12. Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқу психологиясы Практикалық сабақтың тапсырмасы



Дата06.01.2022
өлшемі17 Kb.
#14797
түріСабақ


12. Практикалық сабақтың тақырыбы:Оқу психологиясы

Практикалық сабақтың тапсырмасы

  1. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны.

Педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай  қарастырылады.

Педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді «тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.

Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын  жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын  жеке дара тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі  емтихандарда, сынақтарда тапсырмаларды, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерийлері бойынша бағаланады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы  сапасы мен  адамның жан-жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады.

РЕКЛАМА


  1. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы.

Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.

Оқу әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметі талдау, біріктіру, жалпылау , жіктеу.

Оқу іс-әрекеті оқу міндеттерін шешу процесінде өзіндік даму мен оқу әрекеттерін игерген субъективтің іс-әрекеті.

Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненті мотивация.

Оқу іс-әрекетінің субъектісі оқушы.

Оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі-Оқыту әдісі.

Оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрінің олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Оқыту әдісінің элементі:Тәсіл.

Оқыту жеке-топтық формасы-оқылатын пән мазмұнына жекеше бағыт беру.

Оқыту процесіне ықпал ететін ішкі факторлар оқу материалының формасы.

Оқыту теориясында қолданылатын ұғымдар жалпы ғылымилық.

Оқытудың заңдылығы-оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру, білім беру, тәрбие және дамыту процестерімен байланысы.

Оқыту принципіне жатадысаналылық, белсенділік.

Оқыту процесін жүзеге асыруда басшылыққа алатын алғышарты негізгі ережені белгілейді-оқыту принципі.




  1. Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. https://egovreader.kz/shpargalka-pri-podgotovke-k-attestatsii-uchitelej-pedagogika-psihologiya-na-kazahskom-yazyke/

    2. https://kznews.kz/bilim/qazaqsha-referat-pedagogikalyq-is-arekettin-pandik-mazmuny/

    3. https://baribar.kz/student/16942/oqu-is-areketininh-qalyptasuynynh-psikhologiyalyq-zanhdylyqtary/

    4. https://kk.wikipedia.org/wiki/Оқу_іс-әрекеті_(қызметі)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет