Қосылған құн салығын төлеушілері



Дата17.03.2023
өлшемі17,39 Kb.
#75187

СӨЖ 7
ЭССЕ. 2 бет
Қосылған құн салығы-тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру және олардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құныңын бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасымен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қосылған құн салығы жанама салықтардың бірі болып табылады. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы салық сомасының айырмасымен ұйғарылады.Оған жұмыстар мен қызметтер және салық сомасы, тауар алуға жататын төлемдер, істел-ген жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқалар жатады.
Қосылған құн салығың тиімді пайдалану шет елдердегі тәжірбиелерде анықталып отыр, атап айтқанда осы салық либерализациялық бағамен байланысады, жоғарғы баға болса салық сомасы сонша жоғары болады.
Экономикадағы тұрақсыздық жағдайда дұрыс қолданылмаған қосылған құн салығы сатып алушыларға теріс әсер етеді . Сонымен қатар тауар шығырушыға да теріс әсерін тигізеді.
Қосылған құн салығын төлеушілері:

  • Жеке кәсіпкерлер;

  • Заңды тұлғалар, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда;

  • Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

  • Заңды тұлғалардың қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелнрі қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импортайтын тұлғалар болып табылады.
Салық салу объектісі салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып екіге бөлінеді.

Қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту.Құны онымен жіберетінөнімді өткізу құныны кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта белгіленген талаптар мен мерзімді, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиісыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады.
Салық салынатын айналым үшін мөлшерлеме 12% немесе 0% болуы мүмкін. Келесілер үшін, салық салынатын айналым 0%:

  • экспорт (ҚР Салық кодексінің 394-ші бабына сәйкес сату айналымынан басқа)

  • халықаралық тасымалдау қызметтері

  • шетелдік авиакомпаниялардың жанар-жағармай материалдарын сату

  • арнайы экономикалық аймақтағы сату және т.б.

12% -дық салық салынатын айналым үшін жарамды (0% -дық айналымнан басқа):

  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында сату

  • тауар қалдықтары түріндегі айналым

  • мүлікті қаржылық лизингке беру кезінде айналымнан босату

  • Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 197-ші бабына сәйкес талаптарға сәйкес келмеген жағдайда

Салық салынбайтын айналым - бұл Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ҚҚС-тан босатылған айналым, олар:

  • акциздік маркаларды сату

  • түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату

  • кез-келген түрдегі дәрі-дәрмектерді сату және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет