1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі



бет1/8
Дата03.12.2023
өлшемі124,86 Kb.
#134070
  1   2   3   4   5   6   7   8

1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі

Мазмұны:

Көтерілістің алғышарты

Көтерілістің алғышарты

  • 18671868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстарыБатыс Сібір генерал-губернаторлығына — СемейАқмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — ЖетісуСырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.
  • Жалпы, әскери билік пен азаматтық билік бір адамның қолына жинақталды. Сот жүйесінде әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді. Облыс → уезд → болыс → ауыл → түтін (шаңырақ) әкімшілік бөлінісі ру бөлінісімен санаспай, аумактық принцип бойынша құрылды. Сол арқылы ру ақсақалдары мен билерінің ықпалын кеміту көзделді.
  • Қазақстандағы әкімшілік-сот реформалары Ресейдің экономикалық даму талаптарына сәйкесҚазақстандағы өздерінің өктемдігін баянды ету үшін ел басқарудың жүйесін түбірінен қайта құруға кірісті. 1868 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша түтін салығы жылына әрбір шаңыраққа салынатын бұрынғы 1 сом 50 тиын орнына 3 сом мөлшерінде көбейді. Салықтың бүкіл ауыртпалығы еңбекші қазақтардың мойнына түсті. Оның үстіне старшындар мен болыс басқарушылар өздерінің билігін пайдаланып, кейде салықты бірнеше рет жинайтын болды. Болыс бастықтарына түрлі қоғамдық қажеттіліктер мен «игілікті мақсаттар» үшін салық белгілеуге құқық берілді, халық бұл салықты «қарашығын» деп атады, өйткені мұны жинағанда болыстар мен ауыл старшындары халықты әбден тонайтын. Халық земстволық салық төлеуге міндетті болды. Яғни, ауылдық-болыстық әкімшілікті асырау, көпір, жолпошта бекеттерін ұстау мен жөндеуге қажетті қаражат, көліктермен қамтамасыз етуге тиіс болды.
  • Кіші жүз қазақтары 18681869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнанөзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер ОралОрынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет