1 ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» сынып сағаты Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі30,16 Kb.
#20188
Байланысты:
Сынып сағаты!!



1 - ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған

«Елін сүйген Елбасы» сынып сағаты

Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:презентация,,бейнебаян.

Түрі: кеш, әңгіме.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, мәнерлеп оқу.

Мұғалім: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Мұғалім: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағатына қош келдіңіздер!

Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Кәне балалар, «Көк тудың желбірегені» әнін бірге шырқайық!

Мұғалім: Оқушылар,экрандағы презентацияға назар аударсақ!

  • Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

  • Еңбек жолын 1960 жылы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасының қызметкерлері бастады Қарағанды облысының Теміртау қаласы. Содан кейін ол құю машиналары үшін шойын ретінде жұмыс істеді, Қарағанды металлургия комбинатында тау-байыту пеші.

  • 1965-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында (1966 жылдан - зауыт) қайта жұмыс істеді: диспетчер, газ маманы, домна пештің дүкеніндегі аға газетші.

  • 1969-1973 жылдары - Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партиялық, комсомол жұмысында. 1973-1978 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы. 1978-1979 жж. - хатшы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы.

  • 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

Мұғалім: «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 - дыбыстан тұратын «Ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет берейік.
А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
У - Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Л - Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А - Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.

А - Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С - Символы - Бәйтерек.
Т - Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А - Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н -«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.
А - Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.
Мұғалім: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе

Оқушылардың Президентке арнау өлең тақпақтарына кезек берсек

1 бала: Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды, Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады, Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы, Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине, Елбасының арқасы.

2 бала:Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

3 бала: Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

4 бала: Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

5 бала: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!


Мұғалім:
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында

Викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р – ның тұңғыш президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

Мұғалім:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет