12 – дәріс Ауыл шаруашылық малдарының сәулемен зақымдануы



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі7,58 Mb.
#136550
  1   2   3   4
Байланысты:
12 daris 4

12 – дәріс Ауыл шаруашылық малдарының сәулемен зақымдануы

Оқу сұрақтары:

Оқу сұрақтары:

1.Сәуле ауруын балау.

2.Сәуле ауруын емдеу.

3.Ауыл шаруашылығы малдарының әр түрлерінде сәуле ауруының өту ерекшеліктері.

4.Сәуле күйіктері.

5.Сәулемен аралас зақымдану.

6.Сәулеленген малды шаруашылықта пайдалану.

  • Жіті сәуле ауруын балау
  • Ауыл шаруашылық малдарының сәуле ауруын балау толық, жеткілікті жасалмаған, әсіресе радиациямен зақымданудың алғашқы төрт тәулігінде. Сәуле ауруының қатаң өзіндік клиникалық белгілері болмағандықтан, балауды анамнездің, дозиметриялық көрсеткіштердің, клиникалық белгілердің, гематологиялық, морфологиялық, иммунобиологиялық және басқада зертханалық зерттеулеулердің негізінде жүргізеді.
  • Малдың сәуле ауруын балау кезінде сырттай және іштей сәулелеудің сандық көрсеткіштерін ескеру және қолда бар барлық физикалық және радиометриялық зерттеу әдістерін қодану қажет, олар сәуле көздерінің сипаты, сәуле түрлері, оның қосынды энергиясы және сәулелеудің геометриясы т.б.
  • Сәуле ауруын балаудың ең басты мәселесі қанды зерттеудің көрсеткіштеріне негізделген. Сәулеленгеннен кейінгі гематологиялық көрсеткіштердің ең сенімдісі лейкоциттердің, әсіресе лимфоциттердің санының күрт азайуы болып саналады.
  • Ликопенияның дамуы – организмнің сәулемен зақымдануын көрсететін және сәуле ауруының ауыртпалығын сипаттайтын алғашқы және өзіне тән симптом. Гематологиялық зерттеулер кезінде гемоглобиннің, шеттік қандағы эритроциттердің, лейкопения, лимфопения,тромбоцитопения деңгейлерінің, қанның ұйу жылдамдығының мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар клиникалық белгілерінің көріну дәрежесін және геморрагиялық синдромға сипатты патологоанатомиялық өзгерістерді ескеру қажет.

Сәулелену дозасына байланысты лейкоциттердің саны.

Кобальт – 60-пен 450 – 700 Р дозада сәулеленгеннен кейін сиыр қанындағы эритроциттер санының өзгеруі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет