1. Сөзжасам-тіл білімінің бір саласы
1.Сөзжасам-тіл білімінің бір саласы 1.Сөзжасам-тіл білімінің бір саласы
А. Сөзжасам туралы түсінік.
Ә. Сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны.
Б. Сөзжасамның тіл қабатынан алатын орны.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі: 1.Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі (морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны, А.,1991,2003 2.Н.Оралбаева. Қазақ тілі сөзжасамы. А.,2002. 2006 3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. А.,1999 4.Бейсембаева З. Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А.,1998. 5. Отарбекова Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамның жалпы мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдер жайында. А.,2001. 6.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989. 7.Қазақ грамматикасы. А.,2002 8. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. Алматы. Қазақ университеті, 2003. Қосымша: 1. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. А.,2001 2. Қалиев Қ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. А.,2002. 3. Отарбекова Ж. Қазақ тіліндегі деривативті және релятивті қосымшалардың функционалды –семантикалық сипаты. А., 2016 4. Отарбекова Ж.Шойбекова Ғ. Қазақ тілінің сөзжасамы бойынша өздік жұмыс тапсырмалары. А., 2013. 5. Отарбекова Ж.Шойбекова Ғ. Қазақ тілінің сөзжасамы. Электрондық оқулық. 2015 6. Абдирасилова Г. Қазіргі қазақ тілі (сөзжасам) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны. А.,2009. 7. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері. А.,2002 Сұрақ
Сөз қалай жасалады?
Сіз сөз жасай аласыз ба?
Анықтамасы:
Сөзжасам - тілдің сөз тудыру жүйесін, туынды сөздің құрылымын, жасалу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Сөзжасамның басты сипаты жаңа мағыналы сөз тудыру, өмірге келген әр құбылысқа балама жасау, атау беру, соның нәтижесінде тіліміздің лексикалық құрамын байыту. Сөзжасам процесінің негізгі ерекшелігі оның семантикасымен, лексикалық мағынамен тікелей байланысты болуында, өйткені сөздің сөз болып саналуы, белгілі бір ұғымды білдіре алуы оның мағына білдіре алуымен байланысты.
С.М. Исаев:
“Сөзжасамның басты белгісі сөз таптарын жасау емес, жаңа мағыналы сөз тудыру. Енді осы басты обьектінің, тілдік құбылыстың, сөз тудыру процесінің, біріншіден, өзіне ғана тән белгілері, өзіндік ерекшеліктері болады. Екіншіден, оның жасалу жолдары, тәсілдері болады. Үшіншіден, жасалу жолдары, тәсілдері арқылы қалыптасқан тілдік үлгілері болады. Төртіншіден, солардың жиынтығы сөзжасам жүйесін құрайды”
Сөзжасам -
Сөзжасамды сөздік құрамды байытудың ерекше бір жолы (М.Д.Степанова, К.А. Левковская),
“сөздік құрамды жаңа сөздермен байытудың, толықтырудың бір тәсілі (В.В. Лопатин),
“әр түрлі жолмен сөздік құрамды байытудың көзі” (К.А. Тимофеев),
“белгілі бір тілде жаңа сөз жасаудың тәсілі”(Е.С. Кубрякова),
”жаңа сөздердің жасалу жолдарының ережелерінің жиынтығы”(Н.М. Шанский),
“жаңа сөз жасаудағы күрделі механизм” (Б.Н. Головин),
Лингвистикалық сөздіктерде:
Сөздің құрылымын, жасалу жолын, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы (А.Ахманова).
Тілдегі үлгі бойынша жаңа сөз жасау жолы, тілдік құбылыс ретінде сипаттайды (Д.Э. Розэнталь, М.А. Теленкова. Словарь – справочник лингвистических терминов. М.,1985. Стр.,284)
Оның негізгі сипаты, мәні – жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, негізгі зерттеу обьектісі – туынды сөз (туынды сөз деген терминге сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туындылардың бәрі енгізіліп жүр. ҚҚТСЖ, 1989,33). Сөзжасамның тіл қабатынан алатын орны Лексика Қорытынды:
Сөзжасамның тілде жеке сала ретінде қарастырылуына негіз болатын факторлар:
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |