16 желтоқсан – Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» ертеңгілік сценариі Мақсаты



бет1/2
Дата10.10.2022
өлшемі21,15 Kb.
#42182
  1   2

16 желтоқсан – Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған
«Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» ертеңгілік сценариі
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрініс
(Әжесі жұн тутіп отырады Немересі далада ойнап жүреді)
Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, балам бұл үлкен қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып жата кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, мен бір түс көрдім ,жап-жарық күнді көрдім ,аспанда қалықтаған қыран құс ұшып жүр екен..
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
Жүргізуші: Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты!
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің әнұранымен ашуға рұқсат етіңіздер!
Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)
-Балалар біздің ұлтымыз кім?
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Қазақстан қандай мемлекет ?
-Елбасымыз кім?
-Елорда бас қаламыз қай қала?
-Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз
-Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Олармен біз қалай тұрам
Ал бүгінгі өткізіп жатқан шарамыз қандай мерекеге арналып жатыр?
Дұрыс балалар өте жақсы жауаптар бердіңдер. 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күні. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Ал ос тәелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауаптары)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет