2-модуль. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері



бет1/4
Дата06.06.2023
өлшемі23,28 Kb.
#99098
  1   2   3   4

дәріс
2-модуль. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері.
5-дәріс.
Тақырыптың аталуы. Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама.
Дәріс жоспары:

  1. Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама.

  2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

  3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

  4. «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы

  5. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні.

1.Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама. Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.
Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы 50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады.
Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады.
Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.
Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.
Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу бұдан да баяу болады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген.
Баланың өсіп – жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ туралы мәліметтерді медбиеке өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, салмақтың қисық өсуін өте көрнекті етіп, сызып көрсетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет