«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық технологиялары» пәні бойынша
2-аралық бақылау сұрақтары
1.Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағымды әсерімен қатар жағымсыз әсер ететіні сияқты компьютер баланың өміріне ерте жастан бастап енетінін білеміз. Баланың психикасына әсер ету күші бойынша заманауи ақпараттық технологияларды басқа құралдармен салыстыруға келмейді. Балабақшадағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар – заманауи мектепке дейінгі тәрбиелеудің өзекті мәселесі. Ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа талаптарды ұсынады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы мақсаты – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
-оқушылардың өзіндік реттеу қабілетін дамыту;
-оқушының әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалық сапаларын тәрбиелеу арқылы
оқушының өзін өзгертуге бағытталған процесс;
-компьютер оқу процесін іскерлік тұрғыда ұйымдастырудың барынша
адекватты техникалық құралы;
-компьютер белсенді әріптес рөліне еніп,оқушылардың іс-әрекет ынтасын
арттыра түседі;
-компьютердің бағдарламалық оқыту процесінің тұтастығын бұзбастан оны
оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруға жол ашады;
«Оқушы компьютер» жүйесіндегі оқушының оқу материалдарын меңгеруге
байланысты шешім қабылдауы – оның санасында барлық жан дүниелік
мүдделер мен талаптар мұқият таразыланатын жеке де күрделі процесс.