билет «Доктрина»



бет1/12
Дата23.06.2023
өлшемі19,74 Kb.
#103277
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1-БИЛЕТ
1)«Доктрина», «зайырлылық» терминдеріне анықтама беріңіз.
Доктрина - іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақтылы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы.Мысалы саяси доктрина саяси іс-әрекетті ұйымдастыруға және саяси құбылыстарды қарастыруғаарналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болыптабылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыруқұралына айналады. Тарихта ең көрнекті мысалдар ол Трумэн мен Монро. Монро доктринасы -АҚШ сыртқы саясаты принциптерінің декларациясы. Доктрина Америка және Еуропа құрлықтарыелдерінің бір-бірінің ішкі істеріне өзара араласпау принципін жариялады. Ал біздің еліміздеэтностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдауға, қазақстандық ұлтты қалыптастыруғабағытталған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы бар.Зайырлылық (светскость) қағидаты мемлекетті діни ілімдерден бөлуді көздейді, бірақ діндіқоғамдық өмірден алып тастауды білдірмейді. Ол сондай-ақ қоғамдық-саяси биліктіұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діниұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді

2) Қазақ хандығының құрылуы
XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіны Мұхамед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығынын құруылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады. XV ғасырдын II жартысында Қазақ Хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілхайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең, алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Сыр бойы қалалары үшін Мұхамед Шайбаниді жеңді. XV ғасырды аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. XVІ ғасырдың басында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхамед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхамед Шайбанидің әскерін жеңді. XVІ ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.

3)Мен келісемін Кеңестік режимнің сөзсіз жетістіктерінің бірі -халыққа білім беру жүйесіндамыту және үздіксіз халықты сауаттылыққа үйрету.1918 жылы "Бірыңғай еңбек Мектебітуралы Декларация" және "Бірыңғай Еңбек мектебі туралы ереже" қабылданды, онда кеңестікбілім беру жүйесінің негізгі принциптері жарияланды - ақысыз, ұлдар мен қыздарды бірлесіпоқыту, теологиялық пәндерді оқытудан шығару, жазаның барлық түрлерін жою, мектептіңөзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі кезеңге бөлінді - бірінші, 8-13 жастағы балалар үшінжәне екінші, 13-17 жастағы балалар үшін.Медреселерді, мектептер мен орыс-қазақмектептерін кеңестік мектептерге айналдыру бойынша белсенді жұмыс басталды. Азаматсоғысының соңына қарай Қазақстанда 144 мың оқушыдан тұратын 2410 мектеп жұмыс істеді,оның 31 мыңы - қазақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет