1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет29/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135
 

Жалбарыну 

 

Қазақ  фольклорында  арғы  тегі  сҿз  қуатына  сенуден  туындағанымен, 

мақсат-міндеті  арбаудан  (заговор)  алшақ  жатқан  бір  топ  сҿз  ҥлгілері  бар. 

Мысал келтірсек: 

Қазақ ҽйелі іс тігерде: 

Бисмилла, 

Істің басы ілгері, 

Шайтанның басы кейін! 

Қолыма жел байла, 

Кҿтіме тас байла! 

 

Аңшы аң атарда: 



Бисмилла рахман рахим, 

Ғайыперен, қырық шілтен қайырып бер, 

Қайырып берсең, ҥйірінен айырып бер! 

 

Жаңа ай туғанда:  



Туған айдай қылып жарылқа, 

Шыққан кҥндей қылып жарылқа. 

Басты аман, бауырды бҥтін қыл, 

Отыңа оралтпа, суыңа сҥрінтпе. 

 

Немесе:    



Жаңа айдан жақсылық, 

Ауырлығым жерде, 




 

134 


Жеңілдігім менде!

1



Бҧл сҿздер қандай бір ҽдет-рҽсімге, еңбек-кҽсіпке, табиғат қҧбылысына, 

кейде емдеу-домдауға қатысты  айтылатыны анық болып отыр.  

Ғалымдар 

арбауды 


маманданған 

адамдар 


арнайы 

шартпен 


айтатындығын мақҧлдайды. Ал, біз келтірген  сҿздерді кез келген қарапайым 

шаруа  қажетіне  қарай  айта  береді.  Демек  бҧл  арбаудан  кҿне,  себебі  ол 

фольклордың бҥкіл қауымға ортақ мезгілінде туған болу керек.  

«Қазақ  халқы  ерте  заманда  ескі  дін  бойынша  ҽрбір  жан-жануардың,  ҽр 

тҥрлі  жақсылық-жамандықтың  «иесі»  бар  деп  қандай  сенген  болса,  ол 

«иелерді» қызыл тілмен алуан-алуан ҽсерлі, сырлы сҿзбен кҿндіруге, зиянсыз 

етуге,  тек  зиянсыз  етіп  қоймай,  мейірімді,  пайдалы  етуге  болады  деп  те 

сенген.  Бҧлардың  кейбіреуін  ойын-кҥлкімен,  ҽзіл,  тҽлкек  сҿзбен,  кейбіреуін 

зеку,  кҥш  айту  жҿнімен,  енді  біреулерін жалыну,  тілену  жҿнімен,  кҿндіруге 

болады деп сенген»

2

, – деп жазады ғалым  Б.Кенжебаев. 



Ҿзінің  «Тҽңір»  атты  еңбегінде  Шоқан  Уҽлиханов  қазақтардың  жаңа 

туған  айға,  ата-бабаның  аруағына  сыйынып,  жалынатыны  туралы  былай 

дейді:  

«Жаңа  туған  айды  кҿргенде  ҥш  рет  тізерлеп  отырып,  ҥш  рет  еңкейіп, 

мінажат етеді де, сол мінажат еткен жерден шҿп жҧлып алып, жанып жатқан 

отқа тастайды.  

Аруақ  –  ата-баба  рухы,  басқа  қиын-қыстау  кҥн  тҥскенде,  жан 

қиналғанда:  «Аруақ  қолдай  гҿр,  қолтығымнан  жебей  гҿр!»  –  деп  айтады. 

Аруақтың  рухына  арнап:  ай  мҥйізді,  аша  тҧяқты  сиырды,  бозқасқа  яки 

ақсарыбас,  бауырсақ  тҽрізді  қос  қҧлағы,  екі  тісі  бар  немесе  қардай  аппақ, 

қасқа  қойды  жҽне  тҧмса  малды  садақаға  сояды»

3

.  Кҥні  бҥгінге  дейін  егде 



адамдар  жаңа  туған  айды  кҿрсе,  соған  қарап  «Ескі  айда  есірке,  жаңа  айда 

жарылқа!» - деп, еңкейіп, жалынады. 

Мына бір шумақтарға кҿңіл бҿлейік. 

 

Қҧдай-ай, тоба! 



Тҽубасын қабыл ет, 

Дҧғасын мҧстапаж ет! 

Мҽдинеде Мҧхамет, 

Тҥркістанда Қожа Ахмет, 

Е, Мҧхамет, болғайсың 

Мына ҥмбетіңе жар медет! 

Бҧ дҥниеде жиғанды ет, 

Ақыретте иманды ет!

4

 

 



Немесе: 

                                                

1

 Ҽбішев Х. Аспан сыры. Алматы, 1966. 29-б. 



2

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Фольклор. Алматы, 1948. 1-т. 43- б. 

3

 Уҽлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы, 1985. 154-155-б. 



4

  Васильев  А.В.  Образцы  киргизской  народной  словесности.    Молитвенных  благожеланий  «Бата  соз».  ХІІ. 

Оренбург, 1905. С.1-2. 



 

135 


Е, патша Қҧдай, есіңе ал, 

Ҿзің жарылқасаң, былайғының несі бар?! 

Е, патша Қҧдай, ҽуелі ҿз кҽріңнен сақта, 

Шайтанның шерінен сақта, 

Патшаның кҽрінен сақта. 

Қадамы қаттыдан сақта, 

Қатты тонғаннан сақта, 

Дос болып, қас болғаннан сақта, 

Кҥле кіріп, кҥңірене шыққаннан сақта, 

Жиылған нудан сақта,  

Тасыған судан сақта, 

Ҧйтқып жанған ҿрттен сақта, 

Ыңыранып жатқан дерттен сақта!

1

 



 

Я болмаса:  

Е, Қҧдайым, 

Қҧмырсқа, қҧрттан сақта 

Су мен оттан сақта, 

Қоян жылғы жҧттан сақта!

2

 

 



Тағы бір мысал: 

Уа, қҧдірет! 

Қҧтқармайтын бҽледен сақта! 

Жасанды жаладан сақта! 

Кездейсоқ қауіптен сақта, 

Кҿлденең қатерден сақта! 

Ҥнсіз жау – ҿрттен сақта, 

Тілсіз жау – тасқын судан сақта! 

Аш бҿріден сақта! 

Қҧныққан ҧрыдан сақта! 

Бітпейтҧғын даудан сақта, 

Ымырасыз жаудан сақта!... 

Осылардан сақтаса, 

Қалғандарға қайсарып, 

Уҽде берем болмасқа!

3



 

Ҽлбетте, біз  келтірген ҥлгілердің айтылу табиғатында тылсым кҥштерге 

жалыну,  тілену,  сҧрану,  ҿтіну,  мінҽжат  ету,  жалбарыну  сарыны    анағҧрлым 

басым.  Сол  себептен  біз  бҧндай  фольклорлық  мҽтіндерді  жалбарыну    деген 

жеке  жанрға  топтағанды  жҿн  санаймыз.  Тегінде,  қазақ  фольклортану 

ғылымында  жалбарыну  деген  термин  бҧрын  болған.  Б.Кенжебаев

4



                                                



1

 Сонда. 3-б. 

2

 Сонда. 21-б. 



3

 Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғҧрпының фольклоры. Хрестоматия. Алматы, 2004. 171-172-б. 

4

 Сонда. 44-б. 




 

136 


М.С.Сильченко

1

,  М.Ғабдуллиндер



2

  қолданған.  Мысалы:  бҧлт  шақыру,  кҥн 

жайлату,  қҧйынды  ҥйден  аулақ  қуу  кезінде  айтатын  сҿздерді  М.Ғабдуллин 

жалбарынуға  жатқызған.  Х.Арғынбаев  дарымшының  жыланды  арбауын 

жалбарыну

3

 деп атаған. Кейінгі кезде Б.Абылқасымов бҧндай сҿздерді арбау 



жанрына  енгізген.  Алайда,  қолда  бар  мҽтіндерге  қарағанда,  біздің 

фольклордың  қҧрамында  арбаудан  басқа  жанр  бар  екені  анықталып  отыр. 

Ҿзінің  мазмҧны  мен  айтылу  ситуациясына  қарай  ондай  сҿздерді  жалбарыну 

деп атауға болады. 

