12 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал Тақырыбы: Ішектің әртүрлі бөліктеріндегі ас қорыту физиологиясы Ауызша сұрау



бет1/3
Дата17.04.2023
өлшемі448,77 Kb.
#83453
түріСабақ
  1   2   3

12 Практикалық сабаққа арналған таратпа материал
Тақырыбы: Ішектің әртүрлі бөліктеріндегі ас қорыту физиологиясы


Ауызша сұрау:
1. Ішектегі қорытудың ерекшеліктері: ішек сөлі, оның құрамы мен қасиеттері
2. Асқазан - ішек жолдарының бұлшықеттерінің жиырылу түрлері, олардың сипаттамасы
3. Асқазан - ішек жолдарының қозғалтқыш функциясының реттелуі.
4. Маңызды қоректік заттардың сіңірілуі, сіңіру механизмдері мен реттелуі.
5. Аш ішек моторикасы
6. Тоқ ішек моторикасы


№1 тәжірибелік жұмыс.


Сілекей мен асқазан сөлінің рН мәнін анықтау.
Ішек сөлінің рН анықтау
Ішек сөлінің рН анықтау үшін жануардан зонд арқылы пробиркаға 0.2 мл ішек сөлін алады.Содан кейін ішек сөлінің рН лакумуcта анықтайды.Ішек сөлі қышқылды болғанда лакумус түсі көктен қызылға өзгереді. Нейтралды реакцияда ішек сөлінің түсі сары - сабан түсті береді.
Қорытынды және олардың жазылуы: Лакумус түсінің өзгеру нәтижелерін дәптерге жазу, рН анықтау және ішек сөлі реакциясын анықтау.
Сілекейдің рН анықтау
Сілекейдің рН анықтау үшін зеттелушіден пробиркаға 0.2 мл сілекей алады.Содан соң лакумуста рН анықтайды. Ішек сөлі қышқылды болғанда лакумус түсі көктен қызылға өзгереді. Нейтралды реакцияда ішек сөлінің түсі сары - сабан түсті береді.
Қорытынды және олардың жазылуы: Лакумус түсінің өзгеру нәтижелерін дәптерге жазу, рН анықтау және ішек сөлі реакциясын анықтау.

2 тәжірибелік жұмыс.


Сүт, ет және нан тағамдарын пайдаланудағы асқазан сөлінің секреция жұмысын оқып үйрету.
Жұмыстың мақсаты: Асқазан безі секрециясының бейімделгіштік қасиетіне көз жеткізу.
Әдістеме: Оқу таблицасын және 3 түрлі түсті қаламды пайдалана отырып, 2 график салыңдар. Асқазан сөлінің сызбасы секреция және нан, ет, сүтті бірдей дәрежеде қолданғандағы оның қорыту күші. Қорытынды жасаңыз: секреция мен асқазан сөлінің ерекшелігін: нанды, етті, және сүтті мөлшеріне, ұзақтығына, қышқылдығына және сөл бөлінуінің максимум ұзақтығын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет