№12 (58) 1 маусым 2016 жыл Ардагерлерге арналған республикалық газет Газет 2014 жылдан шығады.
Киелі Маңғыстау өлкесінің тумасы
Өмірзақ Озғанбайұлын республика
жұртшылығына таныстырып жатудың
қажеттігі бола қоймас деп ойлаймын.
Өйткені бұл азамат елімізге белгілі
мемлекет және қоғам қайраткері
болуымен бірге, күні кеше ғана Астана
қаласында өткен республикалық
ардагерлер ұйымының VII съезінде осы
ұйым кеңесінің төрағасы болып қайта
сайланғанын ескерсек, оның халыққа
қаншалықты танымал тұлға екеніне көз
жеткіземіз.
Дана халқымыз "өткен күнде белгі
жоқ" деп бекерге айтпаған ғой. Көптеген
жылдар Маңғыстауда қатар жүріп
қызметтес болсақ та, соңғы жылдары
облыстық ардагерлер кеңесінде халқы-
мыздың өткені мен кеткені, бүгіні мен
ертеңі, болашағымыз - жастар тәрбиесі
жайлы ақыл-кеңес құрып жүрсек те,
уақыттың қалай өткенін байқамай қалған
екенмін. Енді аңғарсам, Өмірзақ Озған-
байұлының күні кеше ғана өткендей
болып есте қалған 70 жасқа толған мерей
тойына да қазір 5 жыл толып отыр екен.
Осыған орай, құрметті ініміздің кең
дүниенің есігін ашып, өмірдің кедергісі
мол киелі табалдырығынан сүрінбей өтіп
келе жатқанына 75 жыл толу мерекесіне
арнап лебіз білдіру мақсатында қолыма
қалам алдым.
Өмірзақ Озғанбаевтың өмір есігін
толық ашпай жатып бүкіл дүние жүзін
қамтыған алапат соғыстың зардабын
шегуі, соғыстан кейінгі жылдарда өзі
қатарлас әкелері соғыстан оралмай
қалған балалардың басына тегіс түскен
ауыр қиындықтар жағдайында өсіп-
жетілуі, балалық шағынан әр кез аяқ
астынан кездесе кететін қандайда
болмасын кедергілерді жеңіп отыруды
басты мақсат ете білуі, оның кейінгі,
есейген кезінде алдынан шығатын талай-
талай "тар жол, тайғақ кешулерден"
сүрінбей өтуіне кеңінен жол ашты.
Ортамыздан күні кеше ғана қайтпас
сапарға аттанып кеткен айтулы тұлға,
Адамзаттың Әбіші - Әбіш Кекілбайұлының
өзгенің тілі жетпейтін, ойлаған сайын
естен кетпейтін, тек өзі ғана сол кездерде
өмірге келгендердің балауса шақтарында
көрген қиындықтарын көзге елестетіп
айта да, жаза да алғанын "Дүние ғапыл"
атты өлеңдер жинағындағы мына
жолдардан көре аламыз:
"Біз туып, жер басқалы апыл-тапыл,
Мүйіздескен дүние сатыр-сатыр;
Қиян кескі қым-қуыт түрін көрдік,
Орнамады демесең заман ақыр.
Өтті-кетті балалық жалап-сұқтап,
Өлдік-өштік, күн кештік жылап-
сықтап.
Жастық өтті жаутаңдап жалтақ-
жұлтақ,
Егделікті еңсердік қалтақ-құлтақ...."
Өмір жолы осылай, дәл Әбіш
айтқандай болып басталған, балғын
балалық шағы тек ертек-қиялдағыдай
болып өткен Өмірзақтың асыл анасы
Ақажан жеңгеміз бауыр еті баласына
жетімдік көрсетпей, қатарларынан
қалдырмай өсіруді ойдан шығармады.
Осы мақсатта ол кісі ең алдымен ұлының
сабақтан қалмауын ойластырып, оның
сыныптан сыныпқа көшкен кездегі
баратын мектептерінің бір-бірінен орасан
шалғайлығына қарамастан, онда көшіп
бару азабын бастан кешіп отырды. Жер
шалғайлығы дегенде 284411 шаршы
шақырым жердің иесі маңғаз Маңғыс-
таудың ол кездегі көлік түрлерін еске
алғанда елді мекендерінің ара қашықтығы
қандай болғанын екінің бірі аңғара
бермейді. Көгілдір аспанында ұшқан қара
жоқ, торғай екеш торғай да көзге
түспейтін, сусыз шөл, манаурап жатқан
маң даланың шегі қанша күн жол шексең
де жеткізіп болар ма, "пәлен күн" емес-
ау, кейде апталап, айлап азапты жолды
артта қалдырып діттеген жеріңе әрең
жетесің. Сондай қашықтықтардың қата-
рына сол кездегі "Джип" - түйемен көшуді,
жартылай жаяу жүруді еске алсақ,
Өмірзақтың туған жері "Құрықтан" - Форт
Шевченкоға дейін, Форттан Сенек,
Бекдашыға, одан Красноводскіге дейінгі
аралықтарды жатқызуға болады.
Кеңес үкіметінің жергілікті халықтың
мүддесіне қарсы бағытталған солақай-
қанқұйлы саясаты салдарынан туған
тұрмыстың төзгісіз ауырлығына байла-
нысты, ұрпақты аман сақтау мақсатында
туған жерін тастай көшкен ағайын-
тумалардың көшіне ілескен, соғыста
ерлікпен қаза тапқан Озғанбайдың отбасы
жол бойы сульфатты Бекдашының дәмін
тата отырып, Красноводск қаласынан бір-
ақ шықты. Осы аталған елді мекендердің
бәрінде де оқуын үзбей сыныптан
сыныпқа көшіп отырған Өмірзақ, осын-
дағы мектеп-интернатта жатып оқып, орта
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР
ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ҚАЙРАТКЕР
Жылы лебіздер
***
Біз сізді білімдар, парасатты,
бүкіл саналы ғұмырын, бойындағы
қабілет-қарымы мен қайратын
халық игілігіне жұмсаған, жаны
жайсаң азамат, ел тарихын
зерттеген данагөй ғалым ретінде,
әрқашан да арқа сүйейтін,
тілеуіңізді тілейтін жаны жақын
ініңіз ретінде үлкен құрмет
тұтамыз.
Сіздің парасат-пайымыңыз бен
зиялы болмыс - бітіміңіз, турашыл-
дық пен ақиқатқа ғана жүгінетін
қасиетіңіз ортаңызға олжа, ұрпаққа
өнеге.
Бақытқожа ІЗМҰХАНБЕТОВ,
ҚР Парламенті мәжілісінің
төрағасы.
***
Маңғыстау өңірінің жан-жақты
дамуына қосқан қарымды қабіле-
тіңіз бен арынды күш-қуатыңыз
еліміздің өсіп-өркендеуі жолына
сіңірген еселі еңбегіңізбен жара-
сымды жалғасын таба білді.
Әсіресе, отандық білім беру
саласының белді маманы болған
тұсыңыз бен Қазақстан Республи-
касы Жоғары Кеңесі, Парламент
Сенатының депутаты болған
кезеңде Сіздің ірі іскерлігіңіз бен
білікті бейнеңіз жарқырай көрінді.
Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ,
ҚР Қорғаныс министрі.
***
Танымал қоғам қайраткері
ретінде Сіздің күш - жігеріңіз бен
тума талантыңыз, жастар тәрбие-
сіне қосқан ерен еңбегіңіз Егеменді
еліміз - Тәуелсіз Қазақстанның
берік те қуатты ел болып құры-
луына, өсіп - өркендеуіне қосқан
елеулі үлесіңіз деп білеміз.
Осы орайда көптеген жоғары
марапаттарыңыз Сіздің қажырлы
еңбегіңіз бен асқан шеберлігіңізге
берілген зор құрмет пен қошемет-
тің бағасы деп санаймын.
Б.САПАРБАЕВ,
Ақтөбе облысының әкімі.
***
Халқымызда «Жақсының жақ-
сылығын айт, нұры тасысын» деген
өсиетті сөз бар. Сіз игі жақсы-
лардың ізін жалғастырып, ақы-
лыңызбен, білімділігіңізбен, ше-
шендігіңізбен, көсемдігіңізбен
жүрген ортаңызды мойындатқан,
кісілік келбетіңіз ерте қалыптасып,
туған халқыңыз бен Тәуелсіз
Қазақстанға қызмет етіп жүрген
құрметті азаматсыз.
Ел ертеңі болар бүгінгі жас
ұрпақ Сіздей халқының ардақты
азаматына қарап бой түзейтіндігі
ақиқат. Сондықтан Сіздің жүрген
жолыңыз, туған еліңіз үшін еткен
ерен еңбегіңіз жас ұрпаққа үлгі-
өнеге болатындығына сеніміміз мол.
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ,
Қызылорда облысының әкімі.
***
Жазушы, тарих және фи-
лософия ғылымының докторы,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының комитет
төрағасы Өмірзақ Озғанбайдың
қазақтың көрнекті қоғам және дін
қайраткері Шәймерден Қосшығұлов
туралы кітабы осындай
отаншылдық рухта жазылған. Бір
жағынан оның депутаттық қызметі
революцияға дейінгі Ресейдің
Мемлекеттік Думасына тұңғыш рет
мүше болған қазақтардың бірінің
өмірі мен қызметін зерттеуге
мұрындық болды.
Бұл кітаптың тек тарихты
зерттеушілердің ғана назарына
ілігіп қоймай, ел рухын көтеру-
шілердің бірінің және отандас-
тарының көкейкесті мүддесін жан-
тәнімен қорғаушының қапияда
ұмыт болған абзал есімін халық
жадында оятарына сеніміміз мол.
Жабайхан ӘБДІЛДИН,
Қазақстан Республикасы
Ғылым академиясының
академигі.
***
Кейінгі жылдары Өмекең өзі
көрген өмірден, саяхаттап барған
жерлерінен бірнеше танымдық
кітаптар жазды. Соның ішінде
Жапон, Тай, Пәкістан, Англия т.б.
елдерде болған сапарларынан
жазған танымдық кітапшалары
шықты. Облыстық, республикалық
көлемдегі халқымыздың ардақты
ұлдарына арналған мерейтойлы
шараларды ұйымдастырып, халық-
тың алғысын алды. Өмекең Педа-
гогикалық білімнің халықаралық
академиясының академигі, тарих
ғылымының докторы. Ол әлі де
өзінің бай тәжірибесі мен білімін
жастарға беруден тынған емес.
Қойшығара САЛҒАРИН,
жазушы, мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты.
Республика ардагерлері Орталық Кеңесінің
төрағасы, тарих ғылымының докторы,
профессор Өмірзақ Озғанбаев 75 жаста
мектепті үздік бағамен бітіріп шықты.
Оқуын бұдан әрі жалғастыруға отба-
сылық жағдайы көтермеген Өмірзақ
ұстаздарының ұсынысы, әрі қамқор-
лығымен мектеп пионер ұйымының
жетекшісі болып тағайындалады да,
Қызылорда педагогикалық институтына
сырттай оқуға түседі.
Институтты қызыл дипломмен бітір-
ген, туысынан зерек Өмірзақ Озған-
байұлының алдынан өмірдің жарқын да
кең есігі айқара ашылды. Ол алғашқы
жұмысын ұстаздықтан бастады. Ұстаздың
кім екенін, қандай болуы керектігін айтқан
даналар аз емес. Сол ғұламалардың алғаш-
қыларының қатарында біздің дәуірімізден
төрт ғасырдай бұрын өмір сұрген,
Александр Македонскийдің ұстазы ежелгі
грек философы Аристотель айтқан: "Тек
туғанына ғана қарыздар ата-анадан,
тәрбиесі үшін қарыздар мұғалімдер
балаларға қадірлірек: біреулері бізге тек
өмір, ал басқалары-жақсы өмір сый-
лайды"-деген сара жолды негізгі мақсатым
деп білген ұстаз Өмірзақ Озғанбаев
барлық саналы өмірін шәкірттеріне, бүкіл
жастарға, халқына жақсылық сыйлаумен
келеді.
Ол жастарға білім берудің барлық
сатыларынан - мектепте оқытушы, дирек-
тордың орынбасары, облыстық мұғалімдер
білімін жетілдіру институтының дирек-
торы, білім беру басқармасының бастығы,
республикалық оқу-әдістемелік кабине-
тінің директоры, басқа да білім саласының
басшы қызметтерін атқара жүріп, алдына
ғылыммен айналысу мақсатын қойды.
Табиғат берген таланты мен қаблетінің,
қандай қиындықтар болса да жеңуге
талпынған өзіне де, өзгеге де талап қоя
білуінің, шаршамай- талмай жүргізген
ізденімпаздығының, қажырлы еңбегінің
арқасында екінің бірінің маңдайына
жазылмаған, қайсыбір талапкерлердің
қанша талпынса да ғылымның бір
саласының да атын ерттеп міне алмай
жүрген, білімнің, ғылымның инемен құдық
қазғандай деп бағаланатын қиындық-
тарына қарамастан өресі білімнің биік
шыңдарға көтеріліп, педагогика ғылым-
дарының кандидаты, тарих, философия
(халықаралық классификация бойынша
қорғалған) ғылымдарының докторы
атанды, Педагогикалық білімнің Халық-
ралық ғылым академиясының академигі
болып сайланды. Профессор Ө.Озғанбаев,
сонымен бірге, Қазақстан Республикасы,
Түрікменстан, КСРО елдері білім беру
жүйесінің үздігі атағына, Ыбырай Алтын-
сарин медаліне ие болды. Осы кездерде
Өмірзақтың жеткен биіктіктерін жоғары
бағалап құттықтау жолдаған Әбіш: "Қадірлі
Өмірзақ! Тоз-тоз заманда туып, елден-
жерден шалғайда өсуге мәжбүр болсаңыз
да, еліңізбен, жеріңізбен бірдей жаңарып,
бірдей еңселенер дәурен кешіп келесіз.
Туған халқыңыздың жас ұрпағын тәрбие-
леп жетілдіруге қалтқысыз үлес қостыңыз.
Білім берудің әрі ғұлама ғалымы, әрі шебер
ұйымдастырушысы болып, жұртшылық
құрметіне бөлендіңіз..." - деген еді.
Өнегелі өмірімен, тындырымды ісімен
халықтың сеніміне, сүйіспеншілігіне ие
болған Өмірзақ Озғанбаев қатарынан екі
рет: біріншісінде - XIII шақырылған
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңе-
сінің депутаты болып сайланса, екін-
шісінде-қоғамның жаңа талаптарына сай
өмірге келген Қазақстан Республи-
касының тұңғыш кәсіби қос палаталы
Сенатының депутаты болып сайланды.
Осы палатаның Аймақтық даму мәсе-
лелері және жергілікті өзін-өзі басқару
Комитетінің төрағасы болып сайлануы
халық қалаулысы Өмірзақтың депутаттар
арасында да үлкен беделге ие болғаны-
ның куәсі еді. Аталған Комитеттің
төрағасы бола жүріп, республикамызда
аймақтық өзін-өзі билеу саясатының
жүйелі жүргізілуіне үлкен жігермен
атсалысқаны, өзге елдерде болатын
халықаралық парламенттік тәжірибе
алмасу, өткізілетін ғылыми конферен-
циялар кездерінде терең біліктілікпен
шешен сөйлеп, шетелдік әріптестерін
таңғалдырып отыратыны сапарластары
тарапынан жиі айтылатын.
Белгілі жазушы, марқұм Камал
Смайылов Тұманды Альбион елінде-Лон-
донда өткен дүниежүзілік конференцияға
Өмірзақпен бірге барғанын айта келіп,
"...Білімді адам өнебойы ойланып, тол-
ғанып жүреді. Бір пікір Англия мен АҚШ-
та бірдей қолданылатын, бір ағылшын
тілінде бірдей жазылып, екі түрлі, екі
бөлек оқытылатын сөздер, ұғымдар көп
екенін көріп, Өмірзақ жазылуы мен
оқылуы бірдей келетін қазақ тілінің
құдіретіне таң қалатынын білдірді" деп
естелік қалдырған еді. Естелікте айтылып
отырғандай, депутаттығына байланысты
әлемнің көп елдеріне сапар шегетін
Өмірзақ Озғанбайұлы өркениетті елдер-
дің бір қатарында болып, елге келер
кезінде олардағы көзге ұрып тұрған әсем
құрылыстарға, салынған жолдарға, барды
пайдалана білу ісіндегі ұқыптылықтарға
жай таңданумен оралған жоқ. Ол сол
елдердің тарихына, әдебиеті мен мәде-
ниетіне, елдің әл-ауқатына зер салып,
алған жақсы әсерлерінен үлгі алуды,
жағымсыз жақтарынан бойды аулақ салу
қажеттігін айтып, ұшқыр қаламымен
жазып та келетін. Ғалымның, жазушының
бұл бағыттағы терең ойлары, ұсыныс-
пікірлері ғылыми еңбектерінен, сөйлеген
сөздерінен, тартымды да әсерлі-оқыған-
дардың құмарын қандырып, авторына
шынайы ризалығын білдіретін-шабытты
шығармаларынан кеңінен орын алып
отырады.
Мен бұл жерде "жазушы" деген сөзді
бекерге айтып отырған жоқпын. Алып
қарасақ, оның кітаптары тек ғылым
салаларын талдау, жетілдіру, не сапар-
ламаларды баяндау емес, сүйіп оқитын,
халқымыздың мақал-мәтел, тапқыр нақыл
сөздерімен тұздықталған шынайы әдеби
шығармалар екеніне көз жеткіземіз.
Өмірзақтың ұшқыр қаламынан өмірге
келген шығармалардың қай-қайсысы да
оқырмандарды бей-жай қалдыра алмай-
ды. Осындай шығармалардың қатарында
жазушының "Ресей мемлекеттік думасы
және Қазақстан", "Дәуір бел-белес-
терінде", "Ата мекен хикаялары", "Халық-
тан асқан ұстаз жоқ", "Қара нар керек
бұл іске", "Ұлы бесін", "Атан қомынан
атом заманына дейін", кейінгі жылдары
жазған "Жадымда жүрген жақсылар",
"Отты жылдар", басқа да осы сияқты
құнды кітаптарын атауға болады. Иса-
Досан бастаған "Маңғыстау" көтерілісі,
"Адай көтерілісі", Мәтжан, Қашаған,
Түмен, Оразмағанбет, Шотан, Атағозы
батырлар, әрі батыр, әрі шешен, ұзақ
жылдар адай елін басқарған Сүйінқара,
Пір Бекет ата, тағы басқа адайдың
маңдайына біткен көптеген дарын иелері
туралы бірқатар қаламгерлер жазып
келеді ғой, бірақ Өмірзақтай тереңдеп,
кейіпкерлерінің айтулы қасиеттерін,
еліне сіңірген еңбектерін жеріне жеткізе
баяндай алғаны кем де кем деп айта
аламын.
Өмірзақ Озғанбайұлының Ыбырай
Алтынсарин атындағы Білім Акадамия-
сының Президенті болып істеп жүрген
кезінде өткізген білім салаларын рефор-
малауға арналған бір үлкен конфе-
ренцияда сөйлеген ғалымдар Білім
Академиясын тек білімді адамдар ғана
басқара алады деп, қазір осы Білім
Ордасын сондай жан-жақты білімді кісі
басқарып отырғанын айтқан екен.
Өмірзақ Президент болып істеген 550 күн
ішінде атқарылған қыруар жұмыстар
туралы сол кездегі Қазақстан Республи-
касы Білім және ғылым министрі Нұралы
Бектұрғановтың сол конференцияда
сөйлеген сөзінен көреміз. Ол: "...Ал
педагогика саласындағы тұғырлы ой-
тұжырымдарыңызды бүгінде Академия
президенті қызметін атқару үстінде жан-
жақты дамытып, жүзеге асырып отыр-
ғаныңызға еліңіз куә. Өзіңіз басшылық
еткен уақыт аралығында Академия
аясында қыруар қажырлы істердің
ұйтқысы болып келесіз. Жаңа уақыт
талабына лайық жаңа бағыттардың кең
өріс алуына Сіздің қосқан үлесіңізді
ерекше атап өту - парыз. Қазақстанның
жаңа буын төл оқулықтарын дайындау,
жаңа педагогикалық парадигмалардың
мектеп тәжірибесіне дендей енгізілуін
қамтамасыз ету жүйесінде Сіздің
біліктілігіңіз бен біліміңіз айқын көрінді"
-деп жоғары баға берген екен.
Соңы 2-бетте.
МАЙДАНГЕР АҒАНЫ
ЕСКЕ АЛУ
Ардагерлер ұйымдарында
Ұлы Отан соғысының Жеңістің 71
жылдық мерекесі қарсаңында
Жамбыл ауылдық округінің Жаңатаң
ауылында Отан соғысына қатысушы,
майдангер, марқұм Раисов Мансұр
Иманбайұлының жарқын бейнесін
еске алуға арналған волейбол
жарысынан аудан ардагерлер
арасында спорттық турнир өтті.
Мансұр ағамыздың жан беріп-жан
алысқан қаңды майданда көрсеткен
ерлігі ескерусіз қалмай бірнеше
ордендермен және медальдармен
марапатталған. Мансұр аға ауыр
жараланып елге оралды, жазылғаннан
кейін еңбек етіп, бұрынғы Жамбыл
кеңшарының өсіп-өркендеуіне өз
үлесін қосты.
Осы жарысты ұйымдастырып,
жоғары деңгейде өткізген аудандық
ардагерлер кеңесі болса, демеушілік
көмек көрсеткен балалары Серікбай,
Ертісбай, Кенжебай Раисовтар.
Жарысқа Аққу, Бесқарағай, Жамбыл,
Жаңатаң, Әйтей батыр ауылдарынан 3
волейбол командасы жасақталды.
Төртінші команда отбасы командасы
болып Мансұр ағаның балалары
Серікбай, Ертісбай, Кенжебай және
немерелері жарысқа қатысты. Жақсы
ойнады, әсіресе Ертісбайдың баласы
Бауыржан, қызы Анара, Бауыр-
жанның соққан добын ардагерлер
қайтара алмаған кездері көп болды.
Жарысқа 60 жастан жоғары
волейболшы спортшылар қатысты.
Тартыс Аққу ауылының командасы
мен Жамбыл ауылының командасы
арасында өтті. Жамбыл ауылының
волейболшылары жеңіске жетіп,
кубокты, мадақтама, ақшалай сыйлық
алды. Екінші орынды Аққу ауылының
командасы иеленді. 3 орында Жаңатаң
ауылының командасы. Оларға да, алған
орындарына қарай мадақтама мен
ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жекелеген үздік ойыншылар да
аталып өтті. Үздік шабуылшы жамбыл-
дық Оразалин Мардан, үздік қорғаушы
жаңатаңдық Вассу Болатхан, үздік
таратушы аққулық Оразалин Нұрлан
аталды.
Ұйымдастырушылар Жаңатаң
ауылында жарысқа қатысушыларға
арнап, арнайы киіз үй тігіп, кең
дастархан жайып, шын ықылас-
тарымен, жарқын пейілдерімен қарсы
алды. Ас алдында Жаңатаң ауылының
молдасы Аскен Дүсекенов ақсақал
марқұм Мансұр Иманбайұлына арнап
құран бағыштады.
Ардагер спортшылар дастархан
басында өзара мәжіліс құрып,
шүйіркелесіп, көңілдері көтеріліп
қалды. Осындайда қазақ "бір жасап
қалды" дейді.
Төлеубай МАКИН,
Лебяжі аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.
Павлодар облысы.
“ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ”
АВТОКОРТЕЖ ВЕТЕРАНОВ К
ВЕЧНОМУ ОГНЮ
Стикеры со словами "Подвезем
ветеранов!" на лобовом стекле некоторых
машин можно было увидеть в весенние
дни в городе. Это члены автоклуба "Kia
Rio Club Almaty" в знак особой
признательности, выражая свою благо-
дарность, оказали особое внимание и
услуги ветеранам войны и труженикам
тыла военных лет. Главное, в дождливый
праздничный день 9 мая прямо из дома
привезли их в парк им. 28-ми гвардейцев-
панфиловцев к церемонии возложения
цветов к Вечному огню и развезли
каждого по домам, при этом вручив им
продуктовые наборы.
Впервые в этом году в день 71
годовщины Победы в Великой Отечес-
твенной войне инициативная группа
энтузиастов автоклуба "Kia Rio Club
Almaty" осуществила на своих личных
машинах организованный приезд
ветеранов к Вечному огню на возложение
цветов и потом развезли каждого участ-
ника поездки по домам.
После согласования с акиматом
города, утверждением маршрута кортеж
сопровождала полицейская машина ДВД
города с мигалкой.
Алматинский городской Совет
ветеранов сообщил адреса уважаемых
людей - участников войны, тружеников
тыла, активистов ветеранского дви-
жения, для участия в кортеже, а молодые
водители по предварительной договорен-
ности посетили своих подопечных и в
праздничное утро 9 мая подвезли к месту
сбора на площадь Республики.
Незабываемы минуты общения
прибывающих участников автокортежа.
От крепких дружеских рукопожатий
ветеранов зазвенели их многочисленные
награды на груди. Очень рады были
видеть друг друга члены городского
Совета ветеранов Леонид Юзефович
Гирш, Михаил Николаевич Грибанов,
Хамит Биржанович Биржанов, Зул-
харнай Сеитович, Газиз Есмуканович
Есмуканов.
Праздничное преподнятое настрое-
ние обеспечивали своим вниманием,
заботой все молодые юноши и девушки.
Их белоснежные футболки и кепки с
эмблемой "БИПЭК авто - АЗИЯАВТО"
были специально подготовлены для этого
торжественного дня.
Все участники автокортежа едино-
душно благодарили молодых за орга-
низацию и осуществление этой идеи, от
всего сердца пожелав ребятам сохранить
их душевную щедрость, заботу и
внимание к ветеранам.
Пусть их начинание автокортежа
станет хорошей традицией.
Алия РАХИМОВА,
член комиссии по культуре и
межнациональным отношениям
Алматинского городского Совета
ветеранов.