ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі
Тақырыбы : Халық шығармаларының көркемдік принципі
Оқытушы: Арынова Гүлжанар Ғабитқызы
Орындаған: Байбағысова Алмагул Абайқызы
Халық шығармалары дегеніміз қандай шығармалар?
Ғалым З.Қабдолов: «Сонда əдеби шығарманың мазмұны — өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін — осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки əдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес»деп атап көрсетеді. Олай болса, жекелеген халық ақындарының мұраларын қарастыра отырып, мазмұн мен формадағы сабақтастық мəселесін ашу арқылы фольклорлық үрдісте қалыптасқан көркем дүниелердің болмыс-бітімін айқындауға қол жеткізеріміз хақ.
Монғолия қазақтары халық ақындарының өмір жолы мен əдеби мұрасы толық əрі жан-жақты зерттеліп болды десек, біздің тарапымыздан үлкен қателік кеткен болар еді. Олардың мұраларының жаппай жариялануына түрлі саяси ұстанымдар кедергі болды. Шығармалар алдымен сұрыптаудан өткізілді, еленді, екшеленді, сөйтіп қажеттілері ғана баспаға ұсынылды. Нəтижесінде кейбір ақындар мүлде танылмай белгісіз болып қалса, енді бірінің өлеңдері там-тұмдап қана жарыққа шықты.
Мухаңның фольклортану саласындағы басты еңбегі «Әдебиет тарихы» болғанмен, мына мақалада бұған дейін көтерілмеген тың ойлар қозғалған. Онда ең алдымен қазақ халқының ауыз әдебиетінің зерттелу дережесі мен бағыттарын айкындап, зерттеулердің типтерін, олардың мақсаттарын көрсеткен. Ғалымның пікірінше, Еуропа зерттеушілері негізінен қазақ халқына этнографиялық нысан ретінде қарап, оның ауыз әдебиетін жүйелі әрі терең зерттемеген, тек оның үлгілерін жинаумен гана тынған. Бұл, әрине, жанрларға жіктеп, ғылыми-теориялы тұжырымдар жасауға жеткіліксіз. Әуезов осыған байланысты ер аймак халықтар ның ауыз әдебиетінде стильдік ерекшеліктермен бірге, жанрлық езгешеліктер де болатынын дәлелдеп көрсеткен. Кеден, Асан, Жүсіпбек сынды ақындардың шығармашылығы туралы нақты әрі құнды пікірлер айта отырып, Мұхаң дара ақындардың кәсіби қызметі, психологиясы, әлеуметтік орны, оларға жұртшылықтың көзқарасы женінде де құнды тұжырымдар келтірген. Әсіресе шежіресі шал Рысмендененің қазақтар туралы ақылга сыйымсыз, жат пікірлерін әшкерелеп, кертартпа түсінік-ұғымдарды жоққа шығарады. Қорыта айтқанда, бұл еңбектің әдебиеттану ғылымындағы маңызы әлі де өз биігінде қапа бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |