2 соөж орындаған: Тулеуова С. Топ: дбот 21-02 Тапсырма



бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі20 Kb.
#112010
  1   2   3

2 СОӨЖ
Орындаған: Тулеуова С.
Топ: ДБОТ 21-02

Тапсырма:



  1. Жазба әдебиетіндегі фольклорлық дәстүр: (жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлең, ертегі, жан-жануарлар мен жәндіктерге байланысты өлеңдер) талдау.

Өтірік өлең. Ұлттық фольклорымыздың ерекше түрі. Оның арғы төркіні – ежелгі замандардағы өмір туралы түсініктер, діни нанымдар, ғұрыптық ырымдар. Заман жылжып, қоғам дамыған сайын бұл ұғым-түсініктер қайта қаралып, жоққа шығарылған, күлкіге, әжуаға айналған. Бізге жеткен өтірік өлеңдер екі функция атқарған: бірі – әлеуметтік, екіншісі – эстетикалық. Бірақ өлеңде бұл мақсат айқын сезілмейді, сол себепті әр өтірік өлең комедиялы болып қана көрінеді. Ал, түптеп келгенде сол күлкінің астарында әлеуметтік жағдайды баяндау жатады. Өмірдегі шындықты дәл айта алмайтындықтан өтірік деген атаумен аллегория арқылы ащы шындық паш етіледі. Сонымен бірге өтірік өлең – таза сөз өнері ретінде де көрінеді. Өлеңдегі айтылатын жағдайдың өмірдегіге мүлде сәйкессіздігінен туындайтын күлкі – елді күлдіру үшін пайдаланылады, сөйтіп, адамдарды бір сәтке болса да тұрмыс болмысынан алыстатып, қиялындағы өмірге апарады, оны басқа бір күйге, ризашылық сезімге бөлейді. Өтірік өлеңнің поэтикасы түгелімен осы мақсатқа қызмет етеді. Мұндағы қиял – мақсатты, ол әдейі қолданылады, тіпті ғажайып сипатқа ие болады. Тыңдаушылар қиялдың шартты екенін біледі, сөйтіп өтірік өлеңде өмір көркем түрде бейнелендіктен ондағы ситуацияны түсініп, толық қабылдайды.
Дидактикалық фольклор. Фольклордың бұл түрі өзінің құрамы жағынан біркелкі емес. Мұнда оу-баста дидактикалық мақсат емес, танымдық, ғұрыптық қызмет атқарған жанрлар (жұмбақ, мақал, мәтел), 44 сондай-ақ тек ғибраттық роль атқарып дүниеге келген жанрлар (мысал, терме) және таза практикалық міндет арқалаған жанрлар бар (жаңылтпаш, шешендік сөз). Соған қарамастан бұлардың басын біріктіретін қасиет – дидактикалық сипаты. Бұл топқа енетін шығармаларда, негізінен, дайын ақыл, кеңес беріледі, сөйтіп белгілі бір оқиғаны баяндау, немесе құбылысты суреттеу аркылы күдік тудырмайтын қорытынды жасалады. Олардың әрқайсысының түкпірінде тағылымдық, тәлімдік ой жатады да, тыңдаушысына нақты іс-әрекетті, я болмаса бір жағдайда өзін қалай ұстауды, не істеуі керектігін нұсқайды. Бұлай болатын себебі – қорытынды да, ақылкеңес те жинақталған тәжірибеге негізделгендігі. Ғибратты ой мен ақылкеңес көбінесе есте сақтауға ыңғайлы, жаттауға жеңіл түрде айтылады, ал мұның өзі сол шығарманың да, ондағы ой-пікірдің де ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етеді. Дидактикалық мәндегі шығармалардың басым көпшілігі ұйқасқа құрылған әрі ырғақты болып келеді, тіпті проза түріндегілердің өздері де ұйқас тіркестермен аяқталады. Осындай ортақ белгілермен қатар дидактикалық жанрлар өзіндік сипаттарымен де ерекшеленеді. Жұмбақтар. Ең көне жанрлардың қатарына жатады. Ежелгі рулық қоғам адамдарының құдіретті деп таныған құпия тілінің, сөздерінің негізінде пайда болған. Магиялық қасиет танылған осындай астарлы сөздің көмегімен аңды, табиғатты "алдауға, көңілдендіруге" болады, сөйтіп аң аулағанда, ау құрғанда табыс келеді деп сенген. Ескі нанымдар бойынша адамдар маңайдағы аң-кұс, тау-тас, ағаш-орман адамша өмір сүріп, адам тілін түсінеді деп ойлаған, сол себепті олар жұмбақтап сөйлейтін болған. Осындай әдіс арқылы тылсымға толы табиғатпен күресіп, оны жеңуге болады деп иланған. Сөздердің орнын ауыстырып, немесе бір заттың атауын екінші нәрсеге көшіру арқылы шартты тіл жасаған. Қоғам дами келе бұл утилитарлық қызмет өзгереді, бірте-бірте жұмбақ танымдық, тәрбиелік, тіпті сейілдік мақсатта айтылатын болады. Бара-бара жұмбақ адамдардың тапқырлық пен білім сайысына айналады, сөйтіп өнер деңгейіне көтеріледі. Өмір ағымындағы өзгерістер жұмбақты балалар репертуарына енгізеді, оны фольклорлық ойынға айналдырады... Сонымен, жұмбақ дегеніміз – елге аян бір зат, немесе құбылыс туралы түсінік әдейі жасырылатын шағын ғана көркем шығарма.Оның тақырыбы әр алуан, өзіне тән бейнелеуіш құралдары мен стилистикалық құрылымы бар. Мақал мен мәтел. Шығу тегі жағынан бұл да – көне жанр және жұмбаққа жақын. Олардың стилистикалық құрылымы көп жағдайда бірдей болып келеді. Екеуінде де ұйқасты сөз бен тіркес – негізгі форма. Ал олардың айырмасы – мағынада, яғни жұмбақ затты, я болмаса құбылысты суреттейді, мақал – ой түйеді. Жұмбақта тұспал аталады, ал мақалда – түсіндіріледі. Ақиқатына келгенде, жұмбақ пен мақал бертінгі замандарда ажыраған. Мақал мен мәтел – бірін-бірі толықтырып тұратын жанр. Мақал – бейнелі сөз, онда өмірдің бір құбылысы туралы жинақталған тұжырым айтылады, яғни фактілер қорытылып, үлкен ой, нақыл, үлгі ұсынылады. Мәтел – осы топталған фактілерді нақтылайды, жеке құбылыстарды 45 сипаттайды. Мұнда тікелей нақыл айтылмайды, бір ғана оқиғаға, жағдайға байланысты пікір болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет