Дәлдік класы — бұл өлшеу құралдарының әртүрлі қасиеттерін анықтайтын жалпыланған метрологиялық сипат. Мысалы, көрсететін электрөлшеу аспаптарының дәлдік класы негізгі қателіктен басқа, көрсеткіштердің өзгерісін де көрсетеді, ал электрлі шамалардың өлшемдері – тұрақсыздықтың шамасын (жыл көлеміндегі мәннің пайыздық өзгерісі) көрсетеді.

Өлшеу құралдарының дәлдік класы жүйелі және кездейсоқ қателіктерді қосады. Алайда ол осы СИ көмегімен орындалатын өлшем дәлдігінің бірден-бір сипаты болып табылмайды, себебі өлшем дәлдігі өлшем әдісіне, СИ объектімен өзара әрекет етуіне, өлшем жағдайларына және т.б. тәуелді.
Жекелей алғанда 1 % дейінгі дәлдікті шаманы өлшеу үшін 1 % қателігі бар өлшеу құралын таңдау жеткіліксіз. Таңдалған СИ мейлінше аз қателікке ие болуы қажет, себебі әдістің қателігінде есепке алу керек.
Дәлдік кластарын тағайындауда бірнеше тәсілдер бар. Мұнда негізге келесі ережелер алынған:
жүйелі және кездейсоқ құраушыларды қосатын рауалы қателіктердің шектері нормалар ретінде болады;
негізгі ∆0 және қосымша қателіктердің ∆i барлық түрлері жеке нормаланады.
Бірінші ереже жалпы қателіктің шамасы бойынша көрсеткіштерді бір реттік есептеу есебімен СИ әзірлеу қажеті туралы куәландырады.
Бірінші ереже жалпы қателіктің шамасы бойынша көрсеткіштерді бір реттік есептеу есебімен СИ әзірлеу қажеті туралы куәландырады.
Дәлдік кластарын өлшеу құралдарына мемлекеттік қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша олардың әзірленуі кезінде береді.
Қазіргі уақытта негізгі ретінде өлшеу құралдарының дәлдік кластарының үш түрі анықталған:
δ = ± А- 10", мұндағы А =1; 1,5; 2; 2,5; 4; 5 және 6; n = 1; 0: -1; -2; ... және т.б. сандар қатарының түрінде рауалы салыстырмалы қателіктер шектері үшін;
сондай қатарлы рауалы келтірілген рауалы салыстырмалы қателіктер шектері үшін;