Сонымен, қарапайым шаруа  қандай бір ҽдет-рҽсім, еңбек-кҽсіп, табиғат 

қҧбылысы  кезінде  соның  адамға  деген  тиімділігін,  шарапатын  молайтып, 

кесапатты  аластату  мақсатында  айтатын  магиялық  сенімге  негізделген 

ғҧрыптық сҿз ҥлгілерін жалбарыну деп атаймыз.  

Жалбарыну  ырымға  негізделіп,  ғҧрыптық  іс-ҽрекет,  арнайы  ҽуен-ырғақ, 

символикалық киелі затпен сҥйемелденіп орындалады. 

Б.Абылқасымов қазақтағы арбау жанрына сырқат пен сиқырлы кҥштерді 

аластау, кҥн жайлату, бҧлт шақыру, жаңбыр шақыру, жел шақыру рҽсімінде 

айтылатын сҿздерді топтаған

4



Бажайлап  қарасақ,  жалбарыну  арбау  жанрынан  мҥлде  алшақ  тҧрғаны 

кҿрініп тҧр. Енді ол екеуінің айырмасына тоқталайық: 

Ең алдымен айтатын нҽрсе: арбау басқа бір объектіге (адам, мал, жҽндік, 

т.б.)  жҧмсала  айтылады,  ал,  жалбарынуда  адам  ҿзіне  мейірім  тілеп,  ҿтініш 

жасайды. Осы ерекшелігі жалбарынуды батадан да бҿлектеп тҧрады. Сондай-

ақ  арбауды  бақсы,  арбаушы,  дарымшы,  яғни  кҽсіби  мамандар  айтады.  Ал, 

жалбарынуды аңшы, малшы, диқан, шебер, яғни кез келген қарапайым еңбек 

адамдары  айта  береді.  Ғалымдардың  пікірінше,  арбауды  айтудың  арнайы 

шарты  бар.  Оны  белгілі  бір  мекенде  (мысалы,  тҿрт  жолдың  торабында), 

белгілі  мезгілде,  белгілі  бір  себепке  байланысты  ғана  айтады.  Ал, 

жалбарынуда мҧндай арнайы шарт жоқ, оны кез келген қарапайым адам тек 

ҿзі  атқарғалы  жатқан  ҽдет-рҽсімді,  іс-ҽрекетті  нҽтижелі  ету  немесе  адам  ҿз 

басына жақсылық жасау ҥшін айтады. Арбаудың діни нанымдық негізі кҥшті, 

оны  арбаушы  арғы  ҽлеммен  тілдесу  қҧралы  ретінде  айтатындықтан 

қарапайым адам тҥсінбейтін қҧпия сҿздері мол, ал, керісінше, жалбарынудың 

барлық сҿздері кҿпшілікке тҥсінікті  болып келеді. Сонымен бірге арбау мен 

жалбарынудың  ҧқсас  жері  екі  жанр  да  магияға  сенуден  пайда  болған, 

екеуінің де мақсаты игілікке – табысқа жету, яғни қҧтты молайту, бҧл жолдан 

кесапатты аластау.  

Жалбарынуды  айтушы  атқарылғалы  жатқан  істі  ҧдайы  жаратушының 

қҧдіретімен, яки табиғаттың тылсым кҥшімен байланыстыратыны байқалады. 

Сондықтан да оның сҿзі сырлы, сиқырлы. Жҥзеге асқан немесе атқарылғалы 

жатқан  шаруаны  тіл-кҿзден  жасырып,  басқа  рҽміздермен  алмастырып, 

                                                

1

 Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 105-б. 



2

 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1958. 55-б. 

3

 Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969. 167-б. 



4

  Абылқасымов  Б.  Телқоңыр.  Қазақтың  кҿне  наным-сенімдеріне  қатысты  ғҧрыптық  фольклоры.  Алматы, 

1993. 54, 58, 69-б. 



 

137 


далдалау,  тасалау,  сол  арқылы  кесірлі  рух-иелерді  адастыру,  алдарқату 

сарыны  бар.  Мысал  келтірсек,  қазақ  «мал  соймаймыз  ба?»  дегенді  «тышқан 

мҧрнын  қанатпаймыз  ба?»  деген  эвфемизммен    айтады.  Қойды  сойғалы 

жыққанда:  

 

Бисмилла, 



Ай мҥйізді, 

Аша тҧяқтым-ай, 

Жҧпар иісті, 

Бауырсақ қҧлақтым-ай! 

Сенде жазық жоқ, 

Менде азық жоқ, 

Аллаһу акбар!

1

 – 



 

дейді.  Себебі,    шаруа  тылсым  рух-иелерден    қорқатындықтан,  қойдың  атын 

да  атамай,  «ай  мҥйізді,  аша  тҧяқты,  жҧпар  иісті,  бауырсақ  қҧлақты»  деген 

ҽдемі  мадақ сҿздермен алмастырып, алдарқатады. «Сенде жазық жоқ, менде 

азық жоқ» деп, Шопан атадан кешірім сҧрап, емеурінмен тілдесіп,  мҽмілеге 

келу, ҿз ҽрекетінің ҽділ екендігін, ақ екендігін тҥсіндіру, ҧқтыруға ниет етеді. 

Сол  арқылы  мал  иесінің  қаһарын  тоқтатып,  тыныштандырып,  рахымына 

бҿленуді  кҿздейді.  Одан  кейін  қойдың  басын  ҥйтіп  болған  соң,  жағын 

айырарда,  пышақпен кесу ҥшін  кҿмейіне қу шҿп салып, содан  «сені кескен 

жоқпын,  қу  шҿпті  кестім»  деген  сҿзді  айтады.  Бҧлай  істегенде  пышақтың 

жҥзі алдымен қу шҿпке  тиеді де, содан кейін  кҿмейді кеседі. Демек қойдың  

кҿмейіне тура пышақ сілтеуден тайсалып, ҿз ісін бҥркемелеп, жасырып, тағы 

да  ие-киелерді  алдау,  алдарқату,  сол  арқылы  қорғану,  нҽтижесінде  қҧтты 

қашырмаудың  амалын  жасайды.  Тегінде,  ежелгі  қазақ  малдың  ҽрбір 

мҥшесінің  жеке  жаны  бар  деп  ҧққан.  Мысалы,  қойды  бауыздаған  кісі  оның 

жҥрегін  жаруға  тиіс  емес.  Егер  бҧлай  істесе,  ол  адам  екі  қойдың  қанын 

мойынына  қабат  жҥктеп,  ауыртпалыққа  қалады-мыс.  Кҿмей  болса,  малдың 

маңыраған  ҥнін  шығаратын  қасиетті  мҥшесінің  бірі.  Демек  оған  пышақ 

жҧмсау  малдың  дауысын  ҿшірумен  тең  болғандықтан  бақташы  кесірден 

сескеніп,  ырым  арқылы  сақтық  амалын  жасайды.  Моңғолдар  ҧрғашы  қойды 

сойып  жатқанда  оның  ҥйін  (жатырын)  пышақпен    кесерде  тура  біз  айтып 

отырған ырымды орындайды

2

.    


 Кейде  жалбарынудың  сҿздері  қарғысқа  да  ҧқсайды.  Мҽселен,  тҥрік-

моңғол  халықтары  мал  далаға    тҥнеп  қалса,  «қасқырдың  жағын  байлау» 

рҽсімін  жасайды

3

.  Ол  ҥшін  егер  ҥйде  бар  болса,  бҿрінің  жақ  сҥйегін,  ол 



болмаса, кҿбінесе қайшының аузын, кейде тымақтың, немесе дамбалдың сол 

жақ бауын, баланың жейдесінің жеңін, ҽйтпегенде, тҥндіктің алдыңғы бауын 

шорт  байлап:  «Тҥнемедегі  маңыраманы  аман  сақта,  Қҧдайым,  ҧлыманың 

                                                

1

 Ақ бата: бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 45-б. 



2

 Сампилдэндэв Х. Шившлэг // Монгол ардын аман зохиол. Ҧланбатыр, 1988. 72-б. 

3

 Сонда.  73, 74-б. 




 

138 


аузын будым!»

1

 – деген сҿздерді айтатын болған. Бҧндай сҿздердің басқадай 



да ҥлгілері бар.  

Жалбарыну  кҿбінде  тақпақ  тҥрінде  болғанымен,  кейде  драмалық 

пішіндегі  диалог  тҥрінде  де  кездеседі.  Мҽселен,  баланың  тіліне  теріскен 

шыққанда екі бала алма-кезек жауаптасып, бірін-бірі емдейді. Тіліне теріскен 

шыққан бала алдымен «Тіліме теріскен шықты» деп жеті рет айтып,  қандай 

ем  керек  екендігін  сау  баладан  сҧраған  сыңай  танытады.    Ал,  сау  бала  жеті 

рет    жиіркенішті  жаман  заттардың  атын  зырылдатып  айтып,  соны  жалап 

емделу керектігін сҿз етеді. Мысалы: 

Сырқат бала: – Тіліме теріскен шықты. 

Емші бала: – Иттің боғын жала! 

Сырқат бала: – Тіліме теріскен шықты. 

Емші бала: – Сиырдың сідігін  жала! – 

деп    диалог  жалғаса  береді  де,    лас  заттардың  саны  жетіге  толғанда,  ҿзі  де 

жиіркеніп, лоқсыған бала «Бҧл тілім қайтсем жазылады?» дегенде келесі бала 

«Жан-жағыңа  қарағанша,  қарғаның  боғын  жалағанша»  дейді.  Сонда  сырқат 

бала «Тҥй, тҥй, қайран тілім боқ болды, ҧшы қиыры жоқ болды!» деп тҥкіріп 

тастайды. Расында, осы ем-домды жасаған  соң  балалар жазылып кететін-ді.

2

  



Ежелгі  тҥсінік  бойынша,  теріскен  ауруының  да  иесі  бар,  демек  ол  бҧл 

сҿздерде  айтылған  лас  заттардан  жиіркеніп,  баланың  тілінен  қашып  кетеді 

деген  наным  домдауға  негіз  болған.  Емдеу  кезінде  екі  бала  жедел 

жауаптасып,  науқас  бала  шын  сескенгенше  лас  заттарды  тізіп,  ҥдетіп, 

ҿршітіп,  екпіндете  айтады.  Мҧнда  заты  тҥгіл  аты  естілгенде  жҥректі 

айнытып,  тітіркендіретін  жҿн-жосықсыз  харам  нҽрселер  ҽдейі  термеленеді. 

Себебі бҧндай сҧмдықты естісімен тілге шыққан теріскен зҽресі ҧшып, безіп, 

жоғалуы  керек.  Сонымен  бірге  домдауда  баланы  қасақана  сескендіріп, 

психологиялық тҧрғыдан емдеу шарасы да жатқаны айқын.  

Жалбарыну  кейде  осылайша  халық  емшілігімен  ҧштасып  та  жатады. 

Мҽселен, ҽйелдің  толғағы ауыр болғанда шипагер ҽже   «Менің қолым емес, 

Бибі Бҽтима,Ҧмай ана қолы. Қой толғағыңды емес, оң толғағыңды бер!»  деп 

айтып,  ананың  қарынына  ағаш  табақты  тҿңкеріп,  оңнан  солға  қарай 

айналдырып  домдайды

3

.  Бҧнда  жалбарыну  ырыми  ҽрекет,  символикалық 



киелі  затпен  сҥйемелденгенін  байқаймыз.  Талай  рет  ақсарбастың  басы  мен 

жамбасы  тартылып,  дастарқанның  қҧтына  айналған  ағаш  табақты 

бекершілікте тҿңкеруге тыйым салынады. Емдеу кезінде оны тҿңкеріп отыр. 

Себебі    тҿңкерілген  табақтың  ішіндегі  ас  тҿгілетіндей  нҽрестенің  де  сыртқа 

ақтарылып,  тез  шығуына  ишара  жасалады.  «Қой  толғағыңды  емес,  оң 

толғағыңды бер» деген сҿздің мҽнісін айтсақ, малдың ішінде қойдың толғағы 

ең ауыр болады да, жылқынікі тез екен. Сондықтан қазақ осы сҿздерді айтып, 

толғатқан  ҽйел  екі  қолымен  ҧстап,  аспақталу  ҥшін  оң  жаққа  аттың 

                                                

1

 Айтып берген 10.09.1944 жылы туған Тошынбай ҧста Қаңбақҧлы. 



2

 20.04.2003 жылы 1927 жылы туған  Оразхан Бітеубайқызынан жазып алдық. 

3

  2005  жылы  М.Ҽуезов  атындағы  Ҽдебиет  жҽне  ҿнер  институтының  Моңғолия  қазақтары  арасында 



жҥргізген  фольклорлық-музыкалық  экспедициясында  1928  жылы  туған  Қафуза  Болатқызы  айтып  берген 

мҽлімет. Экспедиция мҥшелері: Ҽ.Нҧрбаев пен А.Тойшанҧлы. 




 

139 


шылбырын керіп, жҥгенін іліп қоятын болған.  

 Жылқыны  пішкенде  де  айтылатын  сҿздер  емдеу-домдау  мақсатында 

қолданылады.  Халық  «жылқыны  пішеміз»  деп  айтуға  тыйым  салып,  оны  

«сҧлулаймыз»  деген  сҿзбен  алмастырып  атайды.  Жылқыны  жығардың 

алдында  пішпеші  «Мамықтан  жеңіл,  оқтан  жҥйрік  бол»

1

  деп,  мінҽжат  етеді. 



Ал,  пішіп  болған  соң  аяғын  ҽбден  босатып,  басындағы  ноқта-жҥгенін 

тҥгелдей  шешіп  ап  (пішілген  жылқының  денесінде  жіп-арқан  тақілетті 

нҽрселерден  ештеңе  қалуы  тиіс  емес)  тҧрғызғанда  кҿпшілік    «Тезекте  кезек 

жоқ,  тезекте  кезек  жоқ,  жҥйрік  бол!»  деп,  артынан  аттың  қҧмалағымен 

атқылайды

2

.  Бҧл  рҽсімде  де  жалбарыну  рҽміздік  затпен,  ырыми  ҽрекетпен 



сабақтасқаны  байқалады.  Жалбарыну  ҥнемі  осылайша  қандай  бір  істің 

сҽтімен жҥзеге асуына қосалқы кҿмек шарасы ретінде орындалады.  

Кейде  жалбарыну  табиғат  қҧбылыстарына  бағышталады.  Мысалы,  кҥн 

алғаш  кҥркірегенде,  отанасы  шҿмішке  сҥт  қҧйып  береді  де,  балалар  ҥйді 

айнала  жҥгіріп:  «Сҥт  кҿп,  кҿмір  аз»  деп,  дҿдегені  қағады.  Моңғолдар  да 

алғаш  нажағай  ойнағанда  осыған  ҧқсас  ырым  жасап,  ҥйде  отырған  жандар 

ыдыста  қалған  сҥтті  бҿлісіп,  ауыз  тиетін  болған

3

.  Тувалықтар  ҥйді  кҥннің 



бағытымен ҥш рет айналып: 

 

Жыл басы келді, хайыракан,  



Жылан басы тҥледі, хайыракан. 

Ақ тағам мол болсын, хайыракан, 

Ақ сҥт бозасы дҽмді болсын, хайыракан. – 

 

дейтін



4

Қыстан қысылып шыққан бақташы халық кҿктемнің келуін жақсылыққа 



балаған.  Ал,  алғашқы  кҥннің  кҥркіреуі  жайдары  жаздың  белгісі  саналады. 

Сондықтан мал кҿкке тойып, сҥт мол болсын деген ниетпен ҥйді айналдыра 

ақ  шашып,  тылсым  иелерден  мейір  тілейді.  «Сҥт  кҿп»  деген  сҿз  осындай 

ишараны  меңзесе,  «кҿмір  аз»  дегені  –  найзағайдың  зауалынан  қорғануы. 

Халық  найзағайды  Тҽңірдің  сайтанды  ататын  оғы  деп  тҥсінеді.  Кҥн 

кҥркірегенде сайтан қашып келіп, адамға паналайды да, содан бейкҥнҽ жанға 

жай  тҥседі  деседі.  Мінеки,  осындай  себептерге  байланысты  алдын  ала 

жайдың отынан сақтанып,  «кҿмір аз» деп, мінҽжат етеді. 

Қолдағы  бар  материалдарды  саралағанда,  жалбарыну  (заклинание) 

қарапайым  тілек  (приговорки)  пен  кҥрделі  арбаудың    (заговор)  ортасында 

тҧрған  жанр  екендігі  аңғарылады.  Онда  сҿз  іс-ҽрекетпен,  магиялық  затпен, 

драмалық  талас-тартыспен  ҧштасып  орындалады  екен.  Тілек-батаны  немесе 

арбауды  орындаушы  ҿз  сҿздерін  басқа  жандарға  қарата  бағыштап,  арнап-

сарнап  айтатын  болса,  жалбарынуды  қандай  бір  еңбек-кҽсіп,  ҽдет-рҽсім, 

                                                

1

 Моңғолдар осы сҿзді қозы-лақты пішкенде айтады. Қараңыз: Сампилдэндэв Х. Шившлэг // Монгол ардын 



аман зохиол. Ҧланбатыр, 1988. 69- б. 

2

 Шабдан А. Қазақтың ата малды пішу, қозы-лақты тарту дҽстҥрлі ҽдістері. Ҿлгий, 1995. Қолжазба. 15-16-б. 



3

 Содном Б. Монголын шившлэг // Аман зохиол судлал. Ҧланбатыр, 1967. 57-б. 

4

 Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары. Кызыл, 2002. 295-б. 




 

140 


емдеу-домдау  кезінде  орындаушы  адам  ҿз  ісінің  нҽтижелі  болуын  тілеп,  ҿз 

ҽрекетіне  бағыштап,  ҿзі  айтады  екен.  Жалбарынудың  ең  қысқа  ҥлгілері 

тҿлдегелі  жатқан  қозы-лақты  суырғанда  айтатын  «шым-шым»  деген  сҿзбен 

қырсық  шалған  бҥркітті  домдағанда  айтатын  «сырық-сырық»  деген  

магиялық  сҿз  деген тҥйін жасаймыз.  

Ҽдетте,  жалбарыну  емдеу-домдау  мақсатында  қолданылғанда  қызметі 

арбауға жанасады. Мысалы, толғатқан  анаға, тіліне теріскен шыққан балаға, 

жылқыны пішкенде айтылатын сҿздер арбауға ҧқсас. Тіпті, кейде қарапайым 

тілек те жалбарынуға айналып кететін сҽттер бар. Бҧның себебі  фольклорда 

жанрлар  арасындағы  жалғасу  мен  алмасулар    тҧрақты  болып  тҧратын 

қҧбылыс екендігінен. 

Жалбарыну  сҿз  магиясына  сенуден  тамыр  тартып,  дамығаны  кҥмҽнсіз. 

Оны  айтушы  кейде  іс-ҽрекетпен,  кейде  символдық  затпен  (су,  кҥл,  тезек, 

шҿп, қайшы, т.б) сҥйемелдейді. Кейде қҧр сҿзді ғана айтады. Жалбарынудың 

атқаратын  функциясына  байланысты  оның  ішкі  мҽні  мен  сыртқы  тҥр-

тҧрпаты қалыптасатыны айқын. Мағынасы қарапайым, кҿлемі недҽуір  қысқа 

болуы – оның қандай бір тҿтенше жағдайдағы ҽдет-рҽсім, еңбек-кҽсіп кезінде 

шҧғыл  қолдануға  бейімделген  жанрлық  ерекшелігінен  туса  керек.  Мазмҧны 

қарапайым  болғанымен  кҿркемдік  жҥйесі  ҽжептҽуір  кҥрделі  екендігін 

байқаймыз.  Қҧрылымынан  қайталау,  теңеу,  эпитет,  ҽсірелеу,  шендестіру  

сияқты бейнелеу қҧралдарын табамыз. Осындай кҿркемдік қҧралдарды сҽтті 

пайдаланғандықтан  жалбарыну  астарлы,  сырлы,  тылсым  сияқты  ҽсер 

қалдырып,  адамның  есіне  тез  тҥсіп,  жадында  жатталуға  ҿте  қолайлы. 

Ҧғымдарды  бір-біріне  қарама-қарсы  қою,  шендестіру,  алмастыру  тҽсілдері 

мол  қолданылады.  Мысалы,  от  жаққалы  шоқты  ҥрлегенде    «қоян  шабан,  от 

жҥйрік»  деген  сҿз  айтылады.  Шын  мҽнісінде,  қоян  –  аса  жҥйрік  хайуан. 

Бҧнда  «шабан-жҥйрік»  деген  ҧғым  ҿзара  шендестірілген.  Ежелгі  адам 

анимистік  наным  бойынша  отты  тірі  деп  елестететіндіктен  онымен 

тілдескенде  «жҥйрік» деп мақтап-мадақтап, ал, қоянды ҽдейі   «шабан» деп 

тҿменшіктетеді. Ҿйткені, бҧл мадақты естіген  от иесі қоянмен бҽйгеге тҥсіп,  

бҽсекелесіп,  тез  жанады  деп  иланған.  Ҽйел  іске  кіріскенде  айтатын  «істің 

басы  ілгері,  шайтанның  басы  кейін,  қолыма  жел  байла,  кҿтіме  тас  байла» 

деген  жалбарынуда  «іс-шайтан»,  «ілгері-кейін»  «тас-жел»  деген  кереғар 

тҥсініктер  шендестірілген.  Тағы  бір  мысал,  қолы  шипалы  жандар  мал  мен 

адамды  емдеу-домдау  мақсатында  іске  кіріскенде  «Бисмилла,  менің  қолым 

емес – пайғамбардың қолы» деген сияқты сҿздерді айту ҽдетке айналған. Бҧл 

жалбарыну  «адамның  қолы  –  пайғамбардың  қолы»  деген  ҧғымдарды  ҿзара 

шендестіру,  алмастыру  арқылы  жасалғанын байқаймыз.  Осындай  сҿзді  айту 

арқылы  емдеу-домдауға  кіріскен  бҥгінгі  қарапайым    адам  ежелгі  замандағы 

қасиетті  ілкі-бабаның  атынан  ҽрекет  жасауға  мирасқорлық  етеді.  Басқаша 

айтқанда,  бҧндай  дуалы    сҿздер  айтылған  сҽтте  тарихи  уақыт  пен    мифтік 

уақыт тҥйілісіп, тоғысатынын аңдаймыз

1

.     


Жалбарынудың  кҿбінің  кҿлемі  ҿте  қысқа,  ол  бір-екі  жол  ҿлең  немесе 

                                                

1

 Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. М., 1976.  С. 174 




 

141 


ырғақты  қара  сҿзден  қҧралады.  Бҧнда  айтылатын  аз  сҿздің  ҿзі  тҧрақты, 

ешқандай  ҿзгеріске  ҧшырамайды.  Тіпті,  қазақ  пен  моңғол  халқының  кейбір 

жалбарынуларын ҿзара  салыстырғанда олардың бір-бірінен айырмасы мҥлде 

аз  екендігі  байқалады.  Мысалы,  бҥркіт  аң  алмай,    «қырсық  шалса»,  оттың 

ҥстіне  тҧз  шашып,  пытырлаған  дауыс  ырғағымен  оңнан  солға  қарай 

айналдырып,  «сырық-сырық,  сырық-сырық!»  деп  жалбарыну  айтып, 

домдайтын  салт  бар.  Кейде  бҧл  сҿз  «шырық-шырық»  деп  те  айтылады

1

.  Ал, 



моңғол  емшісі  ауырған  баланы  домдағанда  осыған  ҧқсас  «ширэг-ширэг» 

дейтін    магиялық сҿзді айтады

2

.    Ҽлбетте,  мҧндай  бір  қалыпқа  соғылғандай 



ҧқсастық,  ҥндестік,  бірсыдырғы,  қасаң  сипатта  болу  жалбарыну  жанрының 

кҿшпелі  халықтар  арасында  ежелгі  дҽуірде  қалыптасқандығынан  хабар 

береді.  

Қазақ  фольклорында  жалбарыну  жанрының  мҿлшері  де  кҿп  емес 

екендігін 

айтқымыз 

келеді. 

Ҽйткенмен, 

бҧл 

мҽтіндер 



халық 

шығармашылығының  ҧлы  денесіндегі  шағын  болса  да,  жанды,  нҽрлі,  сҿлді 

бҿлшегі болуымен  қҧнды.                    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет