1.Өнеркәсіптің сала құрылымы



бет1/17
Дата14.02.2023
өлшемі108,43 Kb.
#67939
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1.Өнеркәсіптің сала құрылымы
Өнеркәсіп саласы- кәсіпорын мен өндірістер жиынтығының бірлігі. Ол сипатталады:
-шикізат және негізгі материалдарды тұтынудың біржақтылығы
-техникалық база мен технологиялық процестердің жалпылығы
-ерекше кәсіби кадрлар құрамы
-қоғамдық еңбекті ұйымдастыру формасы мен деңгейінің ерекшеліктерімен.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы жалпы , жеке және бірлік еңбек бөліністерін көрсетеді. Жалпы еңбек бөлінісін ауыл шаруашылық өнеркәсібі бөлімімен тарихи байланысты.Жеке еңбек бөлінісі кәсіпорындар арасындағы өзіндік салалар қабілеттілігімен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, транспорт және де басқа салалармен көрінеді
Жалпы, жеке және бірегей еңбек бөліністері бір-бірімен тығыз байланысты және өнеркәсіптің салалық құрылымдарының дамуына біріккен түрде әсер етеді.
Жалпы еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің жаңа салаларынан бөлінуге және де жеке еңбек бөлінісі өнекәсіптің болашақта дамуына әкеледі.Жеке еңбек бөлінісі әсерімен өнеркәсіптің жеке өндірістік ұлттық басқа да шаруашылық салаларының байланысы күшейеді, яғни оның өнеркәсіптік негізге өтуін жеделдетеді. Жеке еңбек бөлінісі өндіріс салаларын реттеп, олардың кәсібін жақсартады.
Пропорционалды және балансталған өсу оның көптүрлі саласының классификациясынсыз мүмкін емес. Негізгілер қатарына өндірілетін өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша салалар топтамасы кіреді:
-бағынудың басқармалық (ведомость) белгісі және формасы бойынша;
-экономикалық ерекшеліктер белгісі бойынша;
Өндірілетін өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша өнеркәсіптік салалар топтамалары маңыздырақ болып табылады. Осы сапаларына сәйкес бүкіл өнеркәсіп екі топқа бөлінеді:
1. Өндіріс құралдарын шығаратын салалар –«А» тобы.
2. Тұтыну заттарын шығаратын салалар – «Б» тобы.
Аралас өндірістерде, өндіріс қорлары ретінде де, қолдану заттары ретінде де бірдей қолданылатын өнім «А» немесе «Б» тобына жататын өнімнің мөлшерін белгілейді. Өнімнің табиғи формасы әлі оның экономикалық тағайындалуын анықтайды, сондықтан салалық құрылым өнімнің экономикалық тағайындалуы бойынша өнеркәсіп топтамаларымен толығымен сәйкес келмейді.
Еңбек заттарына әсер етуі бойынша өнеркәсіп өндіретін және өңдейтін болып бөлінеді. Өнеркәсіптің өндіру салалары еңбек заттарын тек қана табиғаттан өндірумен және оны келесі қайта өңдеуге бірінші дайындықпен айналысады.
Өнеркәсіптің өңдейтін салаларында шикізаттық материалдар жаңа сапалық құндылықтарға ие болып, өз формаларын өзгертеді. Бұл топта өнеркәсіптен шыққан шикізатты өңдейтін салалар бөлінеді, мысалы шойын, болатты балқыту және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салалары, яғни ет, сүт, жарма ұнтағы.
Салаларды экономикалық ерекшеліктері бойынша классификациялау оларды топтастыруға мүмкіндік береді. Олар:
-Негізгі және айналым қорларының құрылымының жалпылығы бойынша.
-Өндірістің материал-энерго-еңбек және қор сыйымдылығы сатысы бойынша.
-Өндіріс типін меңгеруі бойынша (жалпы, сериялық, бірлік)
-Өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен формасы, сонымен бірге басқа да белгілер қатары бойынша. Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады.
Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған.
Қазақстанның газ өнеркәсібі. Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы.
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді олар:
Қазақ газ өңдеу зауыты
Теңіз газ өңдеу зауыты
Жаңажол газ өңдеу зауыты
Қарашығанақ өңдеу кешені.
Машина жасау кешені. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен күрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокеліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Машина жасау үшін кеп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады.
Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар. Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
Мұнай Өнеркәсібі– Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.

2. Сала және сала құрылымы туралы түсінік


Ұлттық экономиканың құрылымы
Кез келген елдің экономикасы бір-бірімен байланысты салалардың біртұтас жиынтығы болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің ұлттық және тарихи дәстүрлеріне, географиялық және геосаяси жағдайларына және халықтың еңбек дағдыларына байланысты ұлттық экономиканың қалыптасуына басқа елдермен халықаралық ынтымақтастықтың көбірек әсерін тигізетін өзіндік ерекше жиынтығын жасайды. Ұлттық экономиканы талдау кезінде салалар, салалар, кешендер, экономика салалары сияқты ұғымдар ажыратылады. Олардың жиынтық әлеуметтік өнім мен ұлттық табысты құруға қатысуына сәйкес әлеуметтік өндіріс екі үлкен бағытқа бөлінеді: материалдық өндіріс және материалдық емес сала. Материалдық өндіріске өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, жүк көлігі, байланыс (материал өндірісінде), құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану, ақпараттық-есептеу қызметтері және т.б. Өндірістік емес салаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, байланыс (өндірістік емес саланың ұйымдары мен халыққа қызмет көрсету), денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және әлеуметтік қамсыздандыру, халық ағарту, мәдениет және өнер, ғылым және ғылыми қызметтер, несиелеу және сақтандыру, әкімшілік аппараттың қызметі кіреді. Өз кезегінде экономиканың әр саласы салаларға бөлінеді. Статистикаға сәйкес, сала ауыр салаларға (электр, қара және түсті металлургия, машина жасау, отын, орман шаруашылығы, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз және құрылыс өндірісі), жеңіл өнеркәсіпке (тоқыма, киім, былғары, аяқ киім, аң терісі және т.б.) бөлінеді. азық-түлік (тамақ, ет, сүт, балық өнеркәсібі және т.б.), химия және мұнай-химия, сонымен қатар электронды өнеркәсіп.
Саланың құрылымы
Сала- бұл өнімнің, өндірістік технологияның, негізгі құралдардың, жұмысшы және қанағаттандырылған қажеттіліктердің кәсіби дайындығы сипатталатын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы. Салаларды жіктеу келесі өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:
1. Біртектілік:
- дайын бұйымдар (аспап жасау, автомобиль, электр);
- өңделген шикізат (орман, ағаш өңдеу);
- технологиялық процестер (химиялық, металлургиялық).
2. Мақсаты:
- өндіруші (шикізат, материалдар, отын алуды қамтамасыз етеді);
- өңдеу (түпкілікті өнімді жасайды).
3. Қолдану аясы:
- А тобы (өндіріс құралдарын өндіру);
- В тобы (тұтыну құралдарын өндіру).
Экономиканы салалар бойынша құрылымдау кезінде сала ұғымы үш мағынаға ие болатындығын ескеру қажет:
- «таза» индустрия - бір өнім түрінің - бір өнімнің (көмір, мұнай, газ) барлық өндірісінің жиынтығы;
- экономикалық индустрия - өнеркәсіп өнімін шығару олардың өндірісінің көп бөлігін құрайтын кәсіпорындар жиынтығы;
- әкімшілік тармақ - бір министрліктің (немесе басқа әкімшілік органның) қарамағындағы кәсіпорындар жиынтығы.
Нарықпен байланыс деңгейіне сәйкес нарықтық және нарықтық емес секторлар бөлінеді.
Нарықтан тыс сектор - кәсіпорынның өндірушілері немесе иелері тікелей пайдалануға арналған, сондай-ақ басқа тұтынушылар ақысыз немесе сұранысқа әсер етпейтін бағамен ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді өндіру. Нарық секторы нарықта сатуға арналған тауарлар мен қызметтерді осы тауарларға немесе қызметтерге сұранысты айтарлықтай әсер ететін бағамен өндіруді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді бартерлік айырбастауды, заттай жалақы мен дайын тауарлық-материалдық қорларды қамтиды.
Халықаралық статистикаға сәйкес экономика әдетте тауар өндіретін және қызмет көрсететін салаларға бөлінеді. Тауар өндіретін салаларға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б. Қызмет көрсету салаларына білім беру, көлік, сауда, денсаулық сақтау, жалпы үкімет, қорғаныс т.б.

3. Өнеркәсіп салаларының құрылымы, рөлі және тағайындалуы


Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері 
Өнеркәсіптің құрылымы:Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:
● Тау кен өнеркәсібі;
● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;
● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен
өндіру;
● Өңдеу өнеркәсібі;
● Темекі бұйымдар өндірісі;
● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;
● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;
● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және
аяқ киім өндірісі;
● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;
● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;
● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру
және қайта өңдеу;
● Химия өнеркәсібі;
● Мұнай айдау;
● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға
жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;
● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;
● Металлургия өнеркәсібі;
● Түсті металл өндірісі;
Дайын металл бұйымдарын өндіру;
● Машина жасау.
Өнеркәсіп орналасу заңдылықтары
Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді (2-сызбанұсқаға қараңдар). 
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына «астаналық» фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз жағалауларына «ығысуы» да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.
Өңдеуші өнеркәсіптердің құрылымы, (%)

Салалар

Қазақстан

Дуние жүзі

Дамыған елдер

Тамақ өнеркәсібі

22

11

10

Жеңіл өнеркәсіп

1

4

3

Орман және ағаш өңдеу

2

9

10

Химия және мұнай өңдейтін

11

17

16

Металлургия

42

5

4

Машина жасау

9

50

53

Басқа салалар

13

4

4

Барлығы

100

100

100

Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата орналастыру байқалады.


Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторлары: Өнеркәсіптің дамуы мынандай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады. Кәсіпорындардың орналасуы:
1) аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде;
2) шикізат көзіне, отынға, энергияға, ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді);
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып;
4) еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперативтендірудің, құрамдастырудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің (кешендердің) артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорандарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдаланылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорнынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізушілермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізуі мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация (ынтымақтастық) деп атайды. Ол да еңбек өнімділігін көтереді.
Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:
1) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын
2) оларды бірігіп өңдеуді,
3) бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.
Бейнелеп айтқанда, «қандай себептерге байланысты зауыт нақ осы жерде салынған?» немесе «бұл заутты салу үшін қандай жағдайлар қажет?» деген сияқты сұрақтарға жауап береді.
Фактордардың саны көп емес, олар – шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды.
Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшклігі –тау –кен өндірісі саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді. Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізат шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын көреміз.
Сонымен қатар республикаға өңдеу өнеркәсібі салаларынынң арасында қалыптасқан салыстырмалы арақатынаста аса тиімді емес.
Салалар арасындағы өзара байланыстың күшеюі салааралық кешендердің қалыптасуына әкелетін білесіздер. Еліміздің экономикасындағы олардың рөлі бірдей емес.
Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарысы өсуіне себеп болады. Олар Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтап, ел ішінде өзгеше «локоматив» рөлін атқарады.. Орлардың дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.
Қазір алдыңғы қатарлы өнім шығаратын облыстардың үштігіне Атырау, Маңғыстау және Қарғанды облыстары кіреді. Өнеркәсіптің дамуы мынадай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады:
Кәсіпорындардың орналасуы:
1)аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде
2) шикізат көзіне, отынға, энергияға ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді)
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып
4)еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандырудың, кооператиптендірудің, құрамдастарудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің артылықшылықтарын пайдалана отырып орналастырады.
Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырлауды деп атайды.
Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артылықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.
Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорындарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдалынылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізулермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізу мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысу кооперация (ынтымастық) деп атайды. Ол да еңбек өнілімділігін көтереді.Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинат құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:
1) Шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын
2) Оларды бірігіп өңдеуді
3) Бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамсыз етеді.
Ауыр өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді.
Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пенқорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын менкүміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б.) айтарлықтай. Республиканың су энергетик. реурстары шамамен жылына 27 млрд. кВт. сағатқа бағаланады. Химия өнеркәсібінің шикізаты да мол (Қаратау фосфориттері). Вольфрам, хром, молибден, кадмий және уранның үлкен қорлары бар. Қазақстан — дүние жүзілік ауыр өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет. Еліміздің ауыр өнеркәсібінің іргесі негіздері 20 ғасырдың басында қаланды. Ол кезеңде қарапайым еңбек құралдарымен жарақтанған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар басым болды. Мұнай, көмір өнеркәсібі мен түсті металлургия ошақтарының негізі де мол кезде қаланды. 1913 жылы барлығы 118 мың тонна мұнай, 100 мың тонна көмір және біраз түсті металдар өндірілді. Азамат соғысының салдарынан 1920 жылы ауыр өнеркәсіп өнімдерінің мөлш. 5 есе төмендеп, мұнай өндіру деңгейі 30 мың т. көлемінде ғана болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімінің үлесі 10 проценттен аспайтын еді. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі индустрияландыру жылдарында, Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941 — 1945) жаңа өндіріс ошақтарын салу Ресей және Украина республикаларынан көшірілген кәсіпорындар есебінен сан-салалы сипатқа ие болды. 1938 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1913 жылғы деңгейден 4 есе, 1928 ж-ғы дәрежеден 14 есе асып түсті. Еліміздегі ауыр өнеркәсіп соғыстан кейінгі кезеңдерде айрықша қарқынмен дами бастады. Оның басты себебі 1960 — 1970 жылы республика өнеркәсібіне жұмсалған күрделі қаржы өткен 40 жыл (1920—60) ішіндегі жиынтық қаржыдан 2, 3 есе жоғары болды. Осы жылдарда жан басына шаққанда өнім шығару жөнінен көптеген дамыған елдерден басым түсті және көмір, болат, электр энергиясы, машина, химия өнімдерін өндіру жедел қарқынмен дамыды. Ауыр өнеркәсіптің қара металлургия, трактор жасау, алюминиий және кабель өндірісі, арматура, прибор жасау, насос-компрессор, химия, машина жасау, кен-химия өндірісі, синтетик. каучук, синтетик. қарамай және пластик. массалар, құрастырмалы темір-бетон және қабырға блоктары өндірісі, асбест өндірісі кәсіпорындары пайда болды (кестені қ.). Ауыр өнеркәсіптің респ. өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 1997 жылы 76,3 %-ке жетті.

4. Өнеркәсіп салаларының жіктелуі


Сапа деңгейін бағалау үшін өнеркәсіптік өнімді, оны әрқайсысы сапа деңгейін анықтайтын көрсеткіштер түрлерінің шектелген жиынтығымен сипаттала алатын топтарға бөліп, зерттеу объектісі ретінде жіктейміз.
Бұйым деп өнеркәсіптің өнімнің саны данамен немесе үлгімен есептеле алатын бірлігін түсінуге болатынын айтып кету қажет. Сонымен бірге әрбір бұйымның анықталған шектермен регламенттелген, геометриялық өлшемдері мен массасы бар екені болжанады.
Өнеркәсіптік өнімнің саны ұзындық, үстіңгі бет, көлем немесе масса бір-ліктерімен өлшенетін үлгілерін, осы көзқарастан алғанда, бұйымдарға жатқызбайды. Алайда егер мұндай үлгілер орауының бұзылуы пайдалану тиімділігін қиындатуы, төмендетуі немесе болдырмауы мүмкін болатын стандарттық өнеркәсіптік оралып шығарылса, олар сондай-ақ бұйымдар ретінде қарастырылу керек.
Барлық бұйымдардың сақталушылық көрсеткіштері берілген уақыт бойында олардың өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығын ескеру керек.
Жөндеуге жарамдылық, тоқтаусыздық, ұзақ мерзімділік, стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері бұйымдардың белгілі түрлері сапасының деңгейін анықтау үшін ғана қолданылады; бұл көрсеткіштер үздіксіз өлшеу сипаты бар үлгілердің сапасын сипаттай алмайды (м, м², м³, кг және т.б.).
Сөйтіп, өнім санын өлшеу сипаты оны жіктелуінің ұтымды белгілерінің бірінің қызметін атқара алады.
Оның сапасының құрамына кіретін өнімнің қасиеттері, типтік режимдер кезінде пайдалану сатысында іске асырылады (мақсаттық тағайындалу бойынша пайдалану; тасымалдау, сақтау және жөндеу).
Сапа көрсеткіштері өнімнің әрбір үлгісінің оған ұшырайтын режимдерде пайдалануға бейімделгендік дәрежесін сипаттау керек.
Өнім сапасын бақылау сияқты, мақсаттық тағайындалу бойынша пайдалануды екі тәсілмен жүзеге асыруға болады.
Бірінші тәсіл өнімді пайдалану процесінде оның өзінің шығынымен сипатталады. Бұл тәсіл сондай-ақ жұмсалатын бұйымдарға және үздіксіз өлшеу сипаты бар өнімнің барлық үлгілеріне таралады.
Бұл тәсіл кезінде өнімнің шығыны, қағида бойынша, қайта өңдеудің қай-тымсыз процесінде (шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер), (отынды) жаққан кезде, тірі организмдермен сіңірілген кезде (тағам өнімдері, тыңайтқыштар) және т.б. көрсетіледі. Жеке жағдайларда шығын жартылай қайтымды (химия өндірістеріндегі еріткіштерді қайтарымдау және жаңғырту және т.б.).
Пайдаланудың екінші тәсілі өнімнің өзінің емес, оның ресурсының жұмсалуымен сипатталады. Шығындық бұйымдарды есептемегенде, пайдаланудың бұл түріне барлық бұйымдар ұшырайды.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің түрлерін таңдауға оны мақсаттық пайдалану тәсілі елеулі әсер етеді, ол өнімді жіктеудің маңызды белгісінің қызметін атқарады.
Оны жіктеу негізіне алып, барлық өнімді екі класқа: бөліктері бойынша жұмсалатын және ресурсты жұмсайтын деп бөлуге болады.
Сөз мақсаттық пайдалану режимінде жұмсау туралы болатынын атап көрсету қажет, өйткені пайдаланудың басқа режимдерінде болуы оның осы кластардың кез-келгеніне қатыстылығына байланыссыз өнім ресурсының жұмсалуымен қабаттас болады. Ресурстың мұндай шығыны көбінесе сақталу кезінде болады.
Мақсаттық пайдалануға жататыны сияқты, өнімнің барлық үлгілері сақталуға жатады. Сондықтан өнімнің сақталушылығы оның сапасының әмбебап көрсеткіші болып табылады.
Өнімнің барлық үлгілері жөндеуге ұшырамайды. Сондықтан сапа деңгейіне өнімнің жөнделуге бейімделгендігін сипаттайтын көрсеткіштердің енгізілуі (жөндеуге жарамдылық), әрбір қарастырылатын үлгінің пайдаланудың көрсетілген режимінде болу мүмкіндігімен анықталады.
Өнімнің соңғы жіктелу белгісінің қызметін патентке лайықтылық атқарады. Өнеркәсіптің өндіру салалары өнімінің үлгілері, негізінде, қалған өнімнен ерекшелігінде, патентке лайықтылыққа ие болмайды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде 2.1-суретте берілген, жіктеу жүйесі ұсынылады

2.1-сурет - Өнеркәсіптік өнімнің жіктелуі
Өнімдердің қандай үлгілері жіктеудің ұсынылатын жүйесі бойынша оның әрбір тобының мазмұнын құрайтынын нақты мысалдарда қарастырамыз.
1-топқа барлық пайдалы қазбалар, жеке алғанда, кен және олардың концентраттары; табиғи сұйық, қатты және газ тәрізді отындар; табиғи құрылыстық және декорациялық материалдар; бағалы минералдар; басқа металл емес қазбалар; ауыл шаруашылығы өнімі; гүлдер; дәрілік шөптер; шикізат өнімдері және ара шаруашылығының, жібек шаруашылығының, мал шаруашылығының, құс шаруашылығының, аң шаруашылығының және аңшылықтың, балық аулаушылық пен балық шаруашылығының жартылай дайын өнімдері және т.б.
Бұл топтың өнімінің кейбір үлгілері дискреттік шамалардың, мысалы, жануарлар мен құстардың, аңдар терілерінің, көкөністің, жемістердің және т.б. көмегімен есептелуі мүмкін. Осыған қарамастан, оларды мағынасы бойынша да, пішіні бойынша да бұйымдарға жатқызудың керегі жоқ, өйткені бұйымның бұрын ұсынылған анықтамасы оны өнеркәсіптік өнімнің ғана алуан түрлілігі ретінде қарастырады.
Бұл топтың өнімі жөндеуге жатпайды, және осыдан, оның пайдалы қасиеттері сақтау мен тасымалдау кезінде жоғалуы мүмкін болса да және кейбір жағдайларда қалпына келсе де (мысалы, су тиген астықты кептіру), жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерімен сипаттала алмайды. Мақсатты пайдалану кезінде ресурс шығынының жоқтығы осы түрдегі өнімнің сапасын бағалау үшін тоқтаусыздық пен ұзақ мерзімділік көрсеткіштерінің қолданылуын болдырмайды. Бұйым болып табылмай, осы түрдегі өнімнің стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері, сондай-ақ эргономикалық көрсеткіштері болмайды.
Сондай-ақ өнімнің жеке үлгілерін өндірудің (өсірудің) кейбір тәсілдері өнертабыс объектісі болуы мүмкін болса да, мұның патентке лайықтылықты иеленбеген жалғыз өнім екенін атап көрсетеміз.
Осы түрдегі өнімнің кейбір үлгілеріне (асыл минералдар, гүлдер, аңдар мен жануарлардың терілері, декорациялық табиғи материалдар және т.б.) - эстетикалық көрсеткіштер және барлығына тасымалдылық көрсеткіштері қолданылады.
2-топ (материалдар мен өнімдер) жасанды отындардан, жанар-жағар майлардан; металл кеспелтектерден, дайындамалардан, слябтардан, илемнен, сымнан; химиялық өнімдерден, жеке алғанда, газдардан, қышқылдардан, сілтілерден, тұздардан, тыңайтқыштардан, улы химикаттардан, лактардан, бояулардан, жасанды шайырлардан, пластмассалардан, реактивтерден, оқ-дәрілерден, жарылыс заттардан; тоқыма және жеңіл өнеркәсіпке арналған материалдардан, жеке алғанда, жіптен, маталар мен тоқылмаған материалдардан, былғары материалдардан, терісі бағалы аң терісінің материалдарынан; құрылыс материалдарынан, жеке алғанда, цементтен, әктен, гипстен, бетоннан, жасанды декорациялық материалдардан, шыныдан, отқа төзімді материалдардан; целлюлоза-қағаз және орман материалдарынан; электр- және радиотехника материалдарынан; кино- және фотоматериалдар мен химикаттардан; емдік, нашақорлық, ауырттырмайтын және басқа медициналық препараттардан, тағамдық және дәмдік өнімдерден (үшінші топқа кіретіндерді қоспағанда) және т.б. тұрады.
Алдыңғы топтағы сияқты, осы топ өнімі үлгілерінің бір бөлігінің іске асырылатын эстетикалық қасиеттері бар (қапталатын және декорациялық жасанды материалдар; жеңіл өнеркәсіпке арналған маталар мен тоқылмаған материалдар және т.б.) және сәйкес эстетикалық көрсеткіштермен сипатталу керек.
1-топтан ерекшелігінде, өнім үлгілерінің бір бөлігі патентке лайықты (өзіндік қосымдары бар отындар, күрделі өнімдер мен материалдардың рецептуралық құрамы және т.б.).
1-топтың үлгілеріне сияқты, 2-топ өнімінің барлық үлгілеріне тасымалдылық көрсеткіштері қолданылады және (сол себептер бойынша) жөндеуге жарамдылық, тоқтаусыздық, ұзақ мерзімділік, эргономикалық, стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері қолданылмайды.
3-топқа (жұмсалатын бұйымдар) мыналар жатады: сабын кесектері; дәрі-дәрмек таблеткалары; жіптер (немесе бобиналар), сымдар мен кабельдер орамалары; сусындар бутылкалары; кондитерлік бұйымдар, өнеркәсіптік оралған дәріханалық және парфюмерия-косметикалық тауарлар; консерві банкілері; сұйық отыны бар бөшкелер; газдары бар баллондар және т.б.
2-топтан ерекшелігінде, бұл топ өнімінің барлық үлгілеріне - патенттік-құқықтық көрсеткіштер, эстетикалық және эргономикалық, ал үлгілер бөлігіне - стандарттау және бірыңғайлау көрсеткіштері қолданылады. Сонымен бірге барлық осы көрсеткіштер, негізінде, бұл топ өнімі үлгілерінің жұмсалатын бөлігіне емес, ал олардың оралуына, тығындалуына, оларды орауға арналған негізге жатады.
2-топқа ұқсас бұл топ өнімінің барлық үлгілерінің сапасы тасымалдылық көрсеткіштерімен сипатталу керек.
4-топқа (жөнделмейтін бұйымдар) электр-вакуумды және жартылай өткізгішті жинақтаушы элементтер; резисторлар; конденсаторлар; реле; бұрандамалар; сомындар, мойынтіректер; осьтер; доңғалақтар; тістегершіктер; кірпіштер, керамикалық плиталар; бекітпе тетіктер және т.б. кіреді.
Бұл топ өнімінің барлық үлгілері үшін тоқтаусыздық, ұзақ мерзімділік, эргономикалық, стандарттау және бірыңғайлау, патенттік-құқықтық көрсеткіштер, эстетикалық және тасымалдылық көрсеткіштері қолданылады, бірақ жөндеуге жарамдылық көрсеткіштері қолданылмайды.
5-топ (жөнделетін бұйымдар) – бұл өнеркәсіптің әр түрлі салаларын жабдықтауға арналған машиналар; осы машиналардың автоматтық және автоматтандырылған кешендері, жүйелері мен тораптары; ауыл шаруашылық машиналары; көлік машиналары мен құралдары; энергетикалық және электр техникалық жабдықтарға арналған машиналар; өлшеу аспаптары; автоматтандыру және басқару жүйелерінің құралдары; радиоэлектроника (жөнделмейтіндерден басқа), электрондық техника және байланыс құралдары; кино- және фото-аппаратура; медициналық және тұрмыстық аспаптар мен аппараттар; әр түрлі техникалық құрылғылардың жөнделетін бөліктері, агрегаттары, блоктары, желілері; былғары және басатын киіз бұйымдары; терісі бағалы аң терісінен жасалған бұйымдар; тігін және тоқыма бұйымдары; тұрмыстағы жөнделетін заттар және т.б.
Бұл топ өнімінің сапасы, 4-топ өнімінің көрсеткіштері сияқты көрсеткіштермен және қосымша түрде, жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерімен сипатталады.

5. Өнеркәсіптегі шикізат


Өңдеу өнеркәсібі бір немесе бірнеше саланың шикізатынан жаңа өнім алады. Сонымен бірге алыңған өнім бірден тұтынуға дайын түрде не жартылай дайын өнім түрінде болады. Осылайша, мысалы, азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері – бұл ауылшаруашылығы өнімінен алынған қайта өңделген шикізат: шұжық, еттен, ал нан бидайдан өндіріледі.
Өңдеу өнеркәсібі бірнеше салаға бөлінеді: азық-түлік, жеңіл, ағаш өңдеу, металлургия, химия, ағаш даярлау, мәшине жасау т.б.
Сонымен қатар мұнай-химия өнеркәсібі белсенді түрде дамып келеді. Атырау, Павлодар мен Шымкентте үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар автожанармай, дизельдік, қазандық жанар-жағармай, авиациялық жермай, мұнай битумы мен басқа да мұнай өнімдерін өндіреді.
Республикамыздағы мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті барынша толық қамтамасыз ету мақсатында алдағы жуық күндері Қазақстанның батысында – Ақтау қаласына жақын жерден тағы бір мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу қарастырылуда. Бұл саланы дамытудың келешегі мемлекет тарапынан болатын қолдауға және мұнайды кешенді өңдеуге жұмсалатын алдағы инвестицияларға байланысты.
Құрылыс саласының кәсіпорындарында цемент, шифер, асбестцемент құбырлары, жұмсақ төбе жабатын материалдар, линолеум, санитарлық-құрылыс фаянсы, еден мен ғимарат безендіруге арналған қаптайтын керамикалық тақталар, панельдер және ірі панельді үй тұрғызуға арналған басқа да құрастырылымдар, қағаз өнеркәсібіне арналған каолин, радиаторлар, конвекторлар мен басқа да құрылыс материалдары мен құрастырылымдарының көптеген түрлері өндіріледі. Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіруге қажетті алуан түрлі шикізат қорлары жеткілікті. Қазіргі уақытта цемент өндіру – Қазақстанның құрылыс индустриясының маңызды саласы. Төңірегі цемент балшығының ауқымды қорымен танымал болған Шымкент пен Семей қалаларында қуатты цемент зауыттары салынған. Сонымен қатар жаңа технология бойынша құрылыс кірпіші мен линолеум шығаратын жаңа кәсіпорындар іске қосылған, республикамызда әйнек зауыттары мен көптеген басқа да кәсіпорындар салу қарастырылуда.
Қазақстанда түсті металлургия аса жоғары даму деңгейіне қол жеткізді. Минералды-шикізаттардың бай ресурстары негізінде Қазақстанда түсті металлургия экономиканың жетекші экспорттық саласы ретінде қалыптасты.
Қазақстанның түсті металлургиясының негізгілері – мыс, қорғасын-мырыш, сонымен қатар алюминий және титан-магний салалары. Осы салалардың әрқайсысы жеке кеніштер, карьерлер, кен байыту фабрикалары мен зауыттар түрінде танылған. Олар жиі бірлесіп ірі комбинаттар құрайды. Мыс өндіру және қорыту Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде жүргізіледі. Мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: Балқаш және Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинанттары. Қорғасын-мырыш немесе полиметалл өнеркәсібі Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде дамыған. Республикамыздың оңтүстігінде Шымкент қорғасын зауыты (Қаратау тауы кен орындарының кендерінен өндіреді) жұмыс істейді. Сонымен бірге Текелі қаласы – полиметалл өнеркәсібінің маңызды орталығы. Алюминий және титан-магний салалары Павлодар мен Өскемен қалаларында жүзеге асырылуда. Мұнда көп мөлшерде арзан электр энергиясын өндіретін ірі жылу және гидравликалық электрстансылары орналасқан.
Азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіп салалары – ауқымды әлеуетке ие және экономиканың кешенді дамуының маңызды бөлімі. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуының берік негізі жасалды. Еліміздің азық-түлік өнеркәсібінің неғұрлым дамыған салалары: ет, наубайхана, ұн тарту және май өндіру мен ірімшік шығару. Қазақстанның оңтүстігінде, қант қызылшасы өсірілетін аудандарда қант өнеркәсібі дамыған. Азық-түлік өнеркәсібінің тағы да басқа салаларынан елімізде: балық (солтүстік Каспийде), кондитерлік, жеміс сүрлеу және шарап шығару дамыған. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің көптеген салаларының ішінен көбірек дамығаны: тоқыма – оның ішінде мақта иіру және мақта-мата өнімдері, жүн иіру мен шұға өнімдері, сонымен қатар былғары аяқкиім шығару, киіз басу, трикотаж және тігін салалары. Тоқыма өнеркәсібінің ірі орталықтары – Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Петропавл және Орал қалалары.
Химиялық өнеркәсіптің шикізатын әртүрлі принциптер бойынша жіктейді. Шығу тегі бойынша шикізатты минералды, өсімдік және жануар деп жіктейді. Минералды шикізат, яғни жер қыртысынан алынатын пайдалы қазбалар басым болады. Агрегаттық күйі бойынша қатты, сұйық (мұнай) және газ тәрізді (ауа, табиғи газ) шикізат болады. Құрамы бойынша шикізат органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Минералды шикізат өз алдына кенді, кенді емес және жанғыш (органикалық) деп бөлінеді. Кенді минералды шикізат деп құрамында техникалық таза күйінде экономикалық тиімді бөлініп алынуы мүмкін металдар болатын тау жыныстары немесе минералды агрегаттарды айтады.
Бөліп алу үшін қажетті мөлшерде бірнеше металдар болатын кендер полиметалды деп аталады.
Кенді емес (немесе металды емес) шикізат деп химиялық, құрылыс және тағы басқа металды емес материалдардың өндірісінде пайдаланатын, бірақ металдарды алудың көзі болмайтын барлық бейорганикалық шикізатты айтады. Кенді емес шикізат түрлерінің көп бөлігінің құрамында да металдар болады.
Жанғыш минералды шикізат, яғни органикалық пайдалы қазбаларды: көмір, шым, сланецтер, мұнайды және т.б. – энергетикалық отын немесе химиялық шикізат ретінде пайдаланады. Келтірілген жіктелудің шартты болатынын ескерте кеткен жөн, себебі жанғыш пайдалы қазбалар типтік минералдарға жатпайды.
Шикізаттың ең жалпы және кең тараған түрлері ауа мен су болып табылады. Құрғақ ауаның құрамында 78% N2, 21% O2, 0,94% Ar, 0,30% CO2, аз мөлшерде сутегі, метан, неон, криптон, гелий және ксенон болады. Одан басқа ауада су буының, шаңның және газ тәріздес ластанулардың өзгеретін мөлшерлері болады. Ауаның оттегісі тотығу процестері үшін, ал ауаның азоты аммиак синтезі үшін кең қолданылады. Ауаны суды және басқа сұйықтықтарды және де жылу алмастрғыштардағы газдарды суытқанда суытқыш агент ретінде пайдаланады. Қыздырылған ауаны газдар немесе сұйықтықтарды өыздыру үшін жылу тасымалдағыш ретінде пайдаланады.
Өсімдік және жануар шикізаты (ағаш, мақта, майлар, сүт, тері, жүн) не азық-түлік өнімдеріне, не тұрмыстық және өнеркәсіптік бағытталған өнімдерге өңдейді. Кейбір өндірістерде азық-түлік шикізатын техникалық өнімді алу үшін немесе керісінше техникалық шикізатты азық-түлік өніміне өңдейді. Шикізат ретінде әртүрлі заттар мен элементтерді пайдалану олардың халық шаруашылығы үшін құндылығынан, жер қыртысындағы мөлшерінен, алудың оңайлығынан және аталған элемент кіретін қосылыстардың сипатынан тәуелді болады. Осы көрсеткіштердің барлығы уақыт өте келе өзгереді.
Шикізаттың құндылығы техниканың даму деңгейінен тәуелді болады. Мысалы, сирек металдар бұрын кең қолданылған жоқ, ал қазір балқымаларға қоспалар ретінде, жартылай өткізгіштер техникасында өте құнды болып келеді. Уран үш онжылдық бұрын радийді алғанда қажетсіз қалдық болды, ал қазір ол атомдық техниканың негізі болып табылады.

6. Өнеркәсіпті ұйымдастырудың ғылыми негіздері.


Өндіріс– қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажет материалдық өнімдерді шығару процесі.
Өнідірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтардардың үш түрі болады: негізгі, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендендіретін қорлар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру т.б.).
Цехтар – учаскелерден тұрады. Олар үш түрге бөлінеді: негізгі, көмекші, қосалқы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі бар: заттай, технологиялық, аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклін азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарылуына ықпал жасайды.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
Кәспорындағы өндірістік құрылымды анықтайтын факторлар:
· еңбек бөлінісінің деңгейі;
· өндірісті мамандандыру және кооперациялау деңгейі;
· өндірісті мамандандыру және кооперациялау деңгейі;
· бәсекелестік деңгейі;
· өндірістік басқару мен техника, технологияның деңгейі;
· өндірілетін өнімнің сипаты, номенклатурасы, ассортименті және шығу көлемі, өнімді өндіруге кеткен еңбек сиымдылығы;
· өндірісті глобализациялау және халықаралық еңбек бөлінісі процессіне қатысу деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет