№2 тақырып. ҚОҒамдық Өндірістің негіздері. Экономикалық ЖҮйелер. Дәріс жүргізуші: экономист Мақсат Халық



Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14800

№2 ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР.

Дәріс жүргізуші: экономист Мақсат Халық

э.ғ.м., аға оқытушы

Дәріс сұрақтары:

  • Адам және экономика. Өндіріс және өндіріс факторлары.
  • Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері.
  • Ұдайы өндіріс: фазалары, түрлері және үлгілері. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың: не? қалай?  Кім үшін? деген негізгі мәселелерді шешу.

Экономикалық ресурстар – ол тауар және қызмет өндірісінде пайдаланылатын барлық табиғи, адамдық және адаммен өндірілген ресурстар.

Экономикалық ресурстар – ол тауар және қызмет өндірісінде пайдаланылатын барлық табиғи, адамдық және адаммен өндірілген ресурстар.

Өндіріс – адамның рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі немесе қандайда бір өнімді өндіру үдерісі.

Өндіріс екіге бөлінеді

  • Материалдық өндіріс құрамында:
  • 1)     материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кәсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);
  • 2)     материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);

Өндіріс екіге бөлінеді

Материалдық емес өндіріс құрамында:

  • 1) материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);
  • 2) материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);

Өндірістік мүмкіндіктер қисығы


Тиімділік

Өндіріс нәтижесі

Кеткен шығындар

Өндірістің 4 факторы:

  • Жер
  • Еңбек
  • Капитал
  • Кәсіпкерлік қабілеттілік

Қайта өндіру - өндіріс процессінің үздіксіз жаңаруы.

  • Қайта өндірудің экстенсивті және интенсивті типтері бар.
  • Экстенсивті өндіріс - еңбек және материалдық ресурстардың сандық өсуі, көне технологиялар негізінде жұмыс жасайды.
  • Интенсивті өндіріс – жаңа технологиялар негізінде жүреді, санға емес сапаға жұмыс жасайды.

Жүйе дегеніміз – кем дегенде екі элементтен тұратын құрылым

  • Жүйе деп элемент пен бөліктер арасындағы байланыс жиынтық немесе комбинациялық тұрғыдан ұйымдасқан бір тұтасты атайды.
  • Экономикалық жүйе – қоғамдағы ұйымдастырылған формасына және заттық қатынастар негізінде жасалған, экономикалық процесстердің жиынтығы.

Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.

  • Ашық экономика – ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.
  • Жабық экономика – ол сыртқы әлеммен экономикалық байланыс төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.

Мемлекеттер өз дамуында 3 кезеңнен өтеді


Индустрияға дейінгі кезең

Көптеген Африка елдері

Пәкістан

Тәжікстан

Ауғанстан

Индустриялдық кезең

Қытай

Малазия


Туркия

Ресей


Индустриядан кейінгі кезең

АҚШ


Жапония

Батыс Еуропа

Оңт. Корея

Дайын өнімнің 7 сатысы


Шикізат

Алғашқы өңдеу

Жартылай фабрикат

Қосымша құрал-жабдықтар

Бөлшектер

Дайын өнім



Дайын өнім инновациясы

Назарларыңызға рахмет!


Instagram: @maxathalyq

Facebook.com: Халықтың Мақсаты

Instagram: @iskerlik.tazhiribe

Facebook.com: Іскерлік тәжірибе

VK.com: iskerlik.tazhiribe

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет