1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры


ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНҚЫЗЫ ОҢҒАРСЫНОВА



бет57/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНҚЫЗЫ ОҢҒАРСЫНОВА (25 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.
ЖЕРОШАҚ
Түнгі аспан моншақ тақты бұлт ашылып,

Келеміз сайларды асып, қырқа шығып.

Жырақта жерошақтан лаулаған от,

Жылылық құндағы боп тұр шақырып.
Сіміріп тыныштығын өскен кешім,

Жаныма күн қызуын төккен бесін.

Таңғы сәт бота боздар енді бүгін,

Бәрі ыстық талай өрді өткергесін.
Жероашақ – жанымда осы өшкен бесім,

Жалғанда жылуыңа жоқ теңдесің.

Есімде әжем менің бата берсе,

Дейтұғын: «Ошағыңнан от сөнбесін».
Қыр елі адалдыққа нық сенетін,

Сақтайтын кілттемей-ақ құрт пен етін.

Есімде, анам көмген жерошақтан,

Ертемен от алуға жұрт келетін.
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп,

Әр күні бал шағымның жүр естіліп.

Анашым Прометей боп көрінетін,

Ошақтан жатқанда отты үлестіріп.
Ойласам, сең кешіппін, жел асаппын,

Бұл кеште көңіл мұңын неге шақтым?

Қызуы бар әлемнің жетпейтіндей,

Маздаған жылуына жерошақтың.
*****
САҒИ ЖИЕНБАЕВ (5.5.1934, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 1994, Алматы) — ақын.

Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955).

1956-1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі,

1965-1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді.



1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан.

Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің, “Махамбет”, “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы.

Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет