1-тақырып. Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні І. Әлеуметтану пәні мен ғылымының зерттеу аясын толықтай түсінуге жәрдемдесетін видеодәрістер



Дата20.02.2022
өлшемі16,26 Kb.
#25990

1-тақырып. Әлеуметтану ғылымы, оның объектісі мен пәні

І. Әлеуметтану пәні мен ғылымының зерттеу аясын толықтай түсінуге жәрдемдесетін видеодәрістер:

  1. https://www.youtube.com/watch?v=yzgUpRvQ1tg

(Видеодәріс тақырыбы - «Әлеуметтану. Кіріспе». Авторы Д.К.Бурханова, PhD)

Видеороликті көріп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Қоғамдағы болып жатқан құбылыстар мен процестерге әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарау дегенді қалай түсінесіз? Әлеуметтік көзқарас қалай қалыптасады? Әлеуметтік көзқарас қоғамда қалыптасқан жалпы түсініктен несімен ерекшеленеді?

  2. Әлеуметтік қиял дегеніміз не? Әлеуметтік қиял – жеке тәжірибелердегі заңдылықтарды көре білу дегенді қалай түсінеміз? Ойыңызды жеткізіңіз.

  3. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқына, жеке көзқарасына, мәдениетіне не әсер етеді деп ойлайсыз?

  4. Белгілі бір жағдайға, оқиғаға субъективті және объективті көзқарас дегенді қалай түсінесіз?

  5. Сіз қалай ойлайсыз, жеке адамның тәжірибесі мен қоғамдағы болып жатқан процестер арасында байланыс бар ма?

  6. «Әлеуметтік қиял – әлеуметтану ғылымының басты бағыты. Ол өз өміріміз бен басқалардың өмірін әлеуметтік құрылымының бір бөлігі ретінде көре білу» деген тұжырымды арығарай өрбітіп, түсіндіріңіз.

Видеоролик бойынша рефлексия: «Әлеуметтану – қайсыбір оқиға, құбылыс, не болмаса процестің себебін білу мақсатында нақты сұрақтарды қою, осы сұрақтарға жауап алу мақсатында зерттеу жүргізу және әлеуметтанулық теорияларды қолдануды қамтиды»

  1. Төмендегі сілтемеге өтіп, видеороликті көріп шығамыз және роликтің астындағы дәрісті жүктеп аламыз:

https://openu.kz/kz/process/leumettanu-negzder/lesson/839

(Видеоролик тақырыбы – «Қоғам туралы ілім». Видеодәрісті оқитын Серікжанова С.С., PhD)


1-тапсырма: төмендегі сілтемеге өтіп, тест сұрақтарына жауап беріңіз: https://openu.kz/kz/process/leumettanu-negzder/lesson/839/test
2-тапсырма: Құрылымдық-функциониализм теориясы, конфликт теориясы және символдық интеракционизм тұрғысынан талдаудың арасында қандай айырмашылық болуы мүмкін екенін Қазақстан қоғамындағы жұмыссыз адамдардың әлеуметтік жағдайының мысалында салыстырып, көрсетіңіз.

ІІ. Білім алушының өздігінен дайындалуына арналған қосымша сұрақтар

  1. «Әлеуметтану ғылымы қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен процестер туралы нақты фактілерді жинап, оны талдап, соның негізінде ғылыми қорытындылар жасайды...» деген тұжырымды жалғастырып, әлеуметтанудың зерттеу аясын өз сөзіңізбен сипаттаңыз.

  2. Әлеуметтанудың қоғамды зерттеу деңгейлерін (микро-, мезо- және макро-) түсіндіріңіз.

  3. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына адамзат тарихындағы қандай тарихи оқиғалар әсер етті? Баяндап беріңіз.

  4. Әлеуметтану ғылымының маңызды категорияларына жататын әлеуметтік процесс және әлеуметтік оқиға ұғымдарын түсіндіріңіз.

  5. Әлеуметтанудағы әлеуметтік институт дегеніміз не және әлеуметтік институттың түрлерін, олардың атқаратын қызметтерін сипаттап беріңіз.

  6. «Әлеуметтану қоғамды теориялық және қолданбалы (эмпирикалық) тұрғыда зерттейтін ғылым» деген тұжырымды түсіндіріңіз. Әлеуметтанудың деңгейлерін сипаттаңыз.

  7. Әлеуметтанудың ғылым ретінде атқаратын қызметтерін айтып беріңіз, яғни бұл ғылымының қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.

  8. Әлеуметтанудағы әлеуметтік факт дегеніміз не, ұғымды түсіндіріңіз.

  9. Әлеуметтану қоғамның қай қырын зерттейді? Ойыңызды қоғамды зерттейтін басқа ғылымдармен салыстыра отырып жеткізіңіз.

  10. Әлеуметтік категориясын түсіндіріңіз.

  11. Әлеуметтік қиял немесе қоғамды әлеуметтану тұрғысынан түсіну дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет