12. Мультимедиа



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата19.03.2023
өлшемі282,05 Kb.
#75464
  1   2   3   4
Байланысты:
Сыдыкова Ж.Т.



12.Мультимедиа
12.5.Библиотека 
12.5.3. Научные статьи и публикации
 
 
 
 
 
 
ҚОРҚЫТ АТА – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҰЛЫ ОЙШЫЛЫ 
 
СЫДЫҚОВА ЖАЙНА ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» 
кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
Қорқыт Ата – күллі түркі дүниесінің тарихында, рухани өмірінде айрықша орын 
алатын, түркі кезеңі деп аталатын тұтас бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным-түсінігін, 
саяси-әлеуметтік және діни дүниетанымын өн бойына жинақтаған бірегей тұлға. Оғыз-
қыпшақ дәуірін, оның арғы тегі түркі тайпаларының тарихын зерттеуде Қорқыт Атаны 
айналып өту мүмкін емес. Себебі, Қорқыт бейнесі Шығыс Түркістаннан бастап Кіші 
Азияға дейінгі аймақта таралған түркі халықтарының ауызша, жазбаша деректерінде ойып 
орын алады [1]. Сонымен қатар, исламға дейінгі идеологияға қатысты тұлғалардың 
ішіндегі жалпақ жұртқа кеңінен танымал болғаны да - осы Қорқыт Ата. 
Қорқыт - көшпенділердің өмір салтына сәйкес келетін тәңірлік дүниетанымның ең 
ірі өкілі. Тәңірлік дүниетаным әбден қалыптасқан далаға ислам дінінің күшпен еніп, 
ежелден орныққан саяси, рухани сананы қыспаққа ала бастауы Қорқыттың ішкі 
қарсылығын оятты. Қорқыттың өмірін, мұрасын зерттеуші кейбір ғалымдар оны ислам 
дінінің насихатшысы, таратушысы ретінде көрсетеді. Дегенмен, бұл шындыққа 
келіңкіремейді. Себебі, халық аузындағы Қорқыт жайлы аңыз-әңгімелер, Қорқыт айтты 
дейтін нақыл сөздер оның исламға мойынсұнған тақуа емес, тәңірлік ілімнің аса ірі өкілі 
екенін көрсетеді.
Сонымен, Қорқыт кім? Халық аузындағы әфсана аңыз ба, әлде өмірде болған, елі-
жұртының қамын жеген, бірлікке шақырып, рухын көтерген данагөй абыз ба? Алдымен 
Қорқыт Ата жайлы аңыздарға тоқтала кетсек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет