1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni



Pdf көрінісі
бет186/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   220
 М.АМАНТУРОВ 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Археология ҒЗО-ның
ғылыми қызметкері 
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СЫҒЫНАҚ ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛҒАН
ҚЫШ ҚАПТАМАЛАР 
Қалаға зерттеу жұмысы 2003 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих-педагогика факультетінің 
студенттерінің археологиялық далалық практикасының күшімен жүргізіліп 
жүр.
2011 жылы «Ортағасырлық Сығанақ қаласы» ғылыми жобасына ҚР 
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2009-2011 жылдарға жариялаған 
Республикалық «Мәдени мұра» гранты аясында «Ортағасырлық Сығанақ 
қаласы» атты ғылыми жоба бойынша қазба жұмыстары қаланың шығыс 
қақпасында салынды. Қазба барысында қақпаның кіре берістегі күйген 
кірпіштен қаланған платформаның құландысы арасынан сапалы күйген 
кірпіштен жасалған, әртүрлі кӛлемдегі және әркелкі ою-ӛрнекпен
кескінделген қаптама плиталар алынды. 
Бұл мақалада шығыс қақпасында 2012-2013 жылы жүргізілген 
археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған бірқатар қыш 
қаптамаларға шолу жасай отырып, жасалыну әдісін саралай отырып
қақпаға реконструкция жасалынды. 
 
Кілт сӛздері: Сығанақ, қазба, қақпа, қыш, қаптама, ҿрнек, еден, қабырға. 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сығанақ 
археологиялық экспедициясы (жетекшісі, т.ғ.д., профессор С.Ж.Жолдасбаев) 
2011-2013 жылдар аралығында Ортағасырлық Сығанақ қаласының шығыс 
қақпасында (қазба №9) қазба жұмыстарын жүргізді. 
№9-қазба қаланың негізгі ірі қақпасы болып саналатын орнына салынды.


200 
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Бұл қақпаның екі қабырғасының қазіргі таңдағы сақталу биіктігі екі түрлі - 
солтүстік бҿлігі оңтүстігіне қарағанда 2 м шамасында биік. Бұл қақпаның 
топографиялық жобасында құрылыс ерекшелігі анық байқалады. Ол қаланы 
қоршаған негізгі қамалға жапсарлана салынып, шығыс бағытта шамамен 35-
40 м созылып жатыр. Бұл шығысқа бағытталған қақпа құрылысының ҿзі 
шыға беріс аузына қарай оңтүстік-шығысқа бұрылыс. Бұл жердегі қазбаның 
жалпы кҿлемі батыстан шығысқа ұзындығы 35 м, ал ені 14,5 м кейде 8 м 
қамтиды.
Алғашқы қазба қақпа құрылысының ішкі бҿлігінен, яғни негізгі кҿшемен 
жалғасып жатқан бҿлігіне дейінгі дҽлізден басталды. Салынған қазба кҿлемі 
15х3х0,5 м. Қазба жұмыстары барысында оның кҿлемі ұзына бойы кеңейтіліп 
(батыс жҽне шығыс жағына қарай), ұзындығы 35 м, тереңдігі 2,5 м
жеткізілді. Кҿшені еден деңгейінде тазалай отырып, кҿшенің екі жағында 
сақталған пахса құрылысының қабырғасы анықталды. Сонымен қатар 
пахсадан жасалынған оңтүстік қабырғаның сыртқы бҿлігін қаптама ретінде 
күйдірілген қыштан қаланған мұнара (?) орны ашылды. 
Қазба барысында қақпаның кіре берістегі күйген кірпіштен қаланған 
платформаның құландысы арасынан сапалы күйген кірпіштен жасалған
ҽртүрлі кҿлемдегі жҽне ҽркелкі ою-ҿрнекпен кескінделген қаптама плиталар 
алынды [1]. 
Қаптама қыштарды жасалуына, ою-ҿрнегіне, сыртқы пішіміне қарай он 
тҿрт топқа бҿлдік: 
1-топ. Кҿлемі 39х35х5 см, тҿрт бұрышты қыш қаптама (1-сурет, 1). 
Ортасында диаметрі 9 см, тереңдігі 2,5 см кесілген конус пішімдес ойық
оның сыртында қазақтың «таңдай» ҿрнегі тҽрізді ҿрнекпен айналдыра, оның 
сыртында сегіз бұрышты геометриялық ҿрнекпен нақышталған. Бұрыштар 
мен ойық сыртындағы ҿрнек арасындағы кіші бес бұрышты ҿрнек қуысының 
екі жеріне кҿк түсті майоликалық кірпіш сынығы орналастырылған. 
Жартылай сақталған бұл қыш қаптамаға толықтай реконструкция жасалды.
2-топ. Кҿлемі 35х24х4,5 см, тҿрт бұрышты қыш қаптама (1-сурет, 2). 
Ҿрнегінің тереңдігі 1,0 см. Бұл қыш қаптамада ұзына бойы бірінші топтағы 
сегіз бұрышты жҽне оның қабатында жартылай сегіз бұрышты ҿрнекпен 
кескінделген, олардың ортасында диаметрі 5 см, биіктігі 2,5 см болып келген 
жарты сфера тҽрізді, сегіз қырлы күмбезді кҿзге елестететін фигура 
орналасқан. Бұл сегіз қырлы ҿрнектердің ортасында айналдыра сегіз 
жапырақты ҿсімдік тҽрізді ҿрнек түсірілген.
3-тап. Кҿлемі 33х29х5 см қыш қаптама (1-сурет, 3). Қыштағы 
геометриялық оюдың тереңдігі 1,0 см. Қыш қаптаманың ортасында 
бұрыштан-бұрышқа 8см болатын сегіз бұрышты фигура, оның іші ҿсімдік 
ҿрнегімен безендірілген. Бұл ҿрнек кҿлемі 30х9 см болатын тҿрт 
тҿртбұрышты, бір-бірімен қиылыстыру тҽсілімен жасалынған жҽне осы 
қиылыстардың айналасында алты бұрышты сегіз фигура кескінделген.
4-топ. Кҿлемі 30х16,5х5 см. Тҿртбұрышты қыш қаптама (1-сурет, 4).


201 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет