1-тапсырма. Зерттеуші ғалымдардың стилистика жайлы сипаттамасы мен ғылыми көзқарастарын саралап, бағаналарды толтырыңыз



Дата06.01.2022
өлшемі66,91 Kb.
#14637



1-тапсырма. Зерттеуші ғалымдардың стилистика жайлы сипаттамасы мен ғылыми көзқарастарын саралап, бағаналарды толтырыңыз.

Зерттеуші ғалымдар

Сипаттамалар

Дереккөздері

А.Байтұрсынұлы

Көркем сөз бен 
көсемсөзге қатысты ой-толғамдары және стилистиканы «тіл қисыны» деп береді.

Тіл қисыны - асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.



«Әдебиет танытқыш» 1926ж.

М.Балақаев

Стилистиканың пәні мен нысанын, тіл

біліміндегі алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, қазақ тілі

стилистикалық құралдарының лексика-грамматикалық сипаты жүйеленіп қарастырылды.


«Қазақ  тілі 
стилистикасы» 1966ж.

Р.Сыздық

Тілдік нормадағы функционалды

стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталған сипаты жағын білу керек. Өйткені бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиларалық «ауыспалы тіркестер» жүріп жатады.



«Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХҮ-ХІХ ғасырлар)» 1993ж.

М.Серғалиев

Әдеби тілдің бір түрі, демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

Стиль – тарихи категория;

Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

Тілдік құралдардың қандай да бір тобы емес, шартты тұйықталған тобы.



«Стилистика негіздері» 2006ж.

Б.Шалабай

Көркем сөз стилистикасы қолданымдық

стилистиканың қарамағына жатса, көркем әдебиет

стилистикасы өнертану, эстетика, поэтика сияқты ғылым салаларымен тығыз

байланыста, қарым-қатынаста, бірлікте болады.



«Көркем әдебиет стилистикасы» 2000ж.

А.Жапбаров

Функционалды стиль түрлерін практикада тиімді қолдана білудің әдіс-тәсілдері де зерттеу нысанына алынып, стилистиканы оқытудың мәселелері де жан-жақты қарастырыла бастады.

«Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері»

1991ж.


Н.Уәли

Ғылыми стильде тіл амал-тәсілдерінің дерексіз сипатта “ұғым” түрінде болуы ғылыми стильдің басты айырым белгісі болса, сөздің деректі сипат алып, оның образға көшуі көркем әдебиет стилінің басты айырым белгісі.

«Қазақ тілі.Сөз мәдениеті» 1984ж.

Д.Әлкебаева


Қазақ тілі стилистикасы жаңа бағдарларға негізделген жаңаша мазмұндағы бағыт-прагмастилистика ғылымының теориялық, оқу-әдістемелік мәселелерін сөз еткен еңбектер арқылы жалғасын тауып келеді.Ғылыми стиль жазба стильге жатқандықтан, жазба стильдің өзіне тән қызметі болады. Жазба стиль әр уақытта біркелкі болмайды. Ғылыми стильдің ең басты лингвистикалық белгілері, яғни басқа стильден ажыратылатын стилистикалық нормалары болады. Ғылыми стиль қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізгі көрсеткіш болғандықтан, әдеби тіл нормаларының басты өлшем шарттарын толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

«Стилистика және оның проблемасы» 2004 ж.

М.Серғалиев


1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

2) Стиль - тарихи категория;

3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.



«Синтаксис және стилистика»1997ж.









































































2-тапсырма. Стилистиканың даму бағыттары жайлы теориялық ақпараттармен танысып, зерттеу бағыттарының сипатына қарай стилистика түрлерін анықтап, екінші бағанға толтырыңыз. Қысқаша түсініктеме беріңіз.

Зерттеу бағыттарының сипаты

Стилистика түрлері

Стилистиканың жалпы мазмұнын айқындайтын дәстүрлі салалары

Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың қалыптасқан дәстүрлі салалары төмендегідей: - тіл (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы; - функционалды (қолданыстық) стилистика; - көркем әдебиет стилистикасы; - практикалық стилистика.

Зерттеу нысандарының ауқымына байланысты

Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауруына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішкі стилистика және дара (индивидуалдық) стилистика болып бөлінуі.

Зерттеу әдістемесіне қарай

(шартты түрде)



Стилистиканың зерттеу әдістеріне келетін болсақ, олардың бастыларына мәтінді талдаудың мағыналық-стилистикалық әдісі, салыстырмалы әдіс, сөз-образ, экспримент жасау және статистикалық әдістер жатады.

Қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай

Кодтау стилистикасы – қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы.

Жаңа бағыт-бағдарларға сүйенетін

Қазақ тіл білімінде ғылыми жаңаруды басынан кешіріп отырған, ғылымның жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетін – стилистика ғылымында да жаңа бетбұрыс, көптеген білім салаларымен тығыз байланысты даму үрдісі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет