Қанат Шапағат Дф-41 «Ата-аналарға логопеттік кеңес» Логопеттің жұмысы Мақсаты



бет1/5
Дата06.01.2023
өлшемі73,73 Kb.
#60517
  1   2   3   4   5

Қанат Шапағат Дф-41
«Ата-аналарға логопеттік кеңес»
Логопеттің жұмысы
Мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтау;
Сөйлеу және жазу тілі бұзылған оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу;
Сөйлеу тілінің кемістіктерінен алдын –алу жұмыстарын жүргізу .
Міндеттері:
Әр түрлі ақаулары бар балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктері мен кездесетін тіл кемістіктерін зерттеу;
Сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтайтын, ажырататын педагогикалық тәсілдерді жетілдіру, дамыту;
Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, құрылымын, механизмдерін анықтау;
Сөйлеу тілі кемістіктерін жүйелеу;
Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданатын түзету әдістері мен амалдарын жетілдіру;
Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау;
Сөйлеу тілі кемістіктерінен алдын алу сақтандыру тәсілдерін толық жетілдіру.
Логопед жұмысының маңыздылығы
Мақсаты: Ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзушылығы бар балаларды анықтау.Осы мақсатқа жету үшін келесі мақсаттарды шешу керек:
1.Бірінші сынып оқушыларының дыбысты айтуында, фонематикалық қабылдауы мен талдауында, сөйлеуді граматикалық құруында, байланыстырып сөйлеуінде бұзушылығы бар оқушыларды анықтау.
2.Орыс тілі пәнінің грамматикалық нормаларын меңгеруде қиыншылық туғызатын оқушылар тобын анықтау. Жазу мен оқуының бұзушылығының сипаты мен себебін анықтау.
3.Бастауыш сынып оқушыларында ауызша және жазбаша бұзушылығын алдын алу мен жою бойынша коррекциялық жұмыстың жолдарын анықтау.
Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуіндегі жағдайы туралы ақпарат алудың негізгі әдісі болып:
А) балалардың логопедтік тексерісі;
Б) медико-педагогикалық құжаттарды талдау. Құжаттарды талдау оқушылардың дәптерлерімен жұмысты, бала картасындағы медициналық жазбаларды байқауды ұсынды.
В) мұғалімдер мен ата-аналардың эксперттік сұраныс;
Осы бағыт шеңберінде оқу жылы барысында негіздер пәндер бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің зерттелуі өткізілді.
Г) оқушының сөйлеуінде бұзушылығы бар логопед қорытындысын нақтылау жағдайында ата-аналар келісімімен дәрігер-мамандардың тексеруі үшін емдеу-алдын алу мекемесіне немесе психолого-медико-педагогикалық комиссияға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет