12 дәріс. Шөл зонасының ландшафттары



Дата29.11.2022
өлшемі47,91 Kb.
#53428
Байланысты:
12 лекция ландш


12 дәріс. Шөл зонасының ландшафттары.

Мақсаты: Қазақстанның шөл зоналарының ландшафттарын қарастыру.


Жоспар:
1. Шөл зонасының ландшафттары
2. Шөл зонасының ландшафттарының аймақтық бөлінісі

Бұл зона ландшафттары Қазақстандағы жазықты аймақтардың Оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында, Маңғыстауда, Үстіртте, Арал маңында тараған. Жалпы көлемі 117 млн.га. немесе Республика территориясының 44%-ын құрайды. Бұл жердің техникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі болып келеді. Батыс бөлігі ежелгі палеозойға дейінгі плиталық платформада, орталық бөлігі жас элигерциндік плиталық платформада, шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы-жақпарлы орогендік құрылымда орналасқан. Жер бетін түгелдей мезокайнозойлық шөгінді жыныстар жауып жатыр. Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювилі жазықтан тұрады. Топырақ пайда етуші жыныстары сазбалшықты, саздықты, құмды, кесек тасты және қайыршық тасты болып келеді. Жауын-шашынның орташа мөлшері 200-100 мм. Ауа Температурасы +100С. Жоғарғы бір жылдық 3200-40000С. Ылғалды коэфициентті 0,22-0,10. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық қарпаз түседі. Көктемі қысқа. Эфемирлер мен эфемерондар ерте көктемде кездеседі. Жануарлары сарытышқан, қосаяқ, қарсақ, жылан, кесіртке, түлкі, қасқыр, бұзаубас, бүйі, қарақұрт т.б. кездеседі.


Шөлді ландшафт зоналы факторлардың әрекетіне байланысты екі бөлікке бөлінеді.
1)Қоңыр топырақты жерге тараған, арасында дәнді шөптісіні бар жусанды-соранды солтүстік шөлді зона.
2)Сұр-қоңыр топырақты жерге тараған эфемерлі-жусанды оңтүстік шөлді зона.
1. Қоңыр топырақты жерге тараған арасында дәнді шөптесіні бар жусанды-соранды солтүстік шөлді зонасы Каспий ойпатында, Орал алды үстіртте, үстірт қыратында Солтүстік Арал маңында тараған. Топырағы-қоңыр топырақ. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150-180 мм. дәнді өсімдіктер өсу үшін қолайлы. Бұл зона тағыда 8 бөлікке бөлініп кетеді.
1)Саз балшықты жыныстап түзілген теңізтабанды ойпатты жазықтың сортанды қоңыр топырағына өскен бұйырғанды жусанды, сартан мен қаражусанды-бұйырғанды шөлді зона.
2)Саз балшықты және саздықты жыныстардан түзілген көлтабанды, аллювилі жазықтық сортанды сұр топырағына, сор жеріне өскен бұйырғанды жусанды, баялышты жусанды шөлді зона.
3)Атраулық төбелі және төбелі-бұйратты құмдарға өскен жусанды-еркешөпті, жыңғылды-жүзгенді шөлді зона.
4)Шағалды, шағалды-төбелі, құмдарға өскен жусанды-еркешөпті, қияқшы-құмаршықты, жыңғылды-жусанды, кейде көктерек пен қарағай, тал өскен орман шоқтары.
5)Саздақты жыныстан түзілген аридті-декудациялық, жазықтың сортаңды қоңыр топырағы мен сортан жеріне өскен бозды-бетегелі жусанды, әр түрлі шөптесін мен еркешөпті, жусанды-бұйырғанды, боялытты-қара жусанды көкпекті шөлді зона.
6)Кесек тасты, қиыршық тасты ұсақ шоқылы ежелгі тау жұрнақтарының қоңыр топырақты ұсақ шоқылы ежелгі тау жұрнақтарының қоңыр топырақты жеріне өскен бетегелі-көделі-жусанды зона.
7)Саздықты жыныстан түзілген деллювилді шоқы аралық жазықтың қоңыр топырағына өскен бетегелі-көделі-жусанды шөлді зона.
8)Өзен анғарының аллювилі топырағына өскен шалғындар мен тоғайлар шөлді зона.
2)Сұр қоңыр Топырақты жерге тараған эфемерлі-жусанды шөл зона Маңғыстау үстіртінде, үстірт қыратында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Сарыесік, Атырауда, Іле жазығында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облысының Оңтүстігінде жайғасқан. Жер бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювилі, тау алдындағы пролювиллі жатқызықтардап тұрады. Климаты құрғақ континенті, жауын-шашынның орташа мөлшері 100-150 мм. қысы суық, көктем жылы болады, жазы ыстық, құрғақ, топырағы сұр-қоңыр топырақ тараған.
Оңтүстік шөлді зонада төмендегідей ландшафт тараған:
1) Саздақты жыныстан түзілген жатқызық сорталды тақыр жерімен сорталды сұр-қоңыр топырағы өскен қара жусанды-көкпекті, баялышты –қара жусанды шөлді зона.
2)Саздақты жыныстан түзілген жатқызық сорталды тақыр жерімен сорталды сұр-қоңыр топырағында өскен шөлді зона.
3) Саздақты-қиыршық тасты жамылғымен жамылған жатқызық сортаңды сұр-қоңыр топырақта өскен жусалды, бұйырғанды шөлді зона.
4) Саздақты жыныстан түзілген делювилі-бролювилі жайқызықтың сортанды жерімен сортанды сұр-қоңыр топырағында өскен боялышты, боялышты-жусанды шөлді зона.
5) Шағалды, шағалды-төбелі құмға өскен жусанды-жүзгінді, жусанды-еркекшөпті, сексеуілді шөлді зона.
6) Сазбалшықты жыныстан түзілген теңізтабанды жатқызықты сөр шыққан жерінде, сортанды, сұр-қоңыр топырақта өскен көк жусанды, баялышты, сорақ шөпті шөлді зона.
7) Саздақтан түзілген көлтабанды, аллювилі жатқызықтардан пайда болған сөрі шыққан жерлер, сортанды, сұр-қоңыр топырақтарында өскен жусанды, баялышты-жусанды, көкпекті, көкпекті-қара жусанды шөлді зона.
8) Саздақтан түзілген аллювилі-пролювилі жатқызықтан пайда болған жер, шалғынды, батпақталған-шалғынды топырақтарда өскен қамысты, қоғалы-қамысты, сорап шөпті шалғынды зона.
9) Саздақтан түзілген аллювилі, пролювилі жатқызықтан пайда болған сорталды сұр-қоңыр топырақта өскен бұйырғанды, жусанды-бұйырғанды шөлді зона.
10) Саз балшықты жыныстан түзілген ірі—ірі ойпанның сөрі шыққан жері мен шөпті-шөлді зона.


Бақылау сұрақтары.

  1. Шөлейт, шөл зонасының ландшафттарының географиялық тарқалуы

  2. Шөлейт, шөл зонасының ландшафттарының бөлінуі

  3. Солтүстік шөлді зонаға сипаттама

  4. Оңтүстік шөлді зонаға сипаттама


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет