№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының «асыл әжелер» клубының ережесі



Дата10.03.2022
өлшемі23 Kb.
#27461

10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының
«АСЫЛ ӘЖЕЛЕР» КЛУБЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсет­ті. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ». 


  1. «Асыл әжелер» клубының идеясы, мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері, ұстанымдары


Идеясы: «Ұлылықты шежіреден, салт-дәстүрді әжелерден үйрен».

Мақсаты:

  • Қыз балаларға әже тәрбиесінің ерекшелігін үғындыра отырып, өрімдей өсіп келе жатқан қырмызы гүлдей қыздарға қылықтылық, келіндерге келістілік, қыз тәрбиесіндегі кемістіктермен келісе отырып, ата-бабамыздың киелі әдет-ғұрпына терең бойлату, соны ұғындыру болып табылады.

  • Қыз бала тәрбиесіне тікелей жауапты тұлғалардың бірі саналатын әжелерді «Асыл әжелер» клубына мүше етіп, белсенділігін арттыру, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасау; ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының жасалуын үйрету;

  • Ұлт болашағы бүгінгі тұлымды қыз, ертеңгі ананың тәрбиесіне байланысты екендігін ұғындырып, тәжірибелік дағдыларын дамыту;

  • Қыз баланың бойында ибалылық пен ізеттілік, іскерлік пен шеберлік сияқты қасиеттерді, қазақы тәрбиені қалыптастыру;

Міндеттері:

  • Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

  • Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуіне ықпал ету.

  • Қыз бала тәрбиесіне ықпал етуші тұлғаның бірі әжелердің ағарту жұмысын, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

  • Қыздардың бойында жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Іске асыру механизмдері:

Қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу.



Ұстанымдары:

Гуманистік бағыт ұстанымы – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы.

Жалпыадамзаттық құндылықтар ұстанымы - рухани-адамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына негізделуі.

Мәденисәйкестілік ұстанымы – мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және ұлттық мәдениеттердің жалпыадамзаттық құндылықтары мен нормаларына сәйкес құрылуы.

Үздіксіздік ұстанымы – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін байыту.

Этникалық ұстаным – тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, ана тілінде білім алу және қарым-қатынас жасау үшін, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуге жағдай жасау.
2. «Асыл әжелер» клубының атқаратын жұмыс формасы мен көлемі:
2.1. Ұлттық салт-дәстүрді, құндылықтарды үйретуге, сіңіруге бағытталған шаралар;

2.2. Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін шеберлік сабақтары;

2.3. Әже өнегесі , әже тәлім-тәрбиесіндегі басты қағидаларын ұстануды үйрететін кездесу, сырласу кештері;

2.4. Қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыруды көздейтін байқаулар мен сайыстар;

2.5. Болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлауға арналған сынып сағаттары;

2.6. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды дәріптеп, бойларына қалыптастыру жұмыстары;

2.7. Үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыруға қатысты шеберлік сабақтары;

2.8. Психологиялық жағынан қалыптасқан тұлға тәрбиелеуді мақсат еткен психолог сабақтары мен сағаттары;

2.9. «Асыл әжелер» клубының жұмысын әлеуметтік желі арқылы (күнделік.кз., фейсбук, инстаграм) насихаттау.

 

3. «Асыл әжелер» клубының құрамы:


3.1. «Асыл әжелер» клубына лицейдің барлық сыныптарынан әжелер ерікті түрде қатыса алады.

3.2. Клуб құрамында әр сыныптан 3 әжеден кем болмауы тиіс.

3.3. Клуб жұмысына лицей әкімшілігі, сынып жетекшілері мен тәрбиешілері түгел тартылады.

3.4. Сынып жетекшілері белсенді деп таныған бірнеше әжені ұсына алады.



3.5. Жыл сайын клуб құрамына толықтырулар мен өзгерістер еніп отырады. Клуб құрамына 7-сыныпқа қабылданған оқушылардың әжелері жаңадан тартылады, 8-11-сынып әжелері өз қалауларымен қатыса береді, бітіруші сыныптардың әжелері клуб құрамында мүше ретінде қалуға құқылы.

3.6. Клуб жетекшісі арнайы бекітіледі.

3.7. Клуб жетекшісінің жұмысына лицей әкімшілігі не клуб мүшелері қанағаттанбаған жағдайда, басқа клуб мүшесі ұсынылып, бекітіледі.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет