2. Білім беру заңын меңгеру


Сынып жетекшісінің қызметі



бет13/19
Дата05.05.2023
өлшемі305,26 Kb.
#90494
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап – тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым – қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін — өзін басқаруды дамыту.
Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: диагностикалық,мақсат қоюшылық (целеполагания),жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать), бақылау және түзету (коррекция) енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысындабіріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды.Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Тақырыбы:Таңғажайып алаң
Сайыстың мақсаты:
Білімділігі: алған білімдерін оқушы санасына бекіту Өткен тақырыптар бойынша әртүрлі есептерді шығара білу, ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың білімін жүйелеу, жалпылау
Дамытушылығы: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру
Тәрбиелігі: Оқушыларды есеп шығаруда шыдамдылыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру Логикаға қызығушылықтарын туғызу.
Сайысқа қатысушылар:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста - деп «Таңғажайып алаңы » атты сайысымызды бастаймыз.

Әділ қазылар алқасын сайлап алу
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Сайыс ұраны:
2030 - дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін,
білім шыңына шығу парызымыз.

Өту жоспары:
1*Таныстыру
2*Логикалық есептер
3*Мақал - мәтелдер сайысы
4*Есепке кім жүйрік?
5*Кім көп біледі?
6*Ұшқыр ой
Ұлылардың нақыл сөздері
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)

2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М. В. Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р. Бэкон)
Математика жайлы әңгімелер

1. Оқушылар математика жайлы дайындаған әңгімелерін айтады
1. Үй тапсырмасы.
2. Логикалық есептер
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ӘРКІМ ӨЗІНЕ СӘЙКЕС НӨМІРДЕГІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРАДЫ


1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге (100 т)
2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (тең)
3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп сыз. Сонда қандай сан шықты?(21)
4. Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, …( 29)
5. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір - бірден). Мектепте дәл осындай 6. 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?

7. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.

Мақал - мәтелдер сайысы:
Ал, балалар, балалар
Мақал – мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік
1. Ер 1 рет өледі, Қорқақ 1000 рет өледі.
2. 7 рет өлшеп, 1 рет кес.
3. 1 кісі қазған құдықтан, 1000 кісі су ішеді.
4. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
5.
Есепке кім жүйрік? Сайысы

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Берілген есептерді барлығы орындайды

2. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? ( 3 210 – 1 023= 2 187)
Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55 - ке тең болса, А қаншаға тең? 10

1. 3 әр түрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды. Олар қандай сандар болғаны? (1+2+3=1х2х3=6 )
2. Студент кешкі сағат 10 - да ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні сағат 12 - де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап оятқанша ол неше сағат ұйықтайды? (2 сағат)
3. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)
4. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды? (Ит 20 жыл, түйе 30 жыл)
5. Дүкенде 16кг, 17кг, 40кг – дық қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай - ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма? (16кг+17кг+17кг= 50кг)
6. Бір - бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы
ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта. 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? (10)
7. Бір сан ойладық, сол санды 2 есе арттырып, шыққан нәтижені 3 – ке бөлгенде, 80 санын алдық. Ойланған санды тап (120)

“Кім көп біледі?” сайысы

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Әр оқушыға 8 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі

1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
2 - ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
Қандай сандар 5 - ке бөлінеді? ( 0 мен 5 - ке
аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім?
(Эратосфен)
6. 1/2 - ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)

1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2 - ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10 - ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын
сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0 - ге)
7. 3 ке кері сан? ( 1/3)

1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?
(диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9 - ға қарама қарсы сан (- 9)
5. - 99, 9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)
6. 0 - ден үлкен сандар ( оң сандар )
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
2. Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең? (о)
3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус)
4. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? ( | - 10| )
5. Екі санның қатынасы не деп аталады (пропорция)
6. 0 - ден кіші сандар (теріс сандар)
7. Ең үлкен уақыт өлшемі? (ғасыр

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

Тақырыбы: 9-мамыр - Ұлы жеңіс күні Сабақтың мақсаты:


Оқушыларға Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру патриоттық сезімге баулу
Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ерлік туралы нақыл сөзер,слайд шоу.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет