1-ші аралық бақылау



бет1/4
Дата02.11.2022
өлшемі23,4 Kb.
#46946
  1   2   3   4

1-ші аралық бақылау
1.Зияты зақымдалған балалар мен ПТД балалардың танымдық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде көрсету.
2.Арнайы психологиядағы басты ұғымдар және оған сипаттама беру

Зияты зақымдалған балалар

ПТД балалар

Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения) – орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде, танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы.
Деменцияда ми жұмысының бұзылуы,
прогрессивті сипатқа ие болады.

Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші
балалар.

«Олигофрения – грек тілінен аударғанда, «ақылы аз» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғасырдың басында неміс
психиатры Э.Крепелин енгізді.
Бұл терминмен, этиологиялары әр
текті, клиникалық симптоматикасы әртҥрлі, негізгі ерекшеліктері – тотальды психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды

«Органикалық инфантилизм термині, алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ
ғасырдың аяғында пайда болды. Бұл терминмен тҥрлі жҧқпалы
аурулар мен уланулардың нәтижесінде пайда болған, психикалық және дене бітімдік тежелулер аталды

Баланың тұлға ретінде дамуына, қоғамдық және отбасылық тәрбие жағдайлары, ол дамитын нақты тарихи орта, ортаның өмір
сүру бейнесі әсер етеді.
Ақыл-ойы кем балалар, өздерінің ойлау
қабілеттерінің кемшілігіне байланысты, жалпы ұғымдар мен заңдылықтарды, адамгершілік, өнегелілік ұғымдары мен
қоғамдық құрылым мәселелерін, өздерінің сау құрбыларына қарағанда, анағұрлым кеш меңгереді.
Ақыл-ойы кем балалар өнегелілік ұғымдарын жете түсінбегендіктен, көп жағдайда әртүрлі кері әсерлерге ұрынады, қателеседі. Кейбір елдерде, ақыл-ойы кем балаларды оқыту,
міндетті болып саналмайды.
Біздің елімізде, ақыл-ойы кем балалар, көмекші мектеп-интернаттарда оқытылады. Олар қарапайым еңбек дайындығын
меңгеріп шығады. Нәтижесінде, ақыл-ойы кем балалардың басым көпшілігінің, дұрыс тұлғалық дамуы қалыптасады. Жағымды
қоғамдық жағдайларда, ақыл-ойы кем балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу, олардың дұрыс дүниетанымдарының тұрақты
түрде қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Тұлғалық қалыптасуда, баланың дамып келе жатқан ортасы, маңызды рөл атқарады
Ақыл-ойы кем балалардың қажеттіліктері мен
интеллектісінің дамуына байланысты, оның тұлғалық жетілмегендігі эмоционалды саладан да байқалады.
Біріншіден, ақыл-ойы кем балалардың сезімдері, ұзақ уақыт бойы айқындалмайды. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар сәби сияқты.
Сәбилердің сезім шеңбері, шектеулі ғана: қуанады, жабырқайды, жылайды, қорқады т.б. қалыпты дамудағы сау балалардың сезімдері алуан түрлі.
Екіншіден, ақыл-ойы кем балалардың сезімдерінде, қарама–қайшылық жиі кездеседі. Кейбір балалар, өмірдегі әртүрлі оқиғаларға тым үстірт, жеңілтектікпен қарайды, көңіл-күйлері тез ауысады.



Жеке тұлғаның даму кезеңдері – бұл баланың біртіндеп, көп сипаттағы әлеуметтік қатынастарға түсуі, әрі жеке тұлғаның тұтас және иерархияланған құрылымының қалыптасуы. Басқаша
айтқанда, жеке тұлғалық даму үдерісінде, баланың өзі мен өзгелерге қатысты, белгілі бір әлеуметтік бағдары қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық деңгейінің қалыптасуындағы ауытқулар туралы айтқанда, ондағы
кез-келген психикалық үдерістердің уақытында дамымайтындығын ұмытпаған жөн. Мұның барлығы, өз кезегінде әлеуметтік–психологиялық бейімделу деңгейінде айқын көрініс береді.
Баланың жеке тұлға ретіндегі қалыптасу
деңгейіндегі ауытқулар мен тежелулер, оның ағзасындағы психофизиологиялық бұзылулармен, сонымен қатар, Л. С.
Выготский бойынша, баланың мәдени дамуындағы ауытқулармен түсіндіріледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық деңгейінің қалыптасуындағы ауытқулар туралы айтқанда, ондағы
кез-келген психикалық үдерістердің уақытында дамымайтындығын ұмытпаған жөн. Мұның барлығы, өз кезегінде әлеуметтік–психологиялық бейімделу деңгейінде айқын көрініс береді.
Іс-әрекет пен тәртіп мінездемесінің, жоғарыда аталған белгілері, жүйке жүйесінің қасиеттерімен тығыз байланысты болып, басқа психикалық ерекшеліктермен салыстырғанда, анағұрлым тұрақты және өзгермейтін белгілер болып табылады.
Мектепке дейінгі жаста, ерте сәбилік шақтан бастап, әлеуметтік- психологиялық бейімделуді сәтті қамтамасыз ететін критерийлерге сай, жеңіл, аралық және ауыр темперамент түрлерін ажыратады. Жеңіл темпараментті бала, дездаптацияға және қоршаған ортаны кері сипатта қабылдауға негіз болатын, айқын өзіндік ерекшелік байқатпайды. Аралық темпераментті бала, сырт қарағанда, аздап өзгеше болып көрінеді, (мысалы,
жаңа стимулдарға интенсивті кері реакция жасау, нашар бейімделу, көңіл-күйінің төмендігі, сыртқы әсерлерге реакцияның
әлсіздігі).
Ауыр темпераменті балада, қоршаған ортамен өзара әрекет қиындығын туғызатын, реакция өзгешелігі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет