2 орта мектеп 1-4 сыныптарға Үлгілік тәрбие жоспары



бет1/5
Дата08.02.2023
өлшемі28,44 Kb.
#66347
  1   2   3   4   5

Бекітемін Келісемін
№2 орта мектеп директоры директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
_________Енсепова Ж.Ж. _________Роман Н.К.
ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына
10 қосымша нысан
2 орта мектеп
1-4 сыныптарға ҮЛГІЛІК тәрбие жоспары


2021-2022 оқу жылы

Мұғалім Ж.У.Коскараева


Сыныбы 2 «Ж»
Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары
І. Мақсаты

Оқушылардың патриоттық және азаматтық сана, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыру, ұлттық тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту, девиантты мінез- құлықтардың алдын алу.


ІІ. Міндеттері:
1.Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының
тұлғасын қалыптастыру және дамыту.
2. Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
3. Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,қазақ халқының, Қазақстан
Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға
бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.
4.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.
5. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету.
ІІІ. Нәтиже
Тәрбиелік шаралар арқылы оқушылар өздерінің қоғамдағы орнын табуға талпыныс жасайды, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге жетеді. Халқымыздың салт- дәстүрі мен мәдениетін қастерлеп ұстауды үйренеді.Мектепте басқа да әлеуметтік ортада оқушылардың өзін әдепті ұстауға, жан- жақты дамытуға тырысу,өзгеріп жатқан өмірге икемделу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге саналы түрде бетбұрыс жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет