1.Әлеуметтанудың негізін қалаушы



Дата10.03.2023
өлшемі16,69 Kb.
#73134

«Астана медицина университеті» КеАҚ
«Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар»кафедрасы


БӨЖ
«Әлеуметтану»


Орындаған:Қаражан Шапағат


Топ:139
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген:Жалмурзина А.Ж

Астана,2023 ж.


1.Әлеуметтанудың негізін қалаушы?
а)М.Кастельс
ә) Э.Юнгер
б)Х.Арендт
(в))О.Конт

2. Социологияның басқа гуманитарлық ғылымдармен салыстырғанда өзіндік ерекшілігі неде?


(а)) ол қоғамды оның қызметі, әлеуметтік процестері мен құбылыстары арқылы оқытады
б) «социология» термині тек сөздік мағынада қолданылады
в)басқа ғылымдармен еш байланысы жоқ, олардың әдіс-тәсілдерін қолданбайды
г)қоғам мен адам түсініктеріне берілген философиялық ойларды

3.Әлеуметтанудың дамуының 3 кезеңі?


а) XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында
(ә)) ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды
б) Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды
в) XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды.

4. Қоғамның негізі мен қозғаушы күші - әлеуметтік іс-әрекет деп санаған:


а)Маркс
(ә)) М.Вебер
б) К. Поппер
в) Зиммель

5. Қарапайым қоғамның негізгі белгілері?


а) әлеуметтік теңсіздік, айқын кластық дистанциялардың пайда болуы
ә) басқарудың арнайы және кең тармақты аппараты.
б) қосымша құн мен жеке меншіктің, ақшатауар қатынастарының пайда болуы;
(в)) қантуыстық байланыстардың үстемдігі;

6. Қоғамның және оның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сондай-ақ әлеуметтік нормаларды реттейтін қоғам бөлігі?


а)әлеуметтік жүйе
ә)әлеуметтік стратификация
(б)) әлеуметтік институттар
в)әлеуметтік бақылау

7. Әлеуметтік институт дегеніміз?


(а)) қоғам үшін маңызды қызметтерді атқаратын, ұйымдардың тарихи қалыптасқан түрі, ол арнайы ұйымдардағы бақылау жүйесін, мінез- құлық үлгілерін реттейді
ә) бұқара халықтардың, түрлі ұлттардың жиынтығы
б)адамдар тобы, оның мүшелері жалпы қызығушылықтармен байланысты және тікелей немесе жанама өзара іс-әрекетте болады
в)тұрмысында, нәсілі, ұлты,т.б бойынша айырмашылығы бар әр түрлі деңгейдегі топтар

8. З. Фрейдтің тұлға концепциясы:


а) Біздің мінез-құлқымызға, сыртқыкелбетімізге деген басқа адамдардың реакциялары біз үшін өзінше бір айна болып табылады. Осыларды талдай отырып, біз өзіміздің әлеуметтік Мен-іміздің бейнесін жасаймыз.
ә) қарым қатынас процесінде адам өз әрекетін сыртқы “өзгелердің жалпылауына” сәйкес бағалайды. “Жалпыланған өзге” – белгілі бір топтың мінез-құлқының стандарттары мен жалпыға бірдей құндылықтары, осы топтың мүшелері жеке Мен – бейнесін қалыптастырады.
б) “Маңызды өзге”- бұл индивидтің әлде біреудің көмегімен ерекше сапаларға ие болу әрекеті. Осындай тұлғалар индивидтің мен жеке Мен-інің қалыптасуына үлкен ықпал етеді; индивид өзіне нұсқау берушінің рөлін қабылдап, “маңызды өзге” арқылы әлеуметтену процессін жүргізеді.
(в)) адам – қажет етудің жүйесі, қоғам – тиымдардың жүйесі. Тұлғаның бейсаналық ұмтылыстары оның потенциалы мен негізгі белсенділігінің бастауын қалыптастырады, іс-әрекетінің ниетіне жауап береді. Адамның әлеуметтік-нормативті шектеулеріне байланысты оның табиғи формадағы инстинктивті қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес. Адам әрқашан тілегі мен қоғамдық тиымдар арасында компромистік жағдайларға тап болады.

9. Әлеуметтік стратификация деген не?


а) қоғамның жеткіліксіз (дефицитный) ресурстарын (ақша, билік, білім және престиж, т.б.) әртүрлі страталар немесе тұрғындар қабатына тең етпей бөлу
(ә)) әлеуметтік теңсіздіктің сатылы ұйымдасқан құрылымы, ол белгілі бір қоғамда белгілі бір таихи уақытта болып отырады; қоғамдық мәртебесі бойынша ерекшеленетін қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарға бөлінуі.
б) тұрғын халықты этникалық шығу тегіне байланысты топтарға тарату.
в) бұл қоғамның әлеуметтік кеңістіктік ұйымы, Яғни тұрғындардың орналқан белгілі бір территориясы. (мысалы, ауылдық, қалалық формада)

10. Қоғамның таптық құрылымы туралы Маркстік ілімге қарсы тұрған теория:


(а)) әлеуметтік стратификация
ә)әлеуметтік диспозиция
б)қоғамның органикалық теориясы
в)құрылымдық функционализм

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет