14. Педагогикалық зерттеу логикасы



бет1/8
Дата20.12.2023
өлшемі33,36 Kb.
#141682
  1   2   3   4   5   6   7   8

14. Педагогикалық зерттеу логикасы
15. Зерттеу әдістерін талдау принциптері
16. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері
17. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі
18. Теориялық деңгей әдістері
19. Эмпирикалық зерттеу әдістері
20. Бақылау әдісі ғылыми талаптарының сақталуы
21. Сұрақ-жауап әдісі –педагогикалық зерттеу тәсілі ретінде
22. Жаңартылған білім беру Бағдарламасының ерекшелігі
23. Педагогикалық эксперимент, эксперименттің әдіс ретіндегі ерекшелігі
24. Педагогикалық эксперимент кезеңдері
25. Математикалық және статистикалық әдіс


14. Педагогикалық зерттеу логикасы
Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты көрсетеді. Оның табиғаты диалектикалық таным заңдылығы арқылы түсіндіріледі. Ғылыми танымның дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты көрсетеді.
Ғылыми білімнің дамуы барысында қайшылықты тенденция пайда болады: біріншіден - ескі түсінікті жаңа болжам негізінде өзгертіп, екіншіден - бұрынғы теорияның іргелі негіздерін сақтап қалу қажет. Жаңа мен ескінің арасындағы қайшылықты, ескіні қажетсіз деп тусінуге болмайды.
Педагогикалық зерттеулер - оқыту мен тәрбиенің жаңа тиімді мақсаттарын жүзеге асыруды көздеуі шарт. Жаңа өзінен-өзі пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады.
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады.

ылығы анықталады. 


15. Зерттеу әдістерін талдау принциптері 
Бірнеше зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде кең көлемді материал алынады. Педагогикалық құбылыстар мен процестер өте күрделі болғандықтан зерттеу нәтижесі түрлі факторлар мен шарттардың әртүрлі болуына ықпал ететіндей болуы керек.
Зерттеу әдістерін талдауда зерттеуші мен зерттелушінің мүмкіндігін және құбылыстың мәніне қарай таңдау қажет. Мысалы,бастауыш мектеп балаларына жазбаша сұрай түрлері анық, түсінікті болып, 2-3 топта бастап қолдану керек.
Зерттеу әдістері адамгершілік нормаларға қайшы келсе, зерттеуге қатысушыларға және оқыту-тәрбиелеу процесіне зиян келтіретін жағдайда тоқтату керек.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша: әрекеттік, жеке тұлғалық, жүйелілікпен келу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет