Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы №10 Педагогикалық жобалау көп функциялы бб қызметінің ерекше түрі ретінде



Pdf көрінісі
Дата17.11.2022
өлшемі216,1 Kb.
#50847
түріСеминар


Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы №10 Педагогикалық жобалау көп 
функциялы бб қызметінің ерекше түрі ретінде. 
 
Практикалық (семинарлық) сабақтың мақсаты мен міндеттері: 
еліміздегі инклюзивті 
оқытуды жүзеге асыру жағдайымен және мемлекеттік бағдарлама бойынша инклюзивті білім 
берудің мазмұнымен және инновациялық жолдарымен таныстыру

Практикалық сабақтың мазмұны: 
Қазақстан Республикасында инклюзивті оқытудың жүзеге асу жағдайы. Елімізде инклюзивті білім 
беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-
қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап 
көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер 
айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім 
берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беру 70%-ға 
ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 
жалпы санының 50%-н құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. 
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: 
объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде. 
 
Оқытудың техникалық құралдары: диопроектор, интерактивті тақта 
Оқытудың әдістері мен түрлері: Дөңгелек үстел, “Үлкен шеңбер”, « Аквариум» әдісі, 
«Пікірталас» әдісі, “Миға шабуыл” әдісі, “Іскерік ойын” әдісі, Психологиялық консилиум, Кеңес 
беру, тренинг. 
Деңгейлік тапсырмалар: 
Күрделі деңгей: Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау 
саласындағы шетелдік заңнамасын сипаттаңыз 
Орта деңгей: Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде қарастырып отырған 
категориядағы балалардың даму деңгейін анықтаңыз 
Жеңіл деңгей: И
нклюзивті білім беруді дамытудағы факторларды 
айтып беріңіз 
ОБӨЖ тапсырмалары: 
Аталған курс бойынша арнайы әдебиеттер каталогын құрастыру тақырыбында ОБӨЖ 
тапсырмасын орындау. 
БӨЖ тапсырмалары:
Бала мен отбасына жбб ортасында психологиялық-педагогикалық көмек көрсету 
тақырыбында БӨЖ тапсырмасын орындау. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Жұбаназарова Н.С. Денсаулық психологиясы. Оқу құралы. -Алматы: Қазақ унив-ті, 2018. -116 б. 
2. Бримбетова Н.Ж Инклюзивное социальное развитие ргионов Казахстана: методы оценки и 
анализ:брюшира. -Алматы: ин-тут эконом. КН МОН РК, 2016. -45с. 
3. Айтметова Г.А . Тірек-қимыл жүйесінің зерттеу әдістері. -Түркістан: Тұран, 2018. -96 б. 
Қосымша: 
1. КононоваС.И. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға математиканы окыту әдістемесі. Оқулық, 
Эверо, 2014 
2. Бгажнокова И.М. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқу құралы, Эверо, 2014. 
3. КононоваС.И. Денсаулық психологиясы. Оқуқұралы,Эверо, 2015. 
4. Александрова Л.Ю. Теория и практика инклюзивного образования. Учебное пособие. Эверо, 
2016. 
5. Карасева Е. Инклюзивное обучение и воспитание детей дошкольного возраста с ограниченными 
возможностями здоровья (методические рекомендации). «Русское слово-учебник», 2014, -64 стр. 
6. Танцора С.Ю.Индивидуальная образовательная программа в условиях инклюзии. «Сфера», 
2016. - 64 стр 
7. Бгажнокова И.М. Преемственность между дошкольным и начальным школьным образованием 
детей, испытывающих трудности в обучении. Монография, Эверо, 2016. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет