10 дәріс тақырыбы: sql сұраныс жасауда функцияларды қолдану. (1 сағат) Мақсаты



Дата27.11.2023
өлшемі17,64 Kb.
#129758

10 дәріс тақырыбы: SQL сұраныс жасауда функцияларды қолдану.
(1 сағат)
Мақсаты: SQL сұраныс жасауда функцияларлы қолдануды.
Дәріс жоспары:
1. Бір жолды қондырылған функциялар. Сандық функциялар.
2.Агрегаттық функциялар.
Дәрістің қысқаша мазмұны
SQL- де функциялар тілдің басқа да операторлары сияқты деректермен әрекет орындайды және өз мәні ретінде нәтиже қайтарады. Функциялардың қайтаратын мәннің типімен анықталатын типтері болады, сондықтан функциялардың сандық, жолдық, уақыттық т.б. түрлері болады. Әдеттегі оператордан айырмашылығы функция берілу форматы арқылы ажыратылады:
Функция атауы [(аргумент [, аргумент]...)]
Бұл формат функцияның нөл, бір немесе бірнеше аргументі болатынынын көрсетеді, аргумент болмаған жағдайда жәй жақша қолданылмайды.
SQL функциясының екі негізгі класы болады: қондырылған және қолданушы арқылы анықталған.
Қондырылған болып SQL- де алдын- ала анықталған функциялар табылады. Екінші кластың функциялары болып SQL- дің барлық мүмкіндіктерін қолдануды жүзеге асыратын қолданушының арнайы тілде жазылған функциясы табылады. Әрбір ДҚБЖ ол үшін өзінің жеке тілін қолданады.
SQL- де әртүрлі категориядағы қондырылған фунциялар анықталған. Қондырылған функциялар екі топқа бөлінеді:
Бір жолды функциялар. Олар аргумент ретінде бір жолдың бағандар мәнін қолданады және бір ғана мән қайтарады.
Агрегаттық (немесе топтық) функциялар. Олар жолдар жиынының бағандар мәніне сүйенеді және бір ғана мән қайтарады.
Оларды жеке қарастырайық:
Бір жолды қондырылған функциялар
SQL- де бір жолды қондырылған функциялар қолданылады. Олардың аргументі бір мән (бір баған немесе бір кесте) болады және нәтиже ретінде де бір ғана мән қайтарады. Бұл функциялар аргумент типі бойынша топтарға бөлінеді.
SQL Server- дің қондырылған функциялары келесі топтарға бөлінген:

Агрегаттық функция кесте жолдарының тобына операцияны орындай отырып, кестеден агрегатталған ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
SQL – сұранысының ішіндегі агрегаттық (қорытындылау) функциясының көмегімен таңдалған мағыналар жиыны туралы қорытушы статистикалық мәлімдеулер қатарын алуға болады.
Пайдаланушыға келесі негізгі агрегаттық функциялар қолайлы:

  • Count (өрнек) – SQL – сұранысы жиынтығындағы жазбалар санын анықтайды;

  • Min/Max (өрнек) – сұраныстың кейбір өрісіндегі мағыналар жиынының ең азы мен ең көбін анықтайды;

  • Avg (өрнек) – бұл функция белгілі бір өрісте сақтаулы тұрған сұраныспен таңдалған жазбалардың, мағыналар жиынының орташа мәнін есептеуге арналған. Ол арифметикалық орташа мән, және де олардың санына бөлінген мәндер суммасы болып табылады.

  • Sum (өрнек) – белгілі бір өрісте тұрған сұраныспен таңдалған жазбалардың, мәндер жиынының суммасын есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет