1.Әлеуметтік педагогтың мақсат қоюдағы міндеті? A ұжымның тәрбиелік деңгейін бақылау



Дата06.06.2023
өлшемі19,32 Kb.
#99069

Тест
1.Әлеуметтік педагогтың мақсат қоюдағы міндеті?


A) Ұжымның тәрбиелік деңгейін бақылау.
B) Тәрбие ісінің мазмұнын айқындау.
C)+ Тәрбие қызметіндегі әлеуметтік жағдайды ескеру.
D) Тұлғаны тәрбиелеуде икемділік пен жол табудың түрлерін қарастыру.
E) Ұжымның әлеуметтік жағдайын анықтау.
2.Қазіргі әлеуметтік-педагогиканың білім берудің мақсаты?
A)+ Әлеуметтік құнды іс-әрекетке ену үшін тұлғаның қажетті қасиеттерінің дамуы.
B) Заңды сақтайтын азаматты тәрбиелеу.
C) Ұлттық мәдениетті қалыптастыру.
D) Оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішінің артуы.
E) Қазіргі білім беру технологияларын ендіру.
3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің обьектісі?
A) Оқушыларды тәрбиелеу.
B) Оқу процесі
C)+ Біртұтас педагогикалық процесс.
D) Сабақтан тыс іс-шараларды өткізу.
E) Тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
4.Мұғалімге қажетті құзіреттіліктер?
A)+ Арнайы, коммуникативтік, ақпараттық, кәсіби.
B) Проблеманы шешу құзіреті.
C) Ұйымдастыру, болжау, бақылау.
D) Түзету, болжау, бағалау.
E) Технологиялық, ақпараттық.
5.Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері қандай болып табылады?
A)+ Оқушыларға сүйіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай білу, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдық, шығармашылық.
B) Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру білігі, ынтымақтастық қарым-қатынасы.
C) Мұғалімнің зерде мәдениеті, шығармашылық іс-әрекеті.
D) Оқушымен ынтымақтастық қарым-қатынасы, жеке жұмысы.
E) Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәнінің болуы, адамгершілік сапасы.
6.Қазіргі жаңашыл педагогтардың негізгі идеясы:
A)+ Баланы мәжбүр етпей оқыту, өзін-өзі қадірлеу, мақсаттылық, өзін іс жүзінде көрсете білу.
B) Оқушылармен авторитарлық қарым-қатынас жасау.
C) Қатал тәртіп, жоғары талап.
D) Білімді қатаң есептеу, сабаққа ерікті қатыстыру.
E) Білімді өз бетімен меңгерту.
7.Педагогикалық функция – бұл:
A)+ Оқыту процесін жүргізу, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.
B) Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.
C) Басқару, оқыту, зерттеу, болжау.
D) Қазіргі дүниедегі білім проблемасын зерттеу.
E) Адам психологиясын зерттеу.
8.Педагогикалық іс-әрекет қалай анықталады?
A) Теориялық зерттеумен.
B) Мұғалімдердің бір-бірінің сабақтарына өзара қатысуымен.
C) Әртүрлі қоғамдық пайдалы қызметпен.
D) Өзара қарым-қатынасымен
E)+ Оқу-тәрбиелік жұмыстармен.
9.Педагогтың жоспарлау жолындағы міндеті:
A)+ Тәрбие процесін жоспарлауда әрекет бағытын анықтау.
B) Тәрбие істерінің ұжымдық сипатын айқындау.
C) Графикалық жоспар жасау әдістемесін анықтау.
D) Мұғалімнің жұмысындағы өзіндік стилін анықтау.
E) Ұжымның тәрбиелілігін талдау.
10.Әлеуметтік орта – бұл:
A) Адам өмірінің материалдық-тұрмыстық жағдайы.
B) Әр елде тұратын адамдар топтарының қатынасы.
C) Адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы.
D) Адамның географиялық туған жері.
E)+ Адамның қоғамдық, материалдық, рухани тіршілік ету жағдайы, іс-әрекеті
11.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар қандай?
A) Мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер, тапсырмалар, нәтиже.
B) Психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік.
C)+ Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, субьектінің белсенді іс-әрекеті мен қарым-қатынасы, ішкі күштер.
D) Оқу, оқудан тыс.
E) Тәжірибелік, теориялық, әдістемелік.
12.Тұлғаны әлеуметтендіру:
A) Ғылым мен практика интеграциясы.
B) Тұлғаның материалдық қызығушылығын дамыту.
C)+ Адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне ықпалдастыру.
D) Тәрбие процесін жекелендіру.
E) Тұлғаның кәсіби бағдары.
13.Тұлғаның дамуына тәрбиенің тиімді әсер ету жағдайларын көрсет
A)+ Қоғамның талабын ескеру, тәрбиенің мазмұндылығы, дамудың ең жақын аймағына бағдарлану, тұлғаның белсенді ұстанымы, дамудың жалпы заңына сүйену, жеке және жас ерекшелігін ескеру.
B) Тәрбиенің мақсаттылығы мен алуан түрлілігі, ата-ананың өмірлік тәжірибесі.
C) Әлеуметтік ортаның талабын ескеру, мұғалімнің ұстанымы.
D) Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері, мектептегі тәрбиелік іс-шаралар.
E) Сыныптың психологиялық жағдайы, мектептің оқушы алдына қойған талабы.
14.Педагогикалық білім не?
A) Пәнін оқыту саласындағы терең білімі.
B)+ Педагогикалық категорияларды, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру заңдылықтарын, әдістерін, қағидаларын білуі.
C) Философиялық, психологиялық, әлеуметтік білімі.
D) Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихи бойынша білімі.
E) Оқушылардың жас ерекшеліктерін білуі.
15.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері қандай?
A) Тарихи, философиялық сипаты.
B)+ Саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипаты.
C) Ұжымдық, гуманистік, шығармашылық сипаты.
D) Психологиялық, физиологиялық сипаты.
E) Бақылаушылық, басқарушылық, бағалаушылық сипаты.
16.Іс-әрекеттің құрылымы компоненттердің бірізділігі қай түрде қарастырылады?
A) Іскерлік, қабілеттілік.
B) Іс-әрекетке қызығушылық, ынта-ықылас, арман, мұрат, мақсат.
C) Еңбек, шеберлік, өнер.
D) Білім, білік, дағды.
E)+ Мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау.
17.Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің маңызды көрсеткіштерін көрсет
A) Оқушының өте жақсы бағасы.
B) Жақсы денсаулық.
C)+ Білімді, тәрбиелі, дамыған тұлға.
D) Білім беру саласындағы нормативті заңдар туралы білім.
E) Тәртіптілік.
18.Педагогикалық іс-әрекеттің конструктивті компонентін құрайтын біліктер тобы:
A) Ұжымды қалыптастыру, либералдық қарым-қатынасты қалыптастыру.
B) Авторитарлық қатынасты қалыптастыру, жоспарлау.
C) Мұғалімнің оқу-танымдық біліктілігі.
D) Мұғалімнің зерттеушілік біліктілігі.
E)+ Іс-әрекет түрлерін жоспарлау, жобалау, оқу материалын таңдау және жүйелеу.
19.Педагогикалық іс-әрекеттің коммуникативтік компонентін құрайтын біліктер тобы:
A) Оқу-танымдық біліктілігі.
B) Ғылыми-зерттеушілік біліктілігі.
C) Оқу материалын таңдап алу біліктілігі, жоспарлау біліктілігі.
D)+ Оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен педагогикалық мақсатқа сай қатынастарды қалыптастыру біліктілігі.
E) Жобалау іскерлігі, диагностикалау біліктілігі.
20.Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипатының мәні:
A) Әріптестермен субьект-субьектілі қарым-қатынасты қалыптастыру.
B) Жоспарлау, диагностикалау, жобалау.
C)+ Оқушылармен, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен тұрақты ынтымақтастық қарым-қатынаста болу.
D) Мұғалімнің оқу-танымдық және зерттеушілік іс-әрекеті.
E) Педагогикалық іскеліктерді үнемі жетілдіру.
21.Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық мәні қандай?
A) Оқытудың дәстүрлі формаларын меңгеруі.
B)+ Оқу-тәрбие жұмысының жаңа тиімді формаларын іздестіру және жетістікке жетудегі белсенді процесс.
C) Білім беру философиясы мен тарихын білу.
D) Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері жөнінде білу.
E) Мұғалімнің педагогикалық этикасы және такт.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет