13, 14, 15- дјрістер: Патогенді жјне шартты патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар. Шигеллалар. Салмонеллалар



бет1/7
Дата25.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#86902
  1   2   3   4   5   6   7

Эшерихиоздар - Escherichia coli тудыратын аурулар. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашты (1885).

  • Эшерихиоздар - Escherichia coli тудыратын аурулар. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашты (1885).
  • E.coli-дің маңызы. Ішек таяқшасы – тоқ ішектегі қалыпты микрофлораның өкілі; бірқатар пайдалы қызметтер атқарады:
  • Ішек ауруын тудыратын бактерияларға антагонист
  • В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады
  • Клетчатканы жартылай ыдыратады
  • Қоршаған орта нысандарының фекалды ластануын анықтау үшін санитарлық-көрсеткіш микроорганизмі ретінде қолданады.
  • E.сoli адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Тоқ ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдары ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорыту жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабыну ауруларды тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер, менингиттер, тіпті коли-сепсис. Бұл ауруларды парентералдық эшерихиоздар деп атайды.

E. сoli-дің патогенді штамдары ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар - колиэнтерит деп аталатын ауруларды таратады.

  • E. сoli-дің патогенді штамдары ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар - колиэнтерит деп аталатын ауруларды таратады.
  • E. сoli-ді 4 серологиялық топтарға бөледі:
  • Энтеротоксигенді ішек таяқшалары (ЭТІТ) - балаларда тырысқақ тәрізді ауру;
  • Энтероинвазивті ішек таяқшалары (ЭИІТ) - дизентерия тәріздес ауру;
  • Эннтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) - бір жасқа дейінгі сәбилерде диарея (іш өту);
  • Энтерогеморрагиялық ішек таяқшалары (ЭГІТ) - қантышқақ, гемолитикалық уремия, тромбоцитопениялық пурпура.
  • Ересек адамдар да ауырады, оларда эшерихиоз, тырысқақ немесе шигеллез түрінде жүруі мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін.

Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae тұқымдастығының Gracilicutes бөліміне жататын Escherichia тобының негізгі өкілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет