 
учащихся на уроках биологии // Биология в школе. – 2014. – №10. – С. 21–26.
13. Пасечник В.В. Биология: методика индивидуально-групповой 
деятельности: учебное пособие для общеобразоват. организаций. – М.: 
Просвещение, 2016. – 109 с. 
14. Tony Mellor. Group work assessment: some key considerations in developing 
good practice // Planet, 2012. – №25. – 18 p.
15. Alison Burke. Group work: How to use groups effectively // The journal of 
effective teaching, 2011. – №v11 n2. – 87-95 p.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет