1,Сұрақ. Аспаз не үшін бұлай істейді



Дата14.04.2022
өлшемі16,72 Kb.
#31040
Байланысты:
Пиза 02,03,22


1мысал. Күнделікті тұрмыста ас содасы ұннан жасалатын тағамдарды әзірлеуде, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ тазалағыш құрал ретінде қолданылады.

Аспаз кейбір кезде біраз тұрып қалған сүтке аздаған ас содасын қосады.


1,Сұрақ. Аспаз не үшін бұлай істейді?(Дұрыс жауабын белгілеңіздер).

А. Ас содасы тұрып қалған сүттегі микробтарды өлтіреді.

В. Ас содасы сүттің дәмін жақсартады.

С. Ас содасы сүтті ұютуға қабілетті сүт қышқылын бейтараптайды.

D. Ас содасы сүтті ірітеді.
Сұрақ. Көп тұрып қалған сүттің (ашыған, ұйыған сүттің) қоршаған ортаға қандай зияны бар? Өз жауабыңызды тұжырымдаңыз.



  1. мысал. Тазартылған алмалар, саңырауқұлақтар және кейбір жеміс- жидектер ауада қарая бастайды.

  1. сұрақ. Неліктен тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс-жидектер ауада қарая бастайды?




  1. сұрақ. Бұл үдерісті қалайша тоқтатуға болады?




  1. Тапсырма. Тазартылған алма, саңырауқұлақ, картоп және т.б. жеміс- жидектердің ауада қараю үдерісін болдырмаудың тағы да қандай жолдарын білесіз? Өз жауабыңыздың нұсқасын тұжырымдаңыз.


3-мысал. Сізге тоттың, сұйық майдың, кофенің, йодтың, сәбіз шырынының, шие шырынының, еттің дақтарын кетіру қажет делік. Сіздің қолыңызда бұрыш, тұз, кір жуғыш ұнтақ, ультракүлгін шам, тіс тазалайтын ұнтақ және бензин бар.

  1. тапсырма. Әрбір дақты кетіру үшін сәйкес келетін қажетті керек- жарақтарды 1.3-кестеде көрсетіңіз.

1.3-кесте – Дақты кетіру жолдары



Дақтар

Қажет заттар

Дұрыс жауап

A. Тот

1. Бұрыш




B. Сұйық май

2. Тұз




C. Кофе

3. Кір жуатын ұнтақ




D. Йод

4. Ультракүлгін шам




E. Сәбіз шырыны

5. Тіс тазалайтын ұнтақ




F. Шие шырыны

6. Бензин




G. Ет дәмдеуіші

7. Лимон қышқылы





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет