Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет,анаға-құрмет»



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі20,05 Kb.
#125368
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет,анаға-құрмет»
Сабақтың мақсаты: Қоғамда, ұрпақ тәрбиесінде ананың, әкенің ұлтты тәрбиелеуде әлемдегі болашақты жасаудағы жасампаздық ролін кең түрде насихаттау. Ана туралы, әке туралы аталы сөздерден ғибрат алуға баулу. Оқушыларды өз ата – анасын құрметтеп, ықласпен қарым – қатынас жасауға үйрету.

Армысыздар, аяулы ұстаздар, ардақты ата-аналар!


Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы.Ата-ана бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі,бастапқы дәнекері.Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп,шыншыл болуды,әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап,бақытты болуға жетелейді.Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек.Ата-анаға деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Барлық жақсы игі істердің бастауы,жақсылықтың жаршысы-ана.Анаға деген ыстық сезімді,ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Оны тек жүрегіңмен сезіне білуің керек.Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды.Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған да-АНА.
Әке-асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап-бағуға да,жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.Әке-ұрпақтың панасы,үйдің басшысы,қамқоршысы,әрі тәрбиешісі.Әкені сыйлау,оған үлкен құрметпен,ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Жабыққан,сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып,қолтығыңнан демеп,жұбатып,үлкен армандарға жетелейтін,нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да анаң мен әкең.Ата-ананың балаға деген мейірімінде,қамқорлығында,оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ.Әкең мен анаң саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту-өмірді сыйлады,сонымен қатар бақытты бал дәурен балалық,қайғы-қамсыз жастық шақ,алаңсыз оқып,білім алуыңа қолайлы жағдай жасап отыр.Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес,екеуі еңбекқор,өз істерінің шеберлері,елдің елеулі азаматтары.Сүйікті Отанға сіңірген ұзақ жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар.Ата-анаңның өткен өмір жолын,елге сіңірген еңбектерін танып біл,құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет