Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы



бет1/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

  1. Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы

Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Ясауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Ясауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзінөзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.
Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыстіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады.
2. Грек философиясындағы Сократ ілімі. Ирония мен Маевтика әдістері. Өзін-өзі тану
идеясы.
Сократ (469 -399 жж) • Сократ “өтірікпен шындықты жеңетін софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-ғұрыпты силаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең ақылды кемеліне келген дана ретінді сүреттейді. • Сократ жазба еңбектерді қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сондықтан, өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстырмалы қылғаны үшін жек көрген. • Сократ софистердің “Адам-өлшем деген тұжырымдарымен келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес, ол адам- тек ретінде алынғандағы адам. • Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселелер : олар - адам табиғаты, оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан-дүниесінде. Ал адамның жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның парасаты, адамгаршілікке негізделген жүрістұрысы мен іс-әрекеті. Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика. • Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны “Менің білетінім тек қана ештеңе білмейтінім , - деген ойға әкелу.Сократтың мақсаты – одан да әрі тереңдеу. Қандай мәселе талқыланбаса да әңгіме ақырында адам өмірінің мәнмағынасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп – не қойдым, менің ар-ұжданым таза ма т. с. с. деген сұрақтарға әкеледі. • Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан-дұниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды. • Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. • «Менің білетінім-менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді» . • Білімсіз адамды білімді ету-оны өлтіру деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет