2 зертханалық жұмыс Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі Жұмыстың мақсаты



Дата14.09.2023
өлшемі15,82 Kb.
#107726

2 - зертханалық жұмыс
Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі


Жұмыстың мақсаты: берілген есептегі I және II топ катиондарын тізбек бойынша бөлу және ашу (анықтау). Катиондар қоспасының талдау есебін лабораториялық журналда орындау (төмендегі 1-ші қосымшаны қараңыз).
Алдын-ала бақылау. Индикатор қағазының тілімшесіне зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын тамызыңыз. Қағаздың қызаруы ортаның қышқылдылығын және ерітіндіде аммоний ионы бар болу мүмкіндігін көрсетеді, ал қағаздың көгеруі – ортаның сілтілігін байқатып және сілтінің бар екендігін немесе әлсіз қышқыл арқылы түзілген калий мен натрий тұздарын көрсетуі мүмкін.


I және II топ катиондар қоспасын талдау тізбегі



Ag+, Hg22+, Pb2+, K+, Na+, NH4+
+ HCl (2М)

Т1. AgCl, Hg2Cl2, PbCl2
+ H2O, t0

Е1. K+, Na+, NH4+ (SO42-, Cl-)
Бөлшектеп анықтау (ашу)

Т2. AgCl, Hg2Cl2


+NH4OH (6М)



Е2. Pb2+


+K2Cr2O7
+КJ

1. Na+ ашылуы
+ Zn(UO2)3(CH3COO)8
2. NH4+ ашылуы
+ K2[HgI4]
(Егер NH4+ анықталса, оны тиглде қыздыру арқылы жояды. Құрғақ тұнбаны суда ерітеді)
3. K+ ашылуы
+ Na3[Co(NO2)6]

Т3. Hg,
HgNH2Cl

Е3.
[Ag(NH3)2]+






Өзіндік бақылау сұрактары
1. Неліктен калий катионы күшті қышқыл және негіз ортада анықталуы мүмкін емес?
2. Неге калий ионын анықтау үшін алдымен аммоний катионын жою керек?
3. Ерітіндіден NH4+ ионын жою түрлерін атаңыз.
4. AgCl, PbCl2, Hg2Cl2 қоспасын аммиак ерітіндісімен өңдегенде қандай құбылыстар байқалады?
5. AgCl, AgBr, AgI тұздарының қоспасын аммиак ерітіндісімен өңдегенде не байқалады?
6. Күміс ионын сынаптың (I) ионынан қалай бөліп алуға болады? Күміс ионының ашылуында азот қышқылы қандай рөл атқарады?
7. AgCl және PbCl2 тұнбаларын бөлу жолдарын ұсыныңыз.
8. PbSO4 тұнбасын қандай реактивтермен ерітіндіге ауыстыруға болады.
9. Егерде үлгіде а) калий тұзы, б) натрий тұзы бар болған жағдайда жалынның түсі қалай өзгереді?
10. Катиондардың талдау тізбегін құрастырыңыз:
а) Ag+, Pb2+, K+, NH4+.
б) Hg22+, Pb2+, Na+, NH4+.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет