1 сұрақ: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс әрекетінің жүйесі



Дата02.03.2023
өлшемі16,35 Kb.
#71160

1 сұрақ:Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс әрекетінің жүйесі
2 сұрақ:Балалармен тәрбие жұмыстарындағы субъекттілік пен құндылық бағдар ұстанымдары
3 сұрақ: Адамгершілік тәрбиесі.


Бірінші жауап: Жалпы мектептерде балаларды тәрбиелеуде ең бірінші кезекте сынып жетекшінің рольі бірінші орында тұрады. Себебі, сынып жетекші бұл педагог қана саналып қана қоймай ол тұлға өсіп келе жатқан жеткіншектер үшін екінші ата анасы болып саналады. Сондай ақ, жалпы адамдар арасындағы мәдениет пен рухани құндылықтарын ұғындырып, олардың да қоғамда өз орындарын табуға көмектесетін бірден бір тұлға. Сынып жетекшінің өзіндің міндеттері болады. Ең біріншіден тәрбиеші педагог ретінде, ол өзінің сыныбындағы дерлік оқушыларды тәрбиелік және дамытушылық бағытында әрекеттерді ұйымдастыру. Екіншеден, оқушының тұлға ретінде қалыптасуны көмектесу,бағыттау. Әр оқушының жеке қабілетін,дарынын аша білу, көпшілік ортамен араласуға үйрету. Сондай ақ әрбір педагог тәрбие процестердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие ісін кезектілікпен жүргізеді. Ең алдымен, ол тәрбиенің мақсат міндеттерін, оларды маңызын біліп, маңызды деп қабылданатын мәселелерді тану. Және онымен жұмыс жүргізу барысында тиімді әдіс тәсілдерін білу. Әдістемелер жүйесін құрау, танысу болып табылады. Сондай ақ ол мәселені талдау, тәрбие ісіндегі белгілі бір мақсатқа сай болуы, оны педагог талдауда оның өзіндік көзқарасы бар екендігі,оны қорғай алуы маңызды.Келесі бізде, тәрбиенің нақты бір бағдарламасының болуы яғни оны жасай алуы. Ол бағдарлама бізде тәрбиеленушілердің көзқарасын қалыптастыру мақсатында қажет. Сынып жетекші ол іс әрекеттерді, бағдарламалардды тек дайындап, жасап қана қоймай,тәрбиеленушілердің жақсы дамушы қасиеттерінің дамуына ықпалын тигізуі бірінші кезекте қаралады. Барлық істі қорытындылаған сәтте,оқушылардың қандай жетістікке жеткені қаралуы тиіс. Осы тәрбие ісін жүргізгенде тәрбиеші өзінің күшті,әлсіз тұстарын білуіде маңызды деп саналады.Ең бастысы тәрбиеші әр тәрбиеленушіні зерттеу арқылы,соларға сәйкес тәрбие ісін жүргізуі. Яғни,нақты бір жоспардың болуы. Әр жоспардың өзіндік түрлері болады. Оның ішінде, мысал келтіре кетсем. Ең бірінші кезекте қаралатын, сынып оқушыларына берілетін мұғалімнің көзқарасымен жасалған мінездеме. Одан кейінгі, жүргізілетін тәрбие мндеттері. Яғни оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Білім алуға деген құштарлықтарын ашу,ояту. Өз еліне деген махаббатын ашу. Ең маңыздысы еңбекке және гигиеналық тәрбие тұстарын қалыптастыру. Не болмасын,меніңше, сынып жетекшінің басты мақсаты, саналы әрі жанашыр тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі
Екінші жауап: Менің ойымша тәрбие ұғымы бұл кең ұғым болып саналады. Себебі,тәрбие деген ол әрбір жеке тұлғаны қоғамның бір бөлшегіне енгізетін ұғым десек те болады. Қазіргі таңдағы педагогтардың жүргізетін тәрбие жұмысының негізгі құндылықтары ретінде, біздің еліміздегі жаңа нарықтың пайда болуымен тікелей байланысты. Яғни қоғамның ең жоғарғы байлығы, негізі адам болып саналса, ал ол адамның тәрбиесі мемлекетімізді дамытуда бірден бір құралы деп саналады. Осы кезекті тәрбие тал бесіктен демекші, бала дүниеге келе салысымен тәрбиені отбасыдан,кейін өз ортасынан, содан соң мектеп ұстаздарынан алады. Педагогтардың тәрбие жұмысын жүргізуде негізгі құндылық ол білім беру. Одан кейін еңбек тәрбиесі. Яғни балаларды, еті тірі болуға, сүйіспеншіл, өз елі қоғамы, отбасысы үшін қызмет ету басты міндет деп саналатынын ұғындыру. Келесі құндылық эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың табиғатты аялауға,құрметтеуге бағыттау. Келесі негізгі құндылықтартың бірі достық тәрбие беру. Яғни, оқушылар құрдастыран сыйлап, олармен жауласпай бауырындай қарап, бір біріне бауырмашыл қасиетте қарау керектігін түсіндіру. Достарына адал болуын, сенімділікпен қарауын түсіндіру. Айта берсек, тәрбие құндылықтары көп. Ең бастысы, қоғамға керек тұлғаларды, қалыптастыра білу.
Үшінші жауап: Менің ойымша адамгершілік тәрбиесі адамгершілік ұғымын, сенімін қалыптастыру болып есептеледі. Яғни бұл тәрбиенің басты мақсаты,жақсы мінез құлықты , күнделікті әдеттерді қалыптастыру. Оқушылардың адал, сенімді, мейірімді, сыпайы секілді қасиеттердің болуына бағыттайды. Адамгершілік тәрбиенің тағы бір негізгі беретін құндылығы ол, қарым қатынас болып есептеледі. Себебі, тұлға қарым қатынас жасау барысында өз өзін қалай ұстау керектігін,сөйлеу мәдениетін білуі маңызды. Сонымен қатар адамгершілік тәрбиесі адамды қалыптастыра келе, ұлдар мен қыздар арасындағы жеке тәрбиені де ескереді. Яғни, қыз бен жігіт арасындағы қарым қатынас тәрбиесі, әке мен ана арасындағы тәрбиегеде көңіл бөле қарайды. Қорытындылай келсем, адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеті, оқушылардың бойындағы қыз болсын, ұл болсын, өздеріне тән мінез құлық пен жақсы әдеттерін қалыптастыру болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет