2 семестрлік жұмыс пән: Философия Тақырыбы: Ф. Энгельс адамның пайда болуы туралы Мамандық: 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер»



бет1/3
Дата26.11.2022
өлшемі41,24 Kb.
#52856
  1   2   3
Байланысты:
СРС 2 Сыздық Әмір


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пән: Философия
Тақырыбы: Ф.Энгельс адамның пайда болуы туралы
Мамандық: 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер»
Орындаған: Сыздық Ә.Р тобы: Иск-21–1
Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.

Алматы 2022 жыл


Жоспар
І. Алғашқы қауымдық құрылыс.
ІІ. Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан плюралистік теориялар.
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Алғашқы қауымдық құрылыс

Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық


құрылыс болып саналады. Дүние жүзіндегі барлық халықтар осы сатыны
бастарынан кешірді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы
күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Біріншісі - креационизм, екіншісі
эволюция теориясы. Креационизм (латын сөзі- create - жасау) бүкіл
әлемнің барлығын, соның ішінде адамды да аяқталған күйінде құдайдың
жаратуымен түсіндіреді. Құран, Библия сияқты қасиетті кітаптар осы
теорияны уағыздайды. Мысалы, қасиетті Құран-кәрім былай дейді: «Ол:
«Бол» деген күні бола кетті. Оның сөзі шын» (әнғам сүресі, 73-аят). «Көктер
мен жердің кілттері Оның иелігінде… жер бүтіндей Онын уысында» (зүмәр
сүресі, 63, 67 аяттар). Эволюция теориясы жалпы әлемнің жердің пайда
болуын Үлкен Жарылыс теориясымен түсіндіреді. Эволюционистердің
пайымдауы бойынша әлемдік кеңістікте осыдан 9–18 миллиард жыл бұрын
тығыз массалы, температурасы триллион градус болған әлемдік дүниедегі
материяның үлкен Жарылысы болған. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт
аралығында шашыраған атомдар мен молекулалар планеталар мен жерді қалыптастырды. Келе-келе дамудың барысында молекулалар бір-бірімен
қосылып, қарапайым өмірдің пайда болуына себепші болды. Миллион
жылдар өте олар күрделі өмірдің формаларын қалыптастырды. Бірақ,
жарылыс жасап, басқа күрделі зат немесе өмір пайда болады дегенге сену
киын. Осыған байланысты жер бетінде адамдардың пайда болуы туралы
мәліметтер де бір-біріне қарама-қайшы келеді. Көптеген тарихи әдебиеттерде
адамзаттың тарихы осыдан 2,6 миллион жыл бұрын бастағаны тілге тиек
етіледі.
Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының өзіне тән
ерекшеліктері бар. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалык негізін
барлық ру мүшелерінің өндірістің құрал-жабдыққа қоғамдық меншігі құрады. Өнім жинайтын егістіктер, балық, аң аулайтын жерлердің бәрі ру
мүшелерінің еркін пайдаланатын меншіктерінде болды. Сонымен қатар
өндіргіш күштердің әлсіз, дамымаған жағдайларына байланысты алғашқы
адамдар жеке адам болып өмір сүре алмады. Табиғи апаттар, жыртқыштарға
жем болу қауні олардың бастарын біріктіріп, тамақ тауып жеуге мәжбүр етті.
Коллективтік түрде өндірілген өнімдер бәріне ортақ болады және теорияда
бұл көрініс өзара реципроктлық деп аталынды Екінші ерекшелігі - редистрибуция - жиналған барлық өнімдердің ру, қоғам мүшелері арасында тепе-тең болып бөлінуі. Осылай коллективтік түрде өнімді пайдалану олардың ынтымақтастығын арттырып, бір-біріне деген қамқорлықтарын күшейтті Ешкімнің үстемдігі болмағандықтан қауымның мүшелері барлық иеленетін құрал-жабдықтарды теңдік дәрежесінде пайдаланған, «Бұл… коллективтік өндірістің алғашқы тұрпаты, әлбетте, өндіріс құрал -жабдықтарын қоғамдастырудың емес, жеке кісінің әлсіздігінін
нәтижесі болды.»
Алғашқы қауымдық құрылыс рулық-тайпалық қатынастарды топтастырумен катар бұл шеңбердің талаптарына сай келмейтін көзқараспен әрекеттерді әдепсіз, қауіпті деп жариялады. Бір сөзбен айтқанда қоғамдық
сана-сезімімен өмір сүріп күнелтті.
«Тайпа, - деп жазды Ф.Энгельс, - басқа тайпадан келген шет адам
жөнінде де, өзі жөнінде де адамның ең барып тұрған шегі болып қала берді:
тайпа, ру және олардың мекемелері қасиетгі және қол сұғуға болмайтын
нәрсе болды, табиғаттың өзі орнатқандай жоғарғы өкімет болды, әрбір адам
өз сезімдері, ақыл-ойы мен істейтін істер жағынан оған сөзсіз бағынышты
күйде қала берді. Сол заманның адамдары бізге қаншама айбарлы болып
көрінсе де, олардың бір-бірінен ешбір айырмасы жоқ еді, олар Маркс
айтқандай алғашқы қауым гұтастығынан кіндігі әлі ажыраспағанды.»
Мұндай пікірді соңғы кездерде дүние жүзі ғалымдарының зерттеулері де
растап отыр. Алғашқы адамдар орман-тоғайларда топ-топ болып өмір сүрген.
Алғашында олар өсімдіктердің жемістерімен және тамырларымен қоректенген, ал келе-келе аңшылык кәсібіл менгеруді үйренген. Соның
нәтижесінде алғашқы адамдардың еңбек құралдары да жетіле түскен, ал
соңынан садақты ойлап тапқан. Қауымды құрылыстың ең алғашқы ұясы -
ру болып саналады. Ру - дегеніміз қандас топтардан құралған және
қоғамдық мепшікті бір болып пайдаланылатын, әйел жағынан тұқым
жалғасатын коллектив (матриархат). Себебі «тайпа ішінде шектеусіз жыныс
қатынастары үстем болған алғашқы қалып болды, сондықтан әрбір әйел әрбір
еркектің еркінде болып, сондай-ақ әрбір еркек әрбір әйелдің еркінде болды.»
Мұндай жағдайда баланың шешесі белгілі де, әкесі белгісіз болып қала
береді. Ары қарай Ф.Энгельс «тұқымның таралуы шеше жағынан ғана
анықтала алады…» - деп атап көрсетті. Бірнеше қандас рулар тайпа құрады.
Ру басында қауым жиналысында сайланған көсемдер мен ақсақалдар билік
жүргізді. Егер олар ру мүшелерінің сенімдерін ақтамаған болса, жиналыста
румүшелері, қайта, кері шақыруға хақылары бар болады. Қауымдық биліктің
және қауымдық жалпы пікірдің ролі орасан зор беделге ие болған еді.
Қоғамда моральдық билік үстемдік етті. Себебі қауымды басқаруға
негізінде күшті, ақылы жетілген көсемдер сайланды. Мәні жағынан алып
қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстағы билік потестарлық (potestas -
билік, өкімет) болып қалыптасты. Бұл билік қоғамды бедел арқылы басқарумен қатар күш қолдану әрекеттерін де тиімді пайдаланып отырған,
(мысалы, рудан қуу, қажет болса жеп қою). Потестарлық биліктің
мемлекеттік биліктен айырмашылығы күш қолдану бүкіл ру атынан
жүргізіледі.
Табиғаттың эволюциялық дамуы барысында осыдан 10-15 мың жыл
бұрын жер бетінде климат күрт өзгерістерге ұшырайды адамның тамақ тауып
жеуін, өмір сүруін қиындықтарға ұшыратады. Соның нәтижесінде олар
миграция арқылы қолайлы аумақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды. Бұл
процесе жердің климаты, мегафаунасына байланысты адамдарды арнайы
шаруашылықпен айналысуға мәжбүрледі. Ендігі уақытта жерді өңдеу мен
қатар мал өсіру қалыптасты. Осылай адамзат тарихында еңбектің бөлінуі
басталды. Соның нәтижесінде өндірістік экономика қалыптасып, дами келе,
қосымша өнімнің пайда болуына себепші болды. Қолөнер, өңдеу мен мал
өсіруден бөлінеді. Осылай мамандандырылған адамдар тобы арасында
айырбас әрекеттері кең етек жая бастайды. Өндірістен пайда болған қосымша
өнім біртінден жеке отбасы мен көсемдердің қолында шоғырланады. Қауым
сайлаған ақсақалдар мен көсемдердің орнына енді жаңа, бұрын болмаған
байлар мен күштілердің билігі үстем болды.
Бұл кезде қоғамдағы әйелдің беделі төмендеп, ол тек ғана үй
шаруашылығында қызметші ғана ретінде рөл атқарады. Енді қауымның
бірігіп еңбек етуінің қажеттілігі жойылды. Осының нәтижесінде рулық
қауымдық қатынастар ыдырап, патриархалды семья пайда болды. Еңбектің
бөлінуі еркектің экономикалық жағдайының рөлін арттыра түсті, семьядағы
шаруашылық қызметінің беделі жоғарылады, жеке меншіктің иесі болды.
«Ал мұның өзі, - деп атап көрсетті Ф.Энгельс, - ежелгі ру құрылысында
жік салды: жеке семья руға қатер туғыза, қарсы тұратын күшке айналды.»
Бұрын соғыста қолға түскен жауынгерлерді өлтіріп тастап отырған болса,
енді оларды құлдыққа айналдырып, жұмысқа күштеп салып, олардың
қосымша өндірген азығын пайдалану қолайлы болды. Міне, осылай қоғам
құлдар және құл иеленуші таптарына бөлінді. Соның нәтижесінде әлеуметтік,
таптық қақтығыстар пайда болды.
Бұрын алғашқы қауымдық құрылысты басқаруға ғана бейімделген
ақсақалдармен көсемдердің және қауымның кеңесі енді тапқа бөлінген
қоғамды басқаруға ешқандай мүмкіндігі болмайды. Құлдарды бағындырып
жұмыс істету үшін басқа мекеме қажет болды. Ол мемлекет еді.
Осылай алғашқы қауымдық құрылыс даму барысында бір-біріне қарсы
болған таптарды қалыптастырып, олардың мүдделері таптык сипатқа ие
болды. Таптар пайда болған қоғамда мемлекет пайда болады. В.И.Ленин
таптардың анықтамасын былай деп түсіндіреді. «Таптар деп адамдардың
үлкен топтары, қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір системасында
олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп қалыптасқан қатығасына қарай, еңбекті қоғамдық
жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал олай болса, қоғамдық
байлықтан олардың алып отырған үлесінің мүшелеріне және ол үлесті алу
әдістеріне қарай айрылатын топтары аталады. Таптар дегеніміз адамдардың
мынандай топтары: қоғамдық шаруашылықтары белгілі бір укладына
олардың алатын орындарына айырмашылық болуының нәтижесінде олардың
бір тобы екіншісінің еңбегін иемденіп кете алады.»
Ф.Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген
еңбегінде мемлекеттің шығуының үш түріне тоқталып, талдау жасайды. Олар
Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттері.
Ертедегі Афинада мемлекет классикалық түрде таптық шиеленістің
өршуінен пайда болды. Ф.Энгельс былай деп атап көрсетті: «Афина нағыз
таза, неғұрлым классикалық форма болып табылады: мұнда мемлекет көбіне
рулық қоғамның өз ішінде өріс алған таптық қарама-қарсылықтардан тікелей
пайда болады.» Ертедегі Римде мемлекеттің пайда болуы Рим руларының
сыртында қалған плебейлердің Рим бай-шонжарларына-патрициларға қарсы
күресі мемлекеттің пайда болуын жеделдетті. Мемлекеттің пайда болуының
үшінші түрі ретінде Ф.Энгельс ертедегі Германдықтарды мысалға келтіреді.»…Рим империлсын жеңген герман жеңімпаздарында мемлекет
бөтен өлдердің кең-байтақ жерлерін жаулап алудың тікелей нәтижесі ретінде
пайда болды, рулық құрылыс бұл жерлерді билеп-төстеу үшін ешқандай
құрал бермейді.»
Сонымен қатар әр елдерде мемлекеттің пайда болуының басқка да
формалары бар. Мысалы, ежелгі орыс мемлекеті алғашқы қауымдық
құрылыс ыдыраған соң бірден ерте монархиялық феодалдық мемлекет болып
қалыптасты. Осыған орай, орыс мемлекетінің пайда болуы туралы Қазан
төңкерісіне дейінгі тарихи әдебиеттерде орыстар өз тараптарына мемлекет
құра алмағандығы дәлелденеді. Мысалы, Миллер және Байер сыяқты ірі
ғалымдар варягтар Рюрик бастаған топ Скандинавия жерінен Новгородқа
келіп, орыстарға мемлекет ұйымдастыруға көмектескенін дәлелдеді. Миллер
орыс мемлекетінің пайда болуын нормандықтардың славян тайпаларын
жаулап алумен тікелей байланыстырып қарады. Оның ойынша Русь деген
сөздің шығуы «россалина» терминімен байланысты. Бұл терминмен финдер
шведтерді атаған. Теорияда бұл идея норман теориясы деп аталып кетті.
Кезінде порман теориясын М.В.Ломоносов жоққа шығаруға тырысып,
біршама еңбектер жазды. Бірақ, ол нақтылы дәлелдер келтіре алмай,
норманизм теориясын жоққа шығара алмады.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылысқа қарағанда мынандай негізгі
нышандармен өзгешелігін көрсетеді:
1. Мемлекеттердің өзіне тән аумақтық (территориялық) бөліктерге
бөлінуі. Бұрынғы қандас байланыста болған ру мүшелері ендігі жағдайда тек
өздерінің аумақтық нышанмен белгіленетін болды және мемлекеттік билік
тек ғана сол аумақтық қоғам мүшелеріне ғана жүргізіледі.
2. Мемлекеттің екінші нышаны - жариялық өкіметтің құрылуы.
Ендігі жағдайда билік барлық қауым мүшелері атынан жүргізілмейтін болды.
Оның функциясын тек ғана арнайы құрылған, ерекше пұрсатты жағдайдағы
адамдардын топтары мен жасақтары іс жүзіне асырады және тек ғана
басқару, күштеу функцияларын атқарады. «Бұл жария өкімет әрбір мемлекетте бар. Ол тек қарулы адамдардан ғана емес, сонымен қатар заттық
шылаулардан, түрмелер мен әр түрлі еріксіз көндіруші мекемелерден де
құралып отыр, қоғамның рулық құрылымына бұлар белгісіз еді», - деп атап
көрсетті Ф.Энгельс.
3. Мемлекеттің үшінші нышаны - салықтар. Таптық қоғамда пайда
болған жариялық өкіметті қамтамасыз ету үшін халықтан салық жинап
отырады. Қанаушы қоғамда салық жинау өндіріске қатысы жоқ паразиттік
элементтерді сақтау үшін пайдаланады. «Салық дегеніміз, -деп жазды
К. Маркс.
бюрократияһың, армияның, поптардың және сарайдың -
қысқасы, атқарушы өкіметтің бүкіл аппаратының күнелту негізі».
4. Мемлекеттің ерекше белгілерінің аса бір көрінісі - құқық. Құқық
қоғамдағы қатынастарды реттейтін құрал ретінде тек мемлекетке ғана тән.
Оның шығуы, қалыптасуы, өркендеуі мемлекетпен тығыз байланысты.
Мемлекет таптар тартысының, қайшыласқан күресінің негізінде туған
саяси ұйым болғандықтан мемлекеттегі қатынастарды билеуші таптардың
ырығына қарай реттеуге, белгілі жолға қоюға мәжбүр болды. Осыған
байланысты билеуші таптардың заңға көтерілген еркі, қалауы ретінде құқық
туды. Қоғамдық катынастарды реттеуші құрал ретінде пайда болған күннен
бастап, қоғамдағы өндірістік қатынастарды, экономикалық құрылысты
қамтамасыз етеді.
5.Мемлекеттің қоғамдағы ұйымдардан тағы да бір ерекше
айырмашылығы бар -- оның егеменді болуы. Мемлекеттің егемендігі оның
ерекше қасиеті. Мемлекеттік егемендік мемлекеттік өкіметтің, биліктің ел
ішінде де, мемлекеттің сыртқы істерінде де жоғарылығын, мемлекеттің
өкіметтің тәуелсіздігін, өкіметтік биліктің бөлінбейтіндігін көрсетеді.
Мемлекет - таптық қоғамның ең үлкен саяси ұйымы. Ол - қоғам
өркендеуінің белгілі сатысының дамуында пайда болған қоғамда билік
жүргізу функциясын іске асыратын саяси ұйым.
Мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық,
қоғамда билік, жүргізетін, басқаруды іс жүзіне асыратын, арнайы
адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі.
Адамзат өркениетінің тарихында мемлекеттің жүздеген, мыңдаған
ұғымы бар. Солардың біразына көз жүгіртіп көрелік. Аристотельдің түсінігі
бойынша мемлекет - бірге өмір сүру үшін жасалынған қоғамдық одақ.
Немістің ұлы ойшылы, философы Георг Бильгелм Фридрих Гегельдің
ойынша «мемлекет бостандықты іс жүзіне асырушы… Адамның барлық
құндылығы, оның барлық рухани болмысы тек ғана мемлекеттің болуымен
байланысты. Мемлекет - жерде құдайдың салтанат құруы, құлықтылық
өмірдің растығы.»
Иммануил Кант: «Мемлекет деген көп адамдардың құқықтық заңдармен
бірігуі».
Гуго Гроций: «Мемлекет деген ерікті адамдардың құқықтарын қорғау
және жалиы пайда үшін құрылған жетілдірілген одағы».
В.И.Леншнің түсінігі бойынша «мемлекет - біреулерді екіншілерді
езгіге салуына арналған машина… Мемлекет дегеніміз жалпыға бірдей теңдіқ деп жүрген ескі соқыр сенімдердің бәрін біз лақтырып тастаймыз… қанау бар кезде теңдік болуы мүмкін емес».
И.В. Сталин: «Мемлекет үстем таптың қолындағы, өзінің таптық
жауларының қарсылығын басуға қолданылатын машинасы.»
Н.Макиаелли: «Билік екі жолмен жүреді: бірі заң арқылы, екіншісі күш
арқылы. Заң адамзатқа тән жол, күш хайуандарға тән».
Н.А.Бердяев: «Мемлекеттің міндеті жер үстінде жұмақ орнату емес,
оның міндеті - жер үстінің біржола тозаққа айналып кетуін болдырмау».
Раймжан Мәрсеков - Алаш Орданың ірі қайраткері: «Халық болған
соң, халықтың мекен қылып, жайлап жүретін жері, суы болады. Жері суы бар
болса, өзінің билігі, өз тізгіні өзінде болған, әмір иелері өзінде болған халық,
сол мемлекет болып табылады».
C.Б. Бөлекбаев - белгілі қазақ философы: «Мемлекет деген билік, саяси
билік, адамдардың үстіндегі билік, былайша айтқанда арнайы бағындыру
жүйесі, билік органдарының еркі шүбәсіз міндетті, мемлекеттің күшіне
сүйенеді».
H.Иманқұл - белгілі қазақ философы: «Мемлекет еркін
индивидттердің жариялық билігін құқықтық (яғни формалды теңдік
принципіне негізделген) ұйымдастыру».
E.С.Қуандық - белгілі саясаттанушы: «Мемлекет қоғамның саяси
жүйесінін басты элементі, саяси институтгардың маңызды бөлігі. Ол белгілі
бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың
арасындағы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп
бақылайтын қоғамдық механизм».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет