Надандай болмас ақ көзді



бет1/6
Дата13.03.2023
өлшемі34,39 Kb.
#73734
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қара өлең ұйқасы


Қара өлең ұйқасы. Бұл бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз 11 буынды өлеңдерде ғана емес, 7, 8 буынды өлеңдерде де бола береді. Мысалы:
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмес,
Білер қайдағы шәргезді.
(Абай)
Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны» өлеңінен алған, «Аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса, мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады, ұйқасы жағынан ешбір айыр масы жоқ.
Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі.
Туысқан өзбек, қырғыз, карақалпақ, татар, түрікмен, башқұрт поэзияларында кездеседі.
Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. Мысалы:


"Қағаздың қасың сұлу сиясындай, Тоғайдың мойның ұзын миясындай, Қолымды саған қайтсем жеткіземін, Сұңқардың жатқан жерік ұясындай"


. Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады. Мұндай ой жеңіл әзіл-оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді. Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған. Оның үлгілері "Оғызнамада" (9 ғ.), Ж.Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.), М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түркінде" (11 ғ.), А.Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.) кездеседі.
Сипаты жағынан орыстың "частушкасына", тәжіктін "ашуласына", латыштың "дайнасына", шығыс халықтарының "бәйіті" мен "ғазалына", өзбектің "қошығына" ұқсас. Қазіргі қазақ поэзиясында қара өлең үлгісі кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет