1 семинарлық сабақтың тақырыбы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі102,77 Kb.
#16997
түріСеминар
  1   2   3   4

1 семинарлық сабақтың тақырыбы

1.1. Электростатика. Кулон заңы.

2. Өрістің кернеулігі мен потенциалы.

1.2 Электростатикалық өріс энергиясы.

1.3 Ток күшін өлшеу


Электростатика — физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы.

Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Электрстатиканың негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы – потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.

Электростатика күнделікті өмірде бізге көбірек таныс,көруге және сезуге мүмкіндік беретін зарядтардың әсер ету құбылысы. Олардың кейбір мысалдары:


  • Көшіру машиналары және лазерлік принтерлер.

  • Дефибриллятор, зарядталған электродтар арқылы берілетін жоғарғы кернеудің көмегімен жүрек соғысын қалыпқа келтіру үшін қолданылады.

  • Отын жанған кезде пайда болатын түтіннің бөлшектерін сүзіп алып жою үшін,шаңды ұстап қалу үшін электрофильтрлерді пайдаланады.

  • Автомобильдерді электростатикалық күшті пайдалану арқылы бояуға болады. Оң зарядталған бояуды шашырататын заттар бояудың молекулаларын бір-бірінен тебілуге мәжбүрлейді, сол себепті бояу бірқалыпты жайылады. Автомобильдердің корпусы теріс зарядқа ие болғандықтан бояу оған тартылады.

  • Пештерге арналған электростатикалық фильтрлерде ауаның құрамын шаңның бөлшектерінен тазарту үшін электростатикалық күш пайдаланылады.[1]



Шарль Огустен Кулон (1736-1806) – Электр және магнетизм тәжірибелерімен танымал француз физигі. Оның ең басты жетістігі денелердің өзара әсерлесу күшін өлшейтін құрал – иірілмелі таразыны ойлап тапты.



Өлшемдері электрленген шардың өлшемдерімен бірдей, заряды жоқ үшінші шардың көмегімен Кулон алдыңғысының зарядын тең екіге бөлді. Осылайша, Кулон тәжірбиесін қорыта келе, шарлардың өзара әрекеттесу күшін анықтады. Бұл күшті Кулондық деп атады.

Арақашықтығымен салыстырғанда өлшемі кішкентай зарядталған денелер үшін Кулон заңы жүзеге асатынын көреміз. Мұндай денелерді нүктелік зарядтар деп атайды. Дәптерлеріне анықтаманы жазып алыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет