Тақырыбы: ҚОЗҒалыс әрекетін оқыту психологиясының негіздері жоспар



бет1/7
Дата20.10.2023
өлшемі32,49 Kb.
#119918
  1   2   3   4   5   6   7

ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Жоспар:

  1. Оқыту және оқыту психология түсініктері

  2. Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясы

  3. Қозғалыс әрекетін оқыту психологиясының құрылымы

  4. Қозғалыс әрекетін оқыту процесіне әсер етуші психологиялық факторлар



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жұмасова К.С., Есенова Л.С. Психология. –Астана.: Фолиант, 2017. - 335-337б

  2. Өтепбергенова З.Д. Педагогикалық психология. - Алматы, 2015. -6-49б

  3. Зимняя. И.А. Педагогикалық психология. - Алматы, 2005. – 8-28б

  4. http://www.wikiwand.com/kk/окыту



Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың психологиялық заңдылықтарын, оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді. [4]
Ерте және орта ғасыр ойшылдары «оқыту», «оқыту процесін» сабақ беру деп түсіндірді. ХХ ғ. басында оқыту ұғымы 2 компоненттен тұрды, олар сабақ беру немесе оқыту және оқу. Ондағы оқыту- оқу материалын қабылдау үшін ұйымдастырылған мұғалімнің іс-әрекеті, ал оқу- оқушылардың білімді қабылдаудағы іс-әрекеттері.
Біраз кешірек оқыту ұғымы танымдық әрекетті қалыптастырудағы оқытушының басқару әрекеті және оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен әрекет деп те қарастырылды.
Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы:
«Оқу- әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» (Я.А. Коменский).
«Оқу- білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» (И. Гербарт).
«Оқу- педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі» (П.Ф. Каптерев).
«Оқыту- басқарылатын таным, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, қайта жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізіне жататын нақты немесе кейбір әрекеттерді меңгеру процесіндегі қарым-қатынас» (П.И. Пидкасистый).
«Оқыту- оқыту процесіндегі оқытушының әрекеті» (Н.Ф. Талызина).
«Оқыту- отбасы, мектеп, ЖОО, қоғамдастық жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерді басқаларға (адамзатқа) мақсатты, жүйелі түрде тасымалдау түсінігін білдіреді» (И.А. Зимняя).
Бүгінде оқыту, оқу төмендегіше түсіндіріледі:
Оқыту- ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдары арқылы білім жүйесін меңгеру, білім алушының интеллектуалдық сферасын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту. Оқыту- оқу материалын меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамыту құралы.
Оқу- оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі.
Осы оқыту және оқу процесінің барысындағы психологиялық ерекшеліктерін педагогикалық психологияның тармағы оқыту психологиясы зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет