10 сыныптыњ геометрия сабаѓы



бет1/6
Дата24.11.2022
өлшемі99 Kb.
#52244
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Конспект урока на тему Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану. 10-сынып. Геометрия


10 сыныптың геометрия сабағы
Мұғалім: Шинтимирова Әмина Кәмешқызы, Қостанай облысы, Рудный қаласының №19 қазақ орта мектебі


Тақырыбы: Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану

Мақсаты:



  1. Үш перпендикуляр туралы теоремалардың қажеттілігін негіздеу.

  2. Объектілердің мәнді сипаттары мен қасиеттерін бөліп алу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

  3. Танымдық қызығушылықты, өзіне деген сенімді, табандылықты, өз еркімен әрекет істеу дағдыларын дамыту, ой еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.

  4. Оқушылардың ҰБТ-ге дайындығын жүйелеу.



Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру моменті – 1 мин.

  2. Қолданылатын білім мен біліктің практикалық мәнділігін оқушылардың ұғынуы арқылы оқу іс-әрекетінің мотивациясы, сабақтың тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің қойылуы – 6 мин.

  3. Алдағы тапсырмаларды орындау кезінде практикалық әрекеттерді қолданудың бірізділігін және мазмұнын ұғыну – 20 мин.

  4. Мұғалімнің бақылауымен оқушылардың өздігімен тапсырмаларды орындауы – 10 мин.

  5. Орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жүйелеу және жалпылау – 3 мин.

  6. Сабақтың қорытындысы және үй тапсырмасының қойылуы – 5 мин.

  7. Резерв тапсырма.



Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру моменті

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі.




2. Оқу іс-әрекетінің мотивациясы


Мұғалім:
Оқушылар, біздің алдымызда мынадай екі мәселені шешу міндеті тұр: біріншісі – жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтықтағы түзуге дейінгі қашықтықты табу, екіншісі – тік төртбұрыш жазықтығының бір төбесінен тұрғызылған перпендикулярдың жоғарғы ұшын төртбұрыштың басқа төбелерімен қосқанда пайда болған үшбұрыштар түрлерін анықтау.

(сызбалары экраннан көрсетіледі)



1-сұрақтың жауабы: Берілген нүктеден берілген жазықтыққа АС перпендикулярын түсіру керек, сонан соң перпендикуляр табанынан берілген түзуге СВ перпендикулярын тұрғызу керек. Сонда АС кесіндісінің ұзындығы А нүктесінен а түзуіне дейінгі қашықтық болып саналады.
2-сұрақтың жауабы: Есептің шарты бойынша ВС және СD өзара перпендикуляр, СD кесіндісі ОС көлбеуінің проекциясы болғандықтан, ВС мен ОС да өзара перпендикуляр болып шығады. Сол сияқты АВ мен АО-ң да өзара перпендикуляр екендігі дәлелденеді. Яғни бұл үшбұрыштардың тік бұрышты үшбұрыштар екендігі шығады.
Сұрақ: Осы есептерді шешу кезінде біз бұрыннан бізге белгілі қандай тұжырымдарға сүйендік?
Жауап: Біз үш перпендикуляр туралы теореманы пайдаландық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет