Байланысты: Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланбау салдары адамзат үшін қаншалықты қауіпті
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланбау салдары адамзат үшін қаншалықты қауіпті? Табиғат-бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Адамның табиғатпен әрекеті оның өзгеруіне әкелетіні айтпаса да белгілі. Алайда, қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып отырған жоқпыз. Ал, бұл іс-әрекет адам баласы үшін қаншалықты қауіпті?
Осы сұрақтың жауабы ретінде өз ойымды жазар болсам, табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы бүгінгі таңда – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. . Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ал, адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Осы орайда, Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады. Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Қазіргі таңда, мұнай секілді табиғи ресурстарды шет мемлекетке толассыз экспорттап жатырмыз. Демек, оның да күндердің күнінде таусылатыны хақ. Оған дәлел: Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін төмендеуде. Осы мәселе таяу арада Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да болжануда. Соңғы он жылдықта Шығыс Қазақстандағы моноқалаларға жақын орналасқан – Шемонаиха, Юбилейно-Снегирихинское, Зыряновское ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып, жабылды.. Еліміз “Бұл жағдайда нестейміз?” –деген сұраққа бей-жай қарап отырғаны тағы рас. Әрине, мұның бәрі адамзаттың табиғат ресурстарын тиімді пайдаланбау салдарынан. Біздің күнделікті күйбен тіршілігі осы ресурстардың сарқылу, сарқылмауына тікелей байланысты екен. Нақтырақ айтып кетсем, жұмысқа жаяу қатынаймыз ба, әлде автөкөлікпен барамыз ба? Бір рет қолданатын пластик пакет сатып аламыз ба әлде дүкенге өзіміздің қол дорбамызды алып барамыз ба? Табиғи өнім жейміз бе әлде жартылай фабиркаттар қолданамыз ба? Осыдан-ақ табиғи ресурстардың қоры бізге байланысты екенін аңғарамыз. Ал, еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті.Жоғары да келтірген мысалдардан бізге қаншалықты қауіпті екенін де пайымдай беріңіз.
Қорыта келгенде, қолда бар алтынды қадірлей білейік!