1. Түйсіну объективті дүние заттар қасиеттерінің рецепторға әсер еткенде пайда болатын қасиеттері. Организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады
1. Түйсіну – объективті дүние заттар қасиеттерінің рецепторға әсер еткенде пайда болатын қасиеттері. Организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болатын мидағы бейнелеулерді түйсік деп атайды.
2. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.
3. Байланыс – санаға тәуелсіз өмір сүретін объективті дүниені, материяны адамдардың материалдық өмірінің табиғатын белгілеуге арналған философиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселесі болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты.
4. Бейне – субъективті дүние немесе оның фрагменттерінің, субъект, басқа адамдар, қоршаған кеңістік және уақыттың біраз – дін/ң көрінісі.
5. Гнесеологиялық (танымдық) мүмкіндік алынған мәліметің көлемі, сапасымен өлшенеді. Бұл мәліметтер сыртқы ортаға қатысты оның табиғи және әлеуметтік жағдайына және өзіндік танымына байланысты жинақталады.
6. Аксиологиялық (құндылық) мүмкіндіктер- тұлғаның әлеуметтану процесінде болатын адамгершілік, саяси, діни, эстетикалық бағыттарға қатысты құндылықтар жүйесіндегі мақсатқа талпыну мен көзқарастарына байланысты туындайды.
7. Шағармашылық мүмкіндіктер-өз бетінше анықталған білігі мен дағдысы, продуктивті және репрокуктивті, құру жасау немесе бұзудағы әрекеттік қабілетімен, оларды орындаудағы еңбек жемісімен көрінеді.
8. Коммуникативтті мүмкіндіктер-басқа адамдармен байланысқа түсу формасы, өлшемімен белгіленеді. Тұлғааралық қарым-қатынас әлеуметтік рольдер жүйесінде көрініс береді.
9. Көркемдік мүмкіндіктер-көркемдік қажеттіліктің деңейі, мазмұны, үдемелі және оны қанағаттандыруымен белгіленеді. Тұлғаның көркемдік белсенділігі шығармашылықта, кәсіпте, өзіндік іс-әрекеті мен өнер туындыларын пайдалануда ашыла түседі.