Дәріс: «Пайымдау. Қарапайым пайымдау, оның түрлері»



бет1/14
Дата15.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#124033
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: Логика


Дәріс-презентация №5
Пайымдау. Қарапайым пайымдаулар

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Пайымдау. Қарапайым пайымдаулар

  • Пайымдау туралы жалпы түсінік
  • Қарапайым пайымдау, оның түрлері
  • Кесімді пайымдауларды қалыптасу жағынан түрлерге бөлу
  • 4.Пайымдауларды модальдігі бойынша түрлерге бөлу

    5.Қарапайым пайымдаулар арасындағы қатынастар

Пайымдау


Пайымдау немесе пікір —заттың бар екендігін, зат пен оның қасиеті арасындағы байланысты немесе заттардың арақатынасын құптайтын немесе терістейтін ойлау формасы.
Пайымдау бірнеше (аз дегенде екі) ұғымнан тұрады, хабарлы сөйлем түрінде айтылады.
Мысалы: «Наполеон — ұлы қолбасшы»; «Барлық адамдардың қылмысқа бейімділігі бар»; «Аспанда бірде-бір бұлт жоқ»
Пайымдаудың басты сипаттамасы— оның ақиқаттығы мен жалғандығы
Кейбір хабарлы сөйлемдер заттардың бар екендігін құптайтын, не терістейтін пайымдауларды білдіреді дегенімізбен, олар мәнмәтінсіз анықталмаған боп табылады, егер біз олардың ақиқаттығы мен жалғандығына көзімізді жеткізе алмасақ. Мысалы, «Таң», «Қалтыратады», «Грекия бізден алыс» (кімнен?).
Көптеген жағдайда пайымдау сөйлем түрінде айтылады. Бірақ әрбір сөйлем пайымдауды білдірмейді, мысалы, сұрақты немесе бұйрықты жеткізетін сөйлем

Егер ұғымды «атоммен» салыстырсақ, онда пайымдау ойлаудың «молекуласы» болады.

Сұрақтың және бұйрықтың логикадағы орны


Сұрақты немесе бұйрықты жеткізетін сөйлемде тікелей не құптау, не терістеу жоқ, сондықтан олар пайымдауға, яғни пікірге жатпайды. Сұрақтар мен бұйрықтар не ақиқат, не жалған бола алмайды, олар орынды немесе орынсыз болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет